Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту

Pdf көрінісі
бет61/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70
Байланысты:

танымдық 
ӘОӘ 
орындалады. 
Оқушылардың 
коммуникативтік ӘОӘ ұйымдастыру үшін осы мәтін жоспарын құру 
тапсырмасын берген жөн. Осы жоспар арқылы оқушы мәтінді жүйелі түрде 
мазмұндай алады.
7.Мәтінді айтып беру үшін мәтін жоспарын құр және жаз.
1.______________________________________________________________ 
2.______________________________________________________________ 
3.______________________________________________________________ 
Келесі ұсынып отырған тапсырмамыз арқылы оқушы мәтінді түсініп 
оқиды, яғни танымдық ӘОӘ жүзеге асады, содан соң реттеушілік ӘОӘ арқылы 
болжам жасайды. Нақты тапсырма төменде көрсетілген. 
8.Гераклдың қандай қасиеттері оның атын аңызға айналдырды?  
1) «Ежелгі Греция мифтары» 
2) «Әлемнің ең үлкен стадиондары» 
3) «Денің сау болғың келсе» 
4) «Бәрін білгім келеді» 
Коммуникативтік ӘОӘ арқылы оқушы өзі білмейтін, білгісі келетін 
қажетті ақпаратты өзі іздестіре отырып төмендегідей тапсырманы орындайды. 
Яғни жоғарыда берілген Геракл туралы ақпараттан соң, оқушыда қазақ 
халқының да өз батырлары бар деген пікірге келеді. Осы мақсатта тұлғалық 
ӘОӘ-ні коммуникативтік ӘОӘ-мен сабақтастыра аламыз. Тапсырма төменде 
берілген. 
9. Батырлар туралы қандай аңыздарды білесің? Қысқаша мазмұнын жаз.
_______________________________________________________________ 

Келесі тапсырма бойынша оқушыларға ақпараттық мәтін ұсынылады.
№1 тапсырма 

129 
Мәтінді соңына дейін оқы. 
Қара құр 
Қара түсті құр жазық және таулы жерді мекендейді. Құрлар тұқымдасынан 
шыққан. Түрлі маусымда жапырақты ормандарға кішігірім қоныс аударады. 
Құрлардың аталықтары өте әдемі болып келеді. Басы, сақалы және тұмсығы 
қара, қызыл қастары, мойындары қара-жасыл келеді. Қанаттарында және 
құйрықтарында ақ дақтары бар. Мамыр соңында және маусымда 10-ға жуық 
жұмыртқа тастайды. 28 күннен кейін балапандар жұмыртқаны жарып шығады. 
Балапандар көбінесе құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Ересектері, әсіресе, 
жазда жидектермен, тұқымдармен, өсімдік өскіндерімен, ал қыста қылшамен 
және сағызқарағай өскінімен қоректенеді.
Осы мәтін негізінде «Танымдық ӘОӘ» жүзеге асадыӨйткені оқушы өзіне 
қажетті ақпаратты бөліп алады. Осылайша келесі тапсырма орындалады.
№2 тапсырма 
Мәтіннен қара құрдың мекендейтін жері туралы жазылған үзіндіні көшіріп 
жаз. 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________ 
Қазақ тілі пәнінде мәтін жанрларымен танысқан оқушылар келесі 
тапсырманы орындай отырып, білімдерін бекітеді. 
№3 тапсырма 
Мәтін қандай жанрға жатады? Дұрыс нұсқаны дөңгелекте. 
А) ертегі В) ғылыми-ақпараттық мақала 
Б) әңгіме Г) аңыз әңгіме 
Мәтіннен қажетті ақпаратты табу арқылы келесі тапсырма жүзеге 
асырылады. 
№4 тапсырма 
Cұраққа толық жауап бер.
Қара құр немен қоректенеді? 
________________________________________________________________

Келесі тапсырмада оқушы «Қара құр» мәтініне басқа ат қояды. 
«Әдебиеттік оқу» пәнінде меңгерген білімді келесі тапсырма арқылы еске 
түсіріп, бекітеді. 
№5 тапсырма 
Мәтінге басқа қандай тақырып қоюға болады? 
________________________________________________________________
____________________________________________________________________ 

130 
Қазақ тілі пәні бойынша сөздің құрамына қарай талдау жасауды еске 
түсіреді және тапсырманы орындау арқылы бекітеді. 
№6 тапсырма 
Мәтінде қарамен берілген сөздің түбірін, қосымшасын тап. 
________________________________________________________________ 
Бұл тапсырманың шарты бойынша пікірдің дұрыс не бұрыс екендігін 
анықтайды. 
№7 тапсырма 
Қара түсті құр жайында дұрыс пікірді анықта. 
1)Жапырақты орманды мекендейді. 
2)Қара тұмсығының үстінде қызыл қастары көрінеді. 
3)Көкірек тұсында ақ дақтары бар. 
4)Қара құрдың мойнының қауырсындары көк-қара түсті. 
Келесі тапсырма арқылы оқушы белгілі бір затқа, біздің жағдайда құсқа 
сипаттама беруі тиіс. Ол үшін берілген үлгіге бағдарланады.
№8 тапсырма
Төменде құс туралы сипаттама берілген. Мәтіннен оқыған ақпаратты 
пайдаланып, дәл осындай сипаттама құрастыр. Егер мәтінде қандай да бір 
ақпарат жоқ болса, сол ұяшыққа «-» таңбасын қой.
Кесте 23 
1)Атауы 
Ақ тырна
Қара құр 
2)Тұқымдасы 
тырналар

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет