Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет60/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70
Байланысты:


1.Мәтінді түсініп оқы. 
Стадион – спорттық жарыстарды өткізуге арналған спорт құрылысы. 
Әдетте, стадионда үлкен алаң болады. Ол алаңның айналасында жүгіруден 
және әр алуан спорттық сайыстар өткізу үшін жарыс жолы орналасқан. Жарыс 
жолының ортасында футбол алаңы бар. Бұл жерде найза, диск, балға 
лақтырудан сайыстар өткізілуі мүмкін. Көрермендер үшін алаңды айнала 
сатылап орындықтар қойылады. 
Ең алғашқы стадион Олимпиадалық ойындарды өткізу үшін Ежелгі 
Грецияда жасалған. Бұл стадион Олимпии қаласында орналасқан. Оның жарыс 
алаңының ұзындығы бір бағытқа шамамен жүз тоқсан екі метрді 
құрады.Ұзындық өлшемі қайдан пайда болды? Аңыздарға сүйенсек, жарыс 
алаңын Олимпиида Грецияның аты аңызға айналған батыры Геракл өлшеген. 
Ол осы жарыс алаңын жүріп өткен. Сондағы арақашықтық оның табанының 
ұзындығына тең алты жүзді құраған. «Стадия» сөзінен «стадион» сөзі пайда 
болған.
Бүгінгі күні стадиондар барлық қалаларда бар. Алматы қаласының басты 
спорттық алаңы «Орталық стадион» 

республикамыздағы ең ірі кешендердің 
бірі. Ол 1958 жылы тамыз айында іске қосылды. Оның көлемі -22 гектар. Оған 
23 804 көрермен сияды. Стадионда футбол, жеңіл атлетика, шапшаң жүгіру, 
коньки тебу, көгалдағы және доппен ойнайтын хоккей, волейбол, бокс және т.б. 
спорттың барлық түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізілген. 
«Астана Арена» стадионы Қазақстанның бас қаласы Астана қаласында 
орналасқан. Бұл стадионға 30 000 көрермен сияды. Стадион 2009 жылдың 
шілде айында іске қосылды. «Астана Арена» әлемдегі қозғалмалы шатыры бар 
алты стадионның құрамына енеді. Жылжымалы шатыры 20 минутта ашылып-
жабылады. Стадион алдымен футболға бағытталған, сонымен қатар күрес, 
дзюдо және бокс, басқа да спорттық іс-шараларға бейімделген. 
Заманауи стадиондар Ежелгі Греция кезіндегі стадиондардан сырт-пішіні 
бойынша өзгерген, бірақ олар ептілік, батылдық, күштілікті көрсетуге арналған 
орын болып қала береді.
Үлгіде стадионның ежелгі тарихына баяндалған ақпараттық мәтін 
берілген. Мәтінде барлық пән саласына қатысты ақпаратты байқауымызға 


127 
болады. Олар: дүниетану, дене шынықтыру, математика. Осы мәтін аясында 
төмендегідей танымдық ӘОӘ негізделген тапсырманы ұсынуымызға болады. 
2.Бұл мәтін не жайлы? Жауап нөмірін дөңгелекте.
1) Ең алғашқы стадионды ойлап тапқан Геракл жайында 
2) Олимпиадалық ойындар жайында 
3) стадиондардың пайда болуы мен оның міндеті жайында 
4) «стадион» сөзінің шығу тарихы жайында 
Оқушы мәтіндегі көп ақпарат ішінен өзіне керектісін ғана бөліп алады.
Метапәндік тапсырмалардың бір артықшылығы бір ақпараттық мәтін 
аясында берілген тапсырманы орындау барысында оқушы басқа пәнде игерген 
білімін қолдана алады. Мысалы келесі тапсырмаға назар аударсақ математикада 
өлшем бірліктері жайлы білімі ар оқушы төменгі тапсырманы орындап, өз 
білімін рефлексиялайды. 
3.Аңызға сүйенсек Гераклдың табанының өлшемі қанша болды?
Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып есепте.
Бұл тапсырма танымдық ӘОӘ ұйымдастырады. Келесі тапсырманы ұсына 
отырып оқушылардың реттеушілік және коммуникативтік ӘОӘ жүзеге 
асыруға болады. Яғни: 
4.Стадион дегеніміз не? Жауабын жаз. 
_____________________________________________________________ 
_____________________________________________________________ 
_____________________________________________________________ 
Оқушылар мәтінмен танысқаннан соң, белгілі бір мәселе төңірегінде 
пайдымдау жасайды. Оны реттеушілік ӘОӘ арқылы орындайды. Сонымен 
қатар мәтін мазмұны бойынша сызба, диаграмма құрастыруға арналған 
тапсырмалар оқушылардың танымдық ӘОӘ ұйымдастырады.
5. Кестені толтыр. Стадиондарды олардың сыйымдылығының өсуі
бойынша ретімен жаз. 
Кесте 22 
Қала 
Стадион атауы 
Сыйымдылық 


128 
Оқушы мәтіндегі стадион орналасқан қала атауларын, сонымен қатар ол 
стадиондардың сыйымдылығы жайында бар білімді сызбаға түсіреді. Яғни, бұл 
тапсырма оқушыда модельдеу білігін қалыптастырады. Математика пәні 
бойынша алған білімін қолданады. Яғни заттың сыйымдылығы және кему, өсу 
реті жайында білімін рефлексиялауға мүмкіндік алады.
Сонымен бірге әдебиеттік оқу пәні бойынша мәтінді бөліктерге бөліп, 
мәтін бөлігі туралы білімін қайталайды немесе бекітеді. Ол төмендегі тапсырма 
арқылы жүзеге асады. 
6. Қорытынды мәтіннің қай бөлігінде тұр? Қорытындыны жаз.
____________________________________________________________________
________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________ 
Оқушының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет