Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


Білім берудегі метапәндік нәтижелер



Pdf көрінісі
бет4/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:


 
Білім берудегі метапәндік нәтижелер 

оқушылардың бір, бірнеше 
немесе барлық оқу пәні аясында игерген нәтижелері, тек білім беру үдерісінде 
ғана емес, сонымен қатар өмірлік жағдайларда түрлі мәселелерді шешуде 
қолдануға болатын іс-әрекет тәсілдері. 
«Проблема» метапәні 

мазмұны ойлау қабілетінің дамуын және 
оқушының тұлғасын (субъектілігін) дамытуды қамтамасыз етеді, себебі адам 
проблемалық жағдайға түскенде, аталған жағдайды тек ойша ғана талдап 
қоймайды, сонымен бірге міндетті түрде проблеманы туындататын мәселе 
бойынша өзіндің көзқарасын қалыптастырады. 
Ой әрекет 

бұл мақсатты түпкі ойды құруға, қойылған мақсаттарға 
сәйкес ситуацияда даму тәсілдерін ұйымдастыруға, жұмыс тәсілдерінің 
тиімділігін әрі қарай талдауға негізделген рухани белсенділіктің түрі. 
Ойлау 

 обьективті шындықты белсенді бейнелеу барысыбілімнің ұғым, 
пікір, ой-тұжырым және т.б түрінде құралуы, қозғалуы, дамуы.
Абстрактілі ойлау – ұсақ бөлшектерден дерексіздендіруге және жағдайға 
біртұтас қарауға мүмкіндік беретін ойлаудың бір типі.



 «Білім» метапәні 

 оқушыларды біліммен жұмыс істеу мәдениетін енгізу 
арқылы олардың теориялық ойлауын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың 
бір формасы. 
«Белгі» метапәні 

ақпаратты сызбалау және есептеу, кодтау және 
декодтау, шифрлау және шифрын ашу, белгілер мен символдарды қолдану 
және оларды түсіну, модельді модельдеу және қайта түрлендіру біліктерін 
қалыптастыру. 
Схематология 

бұл білімді көрсетудің визуалды формаларын 
оңтайландыру әдістерін, көру арқылы қабылдау тәсілін өзгерту және көру 
анализаторы жұмысының баяу сукцессивті режимінен жылдам симультандық 
режимге өту есебінен ғалымдардың, мамандар мен оқушылардың ақыл-ой 
еңбегінің өнімділігін арттыру мақсатында, күрделі ғылыми және оқу мәтіндерін 
графикалық мәтіндерге қайта құру әдістерін зерттейтін жаңа ғылыми бағыт.
Сызбалау 

мәтіндік материалдың маңызды бөлшектерін алып тастау, 
оның көрнекілігін және қолжетімділігін арттыру есебінен күрделі мәтіндерді 
зерттеу бойынша жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік беретін арнайы 
құрастырылған схематологиялық және когнитивті-эргономикалық әдістер 
негізінде мәтіндік материалдың аса маңызды элементтерін анықтау және 
оларды графикалық сызба формасына қайта құру үдерісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет