Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет83/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

198-бап. 
Мемлекеттік 
бақылауды 
жүзеге 
асыратын 
мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне 
(әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі 
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын 
мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған кезде жұмыс берушінің 
құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші 
мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) 
жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға 
құқылы. 


137 
2. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек 
инспекторы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, 
астананың мемлекеттік еңбек инспекторы әрекеттерге (әрекетсіздікке) 
немесе актілерге жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері 
(шағымдары) бойынша шешім шығарылғанға дейін төмен тұрған 
мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің орындалуын тоқтата тұруға, 
олардың күшін жоюға не кері қайтарып алуға құқылы. 
199-бап. Ведомстволық есепке алу 
Еңбек 
жөніндегі 
мемлекеттік 
инспекция 
тексерілетін 
субъектілерді (объектілерді) тексерулер санын және бару арқылы 
жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын, тексеру 
парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қатысты 
қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке 
алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге міндетті. 
Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері ай сайын орталық 
және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында 
орналастырылады. 
200-бап. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау 
Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек инспекциясы 
жөніндегі 
жергілікті 
орган 
жұмыс 
берушілердің 
өңірлік 
бірлестіктерімен және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерімен бірлесіп 
жүзеге асырады. 
Жұмыс 
берушілер 
қызметі 
өлшемдерінің 
Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі 
олардың декларациялауға қатысу шарты болып табылады. 
Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының 
талаптарына сәйкес деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге 
сенім сертификаты беріледі, ол осы Кодексте белгіленген ішінара 
тексерулерді және бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін 
бақылаудың өзге де нысандарын қалыптастыру кезінде ескеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет