Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет17/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

7.ӨНДІРІСТІК 
ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА, ОНЫ ТАЛДАУ. 
ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУ 
 
7.1 Жалпы мәліметтер 
Өндірістегі жазатайым оқиға термині астарында жұмыскерлерге 
қауіпті өндірістік факторлардің әсер етуне байланысты жағдайлар деп 
түсінеді (МЕСТ 12.0.002-80 ЕҚСЖ "Негізгі ережелер, терминдер мен 
анықтамалар"). 
Өндірістік жарақаттану – өндіріс жағдайында немесе қызметтік 
міндеттерін орындау кезінде орын алған жазатайым оқиғалар 
жиынтығы. 
Өндірістік жарақат ( грек тілінен аударғанда trauma – жарақат, 
бұзылу) – қызметкердің еңбек міндетін атқару кезінде кенеттен қауіпті 
өндірістік факторлардың әсерінен ағзасына зақым келіп немесе 
ағзасының дұрыс жұмыс істемеуіне алып келуі.


33 
Өндірістік жарақаттарды зақымдану сипатына қарай төмендегідей 
жіктеуге болады: 
– механикалық (жаралану, кесіп алу, сынықтар, тіндердің 
ажырауы және т. б.) 
– термиялық (күн өту, күйік, үсу, т. б.) 
– химиялық (химиялық күйіктер, жіті уланулар, т.б, 
– электрлік (электрлік күйіктер, электрлік соққылар, терінің 
электрометаллизациялану және т. б.) 
– сәулелік (тіндердің зақымдануы, қан айналым жүйесінің 
қызметін бұзылуы және т. б.). 
Кәсіптік аурулар қызметкердің өз еңбек міндетін орындауы 
кезінде оның ағзасына зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен 
туындайды.
Кәсіптік аурулар қызметкердің еңбек ету кезінде зиянды 
өндірістік факторлардың оның ағзасына бірте бірте әсер етуі салдарынан 
ұзақ уақыт ішінде денсаулығының бұзылуына әкеледі (пневмоколлиозы, 
суық тию аурулары, ревматизм, миопия және т. б.). 
Кәсіби уланулар өндірістік процестер кезінде бөлінетін улы 
заттардың адам ағзасына әсер ету салдарынан туындайды. Улы 
заттардың концентрациясына және агрессивтілігіне байланысты кәсіптік 
уланулар тез у әрекетімен бір мезгілде туындауы мүмкін немесе 
біртіндеп у адам ағзасында физиологиялық өзгерістертерді тудырып 
барып әсер етуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет