Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет54/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
Байланысты:


1.Оқушыларға арналған сауалнама (авторлық әзірлеме) 
Сауалнаманың мақсаты 

оқушыларда әлемді біртұтас қабылдау мотивін 
анықтау. Бірінші сұрақ арқылы оқушылардың жалпы сабаққа деген ынтасын 
анықтау. Екінші сұрақ бойынша оқушыларға ұсынылатын тапсырмалардың 
оқушылардың оны орындауға деген қызығушылығын айқындау. Үшінші 
сұрақтың негізгі – мақсаты метапәндік тұрғыда оқытуға көзқарасын білу. 
Cауалнамаға 122 оқушы қатысты.
1. Сабаққа 
белсенді 
қатысып, 
мұғалімнің 
орындауға 
берген 
тапсырмаларын қызығушылық танытып орындайсың ба? 
Ия Жоқ 
2. Қазақ тілі сабағында математика, жаратылыстану пәндерінен ақпарат 
берілгенін қалайсың ба? 
Ия Жоқ 
3. ? Ақпаратты бір таңбалау жүйесінен екіншісіне түрлендіре аласың ба? 
Ия Жоқ Білмеймін 


111 
Сауалнаманың нәтижелері: 
1. «Сабаққа белсенді қатысасың, мұғалімнің берген тапсырмасын 
қызығушылықпен орындайсың ба?» деген сауалнаманың бірінші сұрағы 
бойынша бақылау сыныптарында «Ия» 

52

, «Жоқ» 

48

жауап берген. Ал 
тәжірибелік сынып нәтижесі мынадай: «Ия» 

43

, «Жоқ» 

57

. «Жоқ» деген 
жауапты берген оқушылар «Неліктен?» деген сұраққа «Кейбір тапсырмалардың 
орындалу жолын білмеймін», «Білмеймін», «Тапсырмалар орындауға қиын 
болған кезде сол қалпында қалдырамын», «Логикалық есептерді көп 
орындағым келеді. Бірақ математикада тек оқулықтағы тапсырманы 
орындаймыз. Мен тез жалығып кетемін», «Мен тапсырмаларды тез орындап 
тастаймын. Өйткені олар бірдей» секілді жауаптарды алдық. Мұндағы 
оқушылардың мұғалімнің ұсынған тапсырмаға деген қызығушылығының 
жоқтығына бірнеше факторлар әсер еткендігін байқаймыз. Олар: тапсырманы 
орындау жолын дұрыс түсінбеу, тапсырмалар бір типті болуында. Оқушының 
ойлануына мүмкіндік ашпайды. Осылар оқушының тапсырманы орындауға 
деген қызығушылығының төмендеп кетуіне себеп болады. 
2. «Қазақ тілі сабағында математика, жаратылыстану пәндерінен ақпарат 
берілгенін қалайсың ба?» деген сұраққа бақылау сыныптары «Ия» 

61


«Жоқ» 

39

жауап берсе, тәжірибелік сынып оқушылары «Ия» 

53

, «Жоқ» 

47

жауап берген.
3. «Ақпаратты бір таңбалау жүйесінен екіншісіне түрлендіре аласың ба?» 
деген сұраққа бақылау сыныптары «Ия» 

22

, «Жоқ» 

13

, «Білмеймін» 

65

. Ал тәжірибелік сыныптар «Ия» 

34

, «Жоқ» 

9

, «Білмеймін» 

57

.
Оқушылардан алынған сауалнама нәтижесі 22, 23- суретте көрсетілген. 
Сурет 22

Бақылау сыныптарының сауалнама нәтижесі 


112 
Сурет 23

Тәжірибе сыныптарының сауалнама нәтижесі 
Алынған мәліметтерді талдаудан шығатын қорытынды: бақылау және 
тәжірибелік сыныптардағы оқушылардың сабаққа белсенділігі орташа, 
тапсырмаларды орындауға қызығушылығы орташа, бір пән аясында басқа 
пәннен меңгерген білімдерін қолдануға ынтасы төмен. Өйткені осы кезге дейін 
сынып тәжірибесінде мұндай жағдай 100

орын алмағандықтан, оқушылардың 
ол жөнінде түсініктері төмен деңгейде деп айта аламыз.
Оқушылардың оқу іс-әрекетіне деген мотивациясы оқу үдерісін тиімді 
жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады, өйткені оқуға деген 
жағымсыз немесе енжарлық көзқарас оқушының сабақ үлгерімінің 
төмендеуінің себебі болуы мүмкін. Біздің жағдайымызда оқушылардың оқу іс-
әрекетіне деген жағымды мотивацияны метапәндік тапсырмалар жүйесі арқылы 
жүзеге асырамыз. Ол жайында қалыптастырушы эксперимент кезеңінде толық 
тоқталатын боламыз.
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқыту барысында оқушылардың ойлау 
қабілеттерінің 
деңгейі 
артады. 
Анықтаушы 
эксперимент 
кезеңінде 
оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау бойынша әдістеме 
жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет