Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет84/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

22-тарау. ІШКІ БАҚЫЛАУ 
201-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі 
бақылау 
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау 
еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек 
жағдайларының жай-күйін байқауды ұйымдастыруды, өндірістік 
бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді 
бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
талаптарға келмейтін анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде 
шаралар қабылдауды қамтиды. 


138 
2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және 
анықталатын бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл шаралар 
қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
ішкі бақылауды жүзеге асырады. 
202-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі 
бақылауды жүзеге асыру тетігі 
1. Жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті 
жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау 
талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында 
жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол 
уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау қызметін құрады. 
2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі 
туралы үлгілік ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган 
әзірлейді. 
3. Жұмыскерлерінің саны елуге дейінгі жұмыс беруші қызмет 
ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігін және 
еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға 
жүктейді. 
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы 
баптың 3-тармағында көрсетілген маман: 
1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз 
кіруге және қарап-тексеруге; 
2) қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымның 
құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік 
аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың 
әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; 
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне 
анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын 
бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану туралы орындалуы 
міндетті нұсқаулар беруге құқылы. 
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы 
баптың 3-тармағында көрсетілген маман: 
1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік 
аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізуге және олардың 
алдын алу іс-шараларын әзірлеуге және оларды тұрақты сақтау үшін 
ұйымның электрондық дерекқорына енгізуге; 
2) ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау мәселелері бойынша оқытуды, олардың білімдерін тексеруді 
ұйымдастыруға; 


139 
3) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 
6. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және 
еңбекті қорғауды ұйымдастыру жеке немесе заң тұлғалармен шарттық 
негізде жүзеге асырылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет