135
1) мемлекеттік еңбек инспекторының баратын бақылау
субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін
қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі
талаптарды сақтай отырып, барудың міндеттері мен нысанасына сәйкес
қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не
олардың көшірмелерін бару нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін
беруге;
3) бару нәтижелері туралы актінің
екінші данасына алғаны
туралы белгі соғуға;
4) объектіге бару үшін келген адамдардың осы объект үшін
белгіленген нормативтерге сәйкес әсер етудің зиянды және (немесе)
қауіпті өндірістік факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
міндетті.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторының кіруіне кедергі келтірілген
жағдайда, баруды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторы
және бақылау субъектісінің уәкілетті адамы қол қоятын хаттама
жасалады.
5. Бару ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларында белгіленген
бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
6. Бақылау субъектісіне бару мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға
тиіс.
7. Мемлекеттік еңбек инспекторы
бақылау субъектісіне бару
нәтижелері бойынша бару нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды
жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, бару нәтижелері туралы
екі данада акт жасайды.
Бару нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау органының атауы;
3) баруды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының тегі,
аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе);
4) баратын бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің
аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), барған
кезде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) бару күні, орны және кезеңі;
6) бару нәтижелері туралы,
оның ішінде анықталған
бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
7) баратын бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ бару кезінде
қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы
туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары
немесе қол қоюдан бас
тартуы;
8) баруды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының
қолтаңбасы көрсетіледі.
136
8. Бару нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе)
қарсылықтар болған жағдайда, жеке тұлға немесе заңды тұлғаның
басшысы не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде береді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар бару нәтижелері туралы
актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
9. Бару нәтижелері туралы актінің бір данасы жеке тұлғаға
немесе заңды тұлғаның басшысына не олардың өкілдеріне танысу және
анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде
шаралар қолдану және
басқа да әрекеттер жасау үшін тапсырылады.
10. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын
бұзушылықтарды жою мақсатында бақылау субъектісінің атына
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан нұсқама
шығарылады.
11.
Бақылау
субъектісі
бару
нәтижесінде
анықталған
бұзушылықтар бойынша нұсқаманы алған кезден бастап он жұмыс
күнінен
кешіктірмей, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде
қолданылған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
12. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерілетін субъектілерге
бару мен тексеруді есепке алу кітабында (ол болған кезде) тектерін,
лауазымдарын және актіде жазылған деректерді көрсете отырып,
жүргізілетін әрекеттер туралы жазба жасауға міндетті.
13. Бару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарды
бұзушылықтар болмаған жағдайда, бару
нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады, нұсқама берілмейді.
14. Бақылау субъектісіне бару кезінде жұмыс берушіні алдын ала
хабардар ету және құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.
15. Бақылау субъектісіне бару еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп
бекітетін өлшемшарттар және жүргізілетін талдау мен бағалау
нәтижелері бойынша бір тоқсанға (жарты жылға, бір жылға) жасалатын
бақылау субъектісіне бару тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: