Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


Схематолог   мәтіндік материалдарды сызбалауды жүзеге асыратын  маман.  Сызба курсы



Pdf көрінісі
бет5/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:


Схематолог 

мәтіндік материалдарды сызбалауды жүзеге асыратын 
маман. 
Сызба курсы 

мәтіндік материалдардың негізгі мазмұнын дәл және 
көрнекі түрде көрсететін мәтіндік материалдарды сызбалау нәтижесінде 
алынған графикалық сызбалардың альбомы болып табылатын жаңа типтегі оқу 
құралы. 
«Тапсырма» метапәні 

оқытуда оқушылардың жағдайларды түсіну және 
сызбалау қабілеттері, тапсырманың объектісін модельдеу, шешу тәсілдерін 
құрастыру, мақсатқа жетудің әрекеттік процедураларын құру қабілеттері 
қалыптасады. 
Педагогикадағы 
модельдеу 
– 
педагогикалық 
материалдардың, 
құбылыстардың, 
үдерістердің 
көшірмесін 
құрастыру, 
зерттелетін 
педагогикалық жүйелерді схемалық бейнелеу. 
Қабылдау 

заттар мен құбылыстардың миымызда «тұтастықта» 
бейнеленуі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
ҚР МЖМБС 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандарты 
ЖОО 

жоғары оқу орны 
БОПӘ 

бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 
ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының Заңы 
Бақ.с.1 

Бақылау сыныбы бір 
Бақ.с.2 

Бақылау сыныбы екі 
Тәж.с.1 

Тәжірибелік сынып бір 
Тәж.с.2 

Тәжірибелік сынып екі 
ҚЖ 

қысқа жауап 
ТЖ 

толық жауап 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің көкейкестілігі. Білім берудің жаңа парадигмасы оқушыларда 
әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруда пәндік білім, білік және дағдыларды 
жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгертуді және білім алушының әмбебап оқу 
әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыра алу, білімі мен біліктерін ортаның жиі 
өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалану, өзін-өзі басқара алу, өзіндік 
білім алу қабілеттерінің болуын талап етуде.
Осыған байланысты білім беру мазмұны мен үдерісін реформалау 
мемлекеттің ұлттық саясатының құнды басымдықтары қатарынан табылады. 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстандық білім мен 
ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзатық 
құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту, педагогикалық білім 
беруді жаңғырту, білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және 
физикалық дамуын қамтамасыз ету» мәселелері басты мақсат-міндеттер 
қатарына қойылған [1].
«Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» 
бастауыш білім берудің мазмұны оқыту нәтижелеріне бағдарланатындығы және 
заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болу, сын тұрғысынан, 
шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттігі, оқу пәндері 
мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы, оқытудың, тәрбие 
мен дамытудың біртұтастығын қаматамасыз ету аспектілерін ескере отырып 
айқындалатыны көрсетілген [2].
Ал бұл теориялық ойлауы жетілген, ақпаратты қайта өңдеу дағдылары 
қалыптасқан, сыни және шығармашыл ойлайтын, реттеушілік біліктерін 
игерген оқыту үдерісінің субъектісін қалыптастыру қажеттілігін арттырады.
Осыған байланысты бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда 
оқыту барысында оқушыларда метапәндік нәтижелер қалыптастырудың 
өзектілігі артады. Себебі білім беруге метапәндік тұрғыдан келу әртүрлі оқу 
пәндерінің бір-бірінен алшақтығы, бытыраңқылығы, бөлінуі мәселесін шешуді 
көздейді. Осыған орай субъект үшін өзекті жекеленген білімді саралау, өңдеу 
және қолдану және жекелеген пәндер аясында дағдыларды қалыптастыру емес, 
ақпаратты алудың, оқыту тәсілдерінің пәндік салалары үшін жалпыға ортақ 
интеграциялық оқыту алдыңғы қатарға шығады. Демек мұндай күрделі 
мәселені шешуде жаңа әлеуметтік сұраныстарға сай білім берудің түйінді 
құзыреттілігін қамтамасыз ететін оқу мақсаттарын білім алушылардың жалпы 
мәдени, тұлғалық және танымдық дамуы ретінде анықтау қажеттігі туындайды. 
Қазіргі әлемнің еңбек нарығында табысқа үміткер қызметкерлерден, ең 
алдымен, дағдылар мен біліктердің нақты жиынтығын меңгеру ғана емес, 
сонымен бірге тікелей метабіліктерді меңгеру талап етіледі. Олардың 
арасындағы маңыздысы – ұйымдастырушылық ортаның жиі өзгеретін 
жағдайларына тез бейімделу және тиімді өзіндік білім алу қабілеті. 



Метапәндік тұрғыда оқытуда берілетін білім бастауыш сынып 
оқушыларының дүниені эмоциялық-тұтас қабылдауын мүмкін етеді. Осы 
арқылы оқушылардың дүниетанымындағы бөлшектенушілікке, есте сақтау 
қабілетіне шамадан тыс жүк түсіруге, шығармашылық ой-өрісін тарылтуға жол 
берілмейді.
Алайда, қазіргі уақытта бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда 
оқытуды жалпы білім беретін мектептердің оқыту үдерісіне толығымен ендіру, 
көшіре салу мүмкін емес. Өйткені оларды жүзеге асырудың әдіснамалық-
ұйымдастырушылық негіздері жасала қойған жоқ, ол біріншіден. Екіншіден, 
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуды жүзеге асырудағы 
қиындықтар себептерінің анықталмауы және оны ендіру тетіктерінің 
жасалмауы да бұл мәселенің теориялық-практикалық тұрғыдан зерттеле түсуін 
қажет етеді. Сондықтан бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда 
оқытудың теориялық-практикалық шешімдерін табу көкейкесті проблемаға 
айналып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет