Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет49/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70
Байланысты:


метапәндік тұрғыда оқыту» атты бірінші тақырыбы бойынша «мета», 
«метапән», «метапәндік тәсілдеме» ұғымына анықтама берілді. Метапәндік 
тәсілдеменің мақсаты, міндеттері, мазмұны және құрылымына сипаттамалар 
жасалды. Бұл курсымыздың алғашқы сабағы болғандықтан, «метапәнділік», 
«пәнаралық байланыс» ұғымдары арасында айырмашылықты айқындау 
мақсатында дәріс-диалог формасы негізінде сабағымыз әрі қарай өрбіді. 
Практикалық сабағымыз «Метапәндік оқыту» ұғымы аясында отандық, алыс 


102 
және жақын шетелдік зерттеулер бойынша постерлер құрастырумен жалғасты. 
Мақсат: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне бастауыш білім беру 
пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту жайында түсінік беру, білімдерін 
қалыптастыру. 
Бағдарламада көрсетілген екінші тақырып «Бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқыту мәселесінің зерттелу жайы» деп аталды. «Мета», 
«метапән», «метапәндік тұрғыда оқыту» мәселесін зерттеген ғалымдардың, 
яғни А.Г. Асмолов, Ю.В. Громыко, Н.В. Громыко, А.В. Хуторский, Е.Я. 
Аршанский, О.В. Петунин, В.Р. Имакаева, Л.В. Квитова, К.Ю. Колесина, М.Р. 
Леонтьеваның еңбектерімен таныстырылды. Метапәндік тәсілдемені жүзеге 
асыру кезінде тиімді технологияларға, әдістер мен тәсілдеріне талдаулар 
жасалды. Жаңа үлгідегі оқу пәні – «Білім», «Белгі», «Мәселе», «Міндет» атты 
метапәндерге шолу жұмысын жүргізді. Практикалық сабақта «Бастауыш білім 
беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту мәселесінің зерттелу жайы» 
мәселесінің хронологиялық кестесі түзілді. 
Бағдарламаның үшінші тақырыбы «Бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері» 
деп аталады. Бұл тақырып аясында студенттерге бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыдан оқытпастан бұрын, бастауыш сынып оқушысы метапәндік 
тұрғыда ұйымдастырылған оқыту үдерісінің соңында қандай тұлғалық 
сапаларға, метапәндік нәтижелерге ие болады деген сұраққа жауап іздестіру 
керек деген тапсырмалар берілді. Сонымен бірге осыларды қалыптастырудың 
психологиялық-педагогикалық әлеуетін анықтау жұмыстары ұйымдастырылды. 
Курстың төртінші тақырыбы «Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқыту негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру 
жолдары» деп аталады. Оқушылардың дүниетанымдық идеяларын, танымдық 
және шығармашылық белсенділігін дамытуда дүниенің біртұтас ғылыми 
бейнесін қалыптастырудың алатын орны ерекше. Бұл мәселені шешу үшін 
тұлғаны табиғи үйлесімділікте дамыту және оның өздігінен тұтастықта 
дамуының тиімді әдістемелік жолдары практикалық сабақта іздестірілді. 
Курсымыздың бесінші тақырыбы «Метапәндердің жіктемесі» деп 
аталады. Әр метапәннің негізгі міндеті анықталды. Оқыту үдерісінде қолдану 
жолдары талқыланды.
Курсымыздың алтыншы тақырыбы – «Бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі». Студенттерге метапәндік сабақтарды 
ұйымдастыру 
ерекшеліктері, 
метапәндік 
сабақ 
құрылымы, 
білім 
бағдарламаларын игеру кезінде игеруі тиіс метапәндік нәтижелер үлгілері 
таныстырылды. Практикалық сабақта Google браузеріндегі, «You Tube» 
каналында жарияланған ресей және алыс шет ел мұғалімдерінің метапәндік 
сабақтарына талдаулар жасалды.
Курсымыздың жетінші тақырыбы «Метапәндік сабақ – метапәндік 
нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолы» деп аталады. Тақырып аясында 
студенттер метапәндік сабақтың құрылымымен, оның дәстүрлі сабақтан 
ерекшелігімен танысты. Практикалық сабақта студенттер дәстүрлі сабақ және 


103 
метапәндік сабақ аясында қалыптасатын метабіліктерге талдаулар жасады. 
Тақырып бойынша постерлер әзірледі.
Ұсынылған семинардың сегізінші тақырыбы «Әмбебап оқу әрекеттері 

метапәндік нәтижені қалыптастыру құралы ретінде» деп аталады. Тақырып 
аясында оқушылардың танымдық, реттеушілік, коммуникативтік және 
тұлғалық оқу әрекеттерін ұйымдастыру жолдары қарастырылды. 
Келесі, 
яғни 
тоғызыншы 
семинардың 
тақырыбы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет