104
Метапәндік тәсілдеме жайында білімдерін 1-ден 10 баллдық шкаламен
бағалау тұрғысынан қойылған сұраққа студенттердің 95%-ы 7-9 балл
аралығында бағалағандығын көреміз. Метапәндік, пәнаралық байланыс,
интеграция ұғымдарының бір-бірімен не себепті байланысты деген сұраққа
жауап беру қиындық келтірмегендігін байқадық. Ал 7 және 8-сұрақтарға
мүлдем жауап бере алмаған студенттердің
болмағандығы қуантарлық
көрсеткіш.
Бұл семинардан басқа, қосымша, 2019-2020 оқу жылында Алматы қаласы
Білім басқармасының «№76 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сыныпта сабақ беретін 30 мұғалімге арнап
«
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту» атты
бағдарламасы жасалып,
ғылыми-әдістемелік семинар жүргізілді.
Еңбек сыйымдылығы
30 сағатты құрайтын бағдарлама мұғалімдердің
игеруі жүйелі түрде жүргізілетін тоғыз өзара сабақтас тақырыпты қамтиды.
Ғылыми-әдістемелік семинар бойынша жұмыстың негізгі түрлері, атап
айтсақ, дәріс, әдебиет көздерімен жұмыс істеу, мектеп бағдарламаларын,
жаңартылған білім мазмұнына талдаулар жасау, сабақтар жобалау, жағдаяттар
шешу және жұмыстардың өзге де түрлері қолданылды.
Мектеп мұғалімдеріне
метапәндік білім берудің әдістемелік логикасы
таныстырылып, білім, таңба, проблема, міндет, мәні-мағына, жағдаят,
идеалдандыру, сызба жасау т.б. сияқты маңызды ұғымдар мен олардың
мазмұндары түсіндірілді. Осылардың әрқайсысының оқушыларға метапәндік
білім берудегі қызметі, маңызы және оны меңгертудің тиімді жолы дәріс және
практикалық сабақ түрінде баяндалды.
Метапәндік білім беру барысында оқушылардың ойлау қабілетін
дамытуға, коммуникативтік
қабілетін дамытуға, түрлі оқу әрекеттерін
бірізділікпен және сабақтастықпен орындай алуға, түсінуге, рефлексивтік
дағдыларын қалыптастыруға арнайы назар аударылатыны мұғалімдер үшін өте
қызықты болды.
Семинар барысында мектеп мұғалімдері
өздерінің белгілі бір
қиындықтарға кезігіп отыратыны туралы ашық ойларын айтып, метапәндік
тұрғыдан оқытудың игілікті қырларын танығанын, осы жолмен оқушының
ойлау әдістері мен деңгейін жаңа деңгейге көтеру мүмкіндіктері зор екенін
атап көрсетті.
Студенттер мен мектепте еңбек етіп жүрген мұғалімдердің барлығы дерлік
қазіргі тәжірибеміздегі бөлшек-бөлшек оқытылып жүрген пәндердің оқушының
тұтас ой-санасын, біртұтас дүниетану қабілетін қалыптастыруға, дамытуға
әлеуеті жеткіліксіз екенін семинарды меңгерген соң түсінгенін айтып, ойларын
ортаға салды. Күткен нәтиже де осы болатын, яғни білім берудегі метапәндік
нәтижелер дегеніміз – теориялық ойлаудың
қалыптасуы және әмбебап жан-
жақты оқу әрекеттерінің қалыптасуы. Метапәндік білім алу нәтижесінде жан-
жақты қырдан танылған білім нысанын оқушы өзін қоршаған әлем туралы
білімнің жүйесінің бір бөлігі, осылайша үлкен жүйені де тану жолы табылады
деп қабылдауы тиіс.
105
Мұғалімдердің жете түсінуге ұмтылған бір қыры ретінде
«метапәндік
білім берудің мақсаты – оқушыларды ойлаудың түрлі тәсілдеріне,
коммуникацияның түрлеріне, оқу әрекетінің түрлеріне дағдыландыру» деген
тезис болды. Осы мәселе төңірегінде пікір алмасуда мұғалімдердің ойлаудың
түрлері мен оларды қалыптастыру және дамыту жолдарын әлі де терең білуге
ұмтылысы байқалды. Өйткені метапәндік білім беру үдерісінде
оқушы өзінің
танымдық қабілеттерінің ашылып, жетілдіріліп жатқанын түсінетіні анық.
Сөйтіп мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастары оқу-зерттеушілік
жолында жақындай түседі. Оқушылардың алған білім ақпараттарының кең
арнада қабылдануы, өз бетімен жаңа ақпараттың жаңа қырларын іздеп табуы,
оқу тапсырмасының жаңа форматта орындатылу – барлығы, түптеп келгенде,
«пәнділіктің» жаңа типін танытатыны анық. Осындай жаңалықтарды мектеп
мұғалімдері мен студенттердің
қызығушылықпен қабылдауы, өз бетімен әрі
қарай іздене түсуге серпін беруі – семинар жүргізуіміздің көздеген мақсаты.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың
педагогикалық шарттары туралы қарастыра келе, метабілім, метатәсіл,
метадағдылар бойынша бастауыш мектепте ғана емес,
жоғары сыныптарға да
арналған
әдістеме
керектігін
анықтадық.
Өйткені
бастауышта
қалыптастырылған сапалы білім алу дағдылары келесі білім алу сатыларында
жалғасын тауып отыруы міндетті болуы тиіс деп санаймыз.