115
Балардың интеллектуалдық қабілетіне диагностика жасау үшін А.3.3актың
“22 есеп” әдістемесі қолданылды.
Орындау ережесі: оқушыларға 22 сұрақ жазылған қима қағаздар
таратылып берілді. Тапсырманы орындату үшін мұғалім әдістемемен жұмыс
жасау тәртібін түсіндіреді.
«Балалар, қима қағазға жазылған тапсырма бірнеше есептен тұрады. Осы
есептерді оқып алып, жақсылап ойланыңыздар. Олардың әрқайсысының өзіне
тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтарына
назар аударыңыздар.
1-4-сұрақтар өте қарапайым, оларды шешу үшін есептерді жақсылап оқып,
мағынасын түсініп, ойланып, оның жауабына
тек бір адамның ғана атын
жазуларыңыз керек.
5-10-сұрақтарда бір түрлі, мағынасыз әріптер тіркесі, жасанды сөздер
қолданылған. Олар 5-6-сұрақтарда
көңілді, шапшаң, күшті деген сөздердің
мағынасын білдіреді. Бұл есептерді шешу үшін, ойда қолданылған жасанды
сөздердерді кәдімгі, мағынасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек. Есептерді
шешкенде “ойда” мағынасыз сөздерден кәдімгі сөздер құруға болады. Тек 7-10-
сұрақтарда ауыстыратын сөздің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу
керек.
11-12-сұрақтарда жануарлар туралы
мағлұматтар ертегі сияқты, ақиқатқа
сай емес нәрселер келтірілген. Бұл есептерді шешкенде, жануарлар туралы есеп
шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибесін алған білімді пайдалану
керек, алайда есептің шартын ұмытпау қажет.
13-16-сұрақтарда берілгендерді талдау нәтижесінде бір есімді жазу керек.
Бұрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18-сұрақтардың жауабына бір
немесе екі адамның есімін жазуға болады, ал 21-22-сұрақтарда — олардың бірі
қайталанса да, міндетті түрде үш адамның есімін жазып, аталған адамның
басқалармен қарым-қатынасын көрсетіп беру керек».
Жабдықтау: 22 сұрақ жазылған парақ әр зерттелінушінің қолына беріледі.
Мұғалімге ескерту: сұрақтар қиындықтарына байланысты үш топқа
бөлінеді:
1. 1-ден 18-ге дейінгі сұрақтарда 1 сұраққа жауап беріледі;
2. 19-20 нөмерлі сұрақтарда 2 сұраққа жауап беріледі;
3. 21, 22 нөмерлі сұрақтарда 3 сұраққа жауап беріледі.
Тапсырма шарттарында
тек қажетті ақпарат ғана емес, тіптен артық
мағлұматтар, жасанды сөздер, әр түрлі атаулар, есте қалатын қарым-
қатынастарының түрлері берілген. Сонымен қатар көрші сұрақтар бір-біріне
ұқсамайды.
«22 сұрақ» әдістемесі бойынша бағалау шкаласы төмендегідей:
1.Оқу тапсырмасын түсіну білігінің даму деңгейі
Дұрыс жауап берілді (11 сұрақ және одан жоғары)
жоғары деңгей.
(5 пен 10 сұрақ аралығы)
орта деңгей.
(5-тен төмен)
төмен деңгей.
2.Өз әрекетін жоспарлау білігінің даму деңгейі
116
22 cұраққа да дұрыс жауап берілді
жоғары деңгей
Соңғы 18-22-сұрақтарда
дұрыс жауап берілмеген
орта деңгей
10 сұрақтан кем сұраққа дұрыс жауап берілді
төмен деңгей
1 және 2 сұраққа ғана дұрыс жауап берілді
бала
ең төменгі дәрежеде
ақылмен әрекет ете алады.
Тек 1 cұраққа ғана дұрыс жауап берілді
оқушы
өз әрекетін жоспарлауға
қиналады.
3.Тапсырманың шартын талдау білігінің даму деңгейі
16 сұрақ және одан көбі, оның ішінде 5 және 16 сұраққа дұрыс жауап
берілген
жоғары деңгей
5 және 16 сұраққа жартылай
жауап берілген
орта деңгей
5 және 16 сұраққа жауап берілмеген
дамудың
төменгі деңгейі, оқушы
тапсырма шартының жалпы құрылымын, оның логикалық байланысын
айқындай алмайды.
«22 сұрақ» әдістемесі бойынша алынған сұрақтар нәтижесі бойынша
оқушылардың
оқу тапсырмасын түсіну білігінің даму деңгейі анықталды. Яғни
Бақ.с.1 оқушыларының 0
оқу тапсырмасын түсіну бойынша жоғары деңгейді
көрсетсе, 30
орта деңгейде екендігін көрсетті. Ал 70
төмен деңгей. Бақ.с.2
оқушыларының 2
оқу тапсырмасын түсіну бойынша жоғары деңгейді
көрсетсе, 27
орта деңгейде екендігін көрсетті. Ал 71
төмен деңгей.
Тәж.с.1 оқушыларының 0
оқу тапсырмасын түсіну
бойынша жоғары
деңгейді көрсетсе, 50
орта деңгейде екендігін көрсетті. Ал 50
төмен деңгей.
Тәж.с.2 оқушыларының 1
оқу тапсырмасын түсіну бойынш жоғары деңгейді
көрсетсе, 53
орта деңгейде екендігін көрсетті. Ал 46
төмен деңгей (сурет
26).
Сурет 26 – Бақылау сыныптары және тәжірибелік сынып оқушыларының
оқу тапсырмасын түсіну деңгейінің даму деңгейі
117
Өз әрекетін жоспарлау білігінің даму деңгейі бойынша Бақ.с.1 ешқандай
оқушы 22 cұраққа толық дұрыс жауап бермеген. Барлық 17 cұраққа жауап
беріп, тек 18-22 сұраққа жауап бермеген оқушы жоқ. Не болмаса жалпы 22
сұрақ ішінде жалпы санағанда 13 cұраққа жауап бергені 10 оқушы, 14 cұраққа
жауап бергені 2 оқушы бар. Яғни
12 оқушы өз әрекетін жоспарлау білігінің
даму деңгейі бойынша орта деңгейді құрайды. 10 сұрақтан кем немесе толық
жауап берген оқушылар саны – 18. 1 және 2 сұраққа ғана дұрыс жауап берген
оқушы жоқ. Тек 1 cұраққа ғана дұрыс жауап берген оқушы да жоқ.
Бақ.с.2 ешқандай оқушы 22 cұраққа толық дұрыс жауап бермеген. Барлық
17 cұраққа жауап беріп, тек 18-22 сұраққа жауап бермеген оқушы жоқ. Не
болмаса жалпы 22 сұрақ ішінде жалпы санағанда, 13 cұраққа жауап бергені 12
оқушы, 14 cұраққа жауап бергені 3 оқушы. Яғни
12 оқушы өз әрекетін
жоспарлау білігінің даму деңгейі бойынша орта деңгейді құрайды. 10 сұрақтан
кем немесе толық жауап берген оқушылар саны – 16. 1 және 2 сұраққа ғана
дұрыс жауап берген оқушы жоқ. Тек 1 cұраққа ғана дұрыс жауап берген оқушы
жоқ (сурет 27).
Сурет 27 – Бақ.с.1 және Бақ.с.2 оқушыларының өз әрекетін жоспарлау
білігінің даму деңгейі
Тәж.с.1 бақылау сыныптары секілді ешқандай оқушы 22 cұраққа толық
дұрыс жауап бермеген. Барлық 17 cұраққа
жауап беріп, тек 18-22 сұраққа жауап
бермеген оқушы жоқ. Не болмаса, жалпы 22 сұрақ ішінде жалпы санағанда 12
cұраққа жауап бергені 14 оқушы, 15 cұраққа жауап бергені 1 оқушы бар. Яғни
15 оқушы өз әрекетін жоспарлау білігінің даму деңгейі бойынша орта деңгейді
құрайды. 10 сұрақтан кем немесе толық жауап берген оқушылар саны – 15. Бұл
дегеніміз төменгі деңгейді сыныптағы оқушылардың тең жартысы құрайды. 1
және 2 сұраққа ғана дұрыс жауап берген оқушы жоқ. Тек 1 cұраққа ғана дұрыс
жауап берген оқушы жоқ.
118
Тәж.с.2 ешқандай оқушы 22 cұраққа толық дұрыс жауап бермеген. Барлық
17 cұраққа жауап беріп, тек 18-22 сұраққа жауап бермеген оқушы жоқ. Не
болмаса жалпы 22 сұрақ ішінде жалпы санағанда 12 cұраққа жауап бергені 14
оқушы, 15 cұраққа жауап бергені 1 оқушы бар. Яғни
14 оқушы өз әрекетін
жоспарлау білігінің даму деңгейі бойынша орта деңгейді құрайды. 10 сұрақтан
кем немесе толық жауап берген оқушылар саны – 15. Бұл дегеніміз төменгі
деңгейді сыныптағы оқушылардың тең жартысы құрайды. 1 және 2 сұраққа
ғана дұрыс жауап берген оқушы жоқ. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы – 0.
(сурет 28).
Сурет 28 – Тәж.с.1 және Тәж.с.2 оқушыларының өз әрекетін жоспарлау
білігінің даму деңгейі
Диаграммада көрсетілгендей, оқушылардың метапәндік нәтижелер деңгейі
артуы үшін бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуды қажет
етеді. Анықтаушы кезеңде жүргізілген зерттеу
жұмыстарының нәтижелері
бойынша
мазмұндық,
ұйымдастырушылық,
диагноcтикалық-нәтижелік
компоненттер бойынша қалыптастырушы эксперименттік жұмыстардың
жүргізілуін қажет етеді. Бұл жұмыстар 3.2 бөлімінде толық сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: