122
Сурет 30
Бақылау және тәжірибелік сынып оқушыларының анықталатын
метапәндік нәтижелерінің деңгейі
Бұл нәтижелерден біз оқушылардың мәтіннің негізгі ойын толық түсінуі;
мәтіннің мазмұны бойынша логикалық қорытынды жасау; ақпаратты бір
формадан екіншісіне ауыстыру; анық емес түрде берілген ақпаратты табу, оның
ішінен маңыздысын белгілеу; мәтін мазмұны бойынша жоспар құру; өз ойын
тұжырымдау, кішігірім мәтіндер жазу оқушыларға өкінішке орай қиындық
келтіретіндігін анықтадық. Жоғарыдағы сурет соның айқын дәлелі болып отыр.
Бұл қорытындылар мақсатты жұмыстарды жүргізу міндеттерін туындатты.
Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін қалыптастыруға
бағытталған тапсырмалар жүйесін дайындау, бастауыш білім беру пәндерін
метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесін әзірлеуде метапәндік тұрғыда оқытуға
қатысты еңбектерге жасалған талдаулар басшылыққа алынды.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың әдістемесі
зерттеу жұмысымыздың 3.2 тармақшасында қарастырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: