Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет17/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   149
Тамыр сҥрегінің қҧрылымы. Дің тіндері біртіндеп тамыр тініне жалға-
сады, сондықтан дің мен тамыр арасында күрт білінетін шекара айырма-
шылығы жоқ. Ірі тамыр сүрегінің құрылымы дің сүрегінің құрылымымен ортақ 


35 
қасиеттерге ие. Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының тамыр сүрегінің 
негізгі массасы да сондай-ақ ерте және соңғы трахеидтерден тұрады. Мұнда 
ӛзек сәулелері, сүрек паренхимасы кӛрсетілген, шайыр жүрісі бар. 
Алайда тамырда ӛзек болмайды, орталықта бір немесе бірнеше (ағаш 
тұқымдастарының кӛпшілігінде) шайыр жүрісі болатын алғашқы сүрек 
орналасқан. Тамырларда әдетте ядро қалыптасады. Діңмен салыстырғанда, 
жылдық қабаттар арасындағы шекаралар аз білінеді және алғашқы сүректен 
соңғы сүрекке ӛтетін ауысым әрбір жылдық қабат аясында әлдеқайда бір-
қалыпты. Бұл ортадағы (топырақтағы) температура мен ылғалдылықтың 
мезгілдік күрт ӛзгерісінің жоқтығымен түсіндіріледі.
В.Е. Вихров пен Л.В. Костаревтің мәліметтері бойынша, тамырдың 
екіншілік сүрегіндегі трахеидтер, дің сүрегіндегі сияқты, дұрыс радиал қатар-
лармен орналасады. Алайда трахеидтер үлкен ұзындыққа, ірі қуыстарға және 
жіңішке қабырғаларға ие, бір ғана емес, сонымен қатар, екі, кейде үш қатарға 
орналасатын (қарағай, шырша, самырсын, балқарағай) жиектелген тесіктермен 
қамтылған. Жиектелген тесіктер соңғы және алғашқы трахеидлардың (аршадан 
басқа) тангенциал қабырғаларында жиі кездеседі. 
Тамыр сүрегіндегі ӛзек сәулелері әлдеқайда енді келеді және дің сүрегіне 
қарағанда тығызырақ орналасады. Шырша, балқарағай және қарағай тамыр-
ларында кӛлденең трахеидтері жоқ ӛзек сәулелері кездеседі. Аршада ӛзек 
сәулелері сәуле бойымен қатты созылған, доға тәрізді сыртқы қабырғалары бар 
шеткі паренхимді торларға ие болады. Тамыр сүрегіндегі шайыр жүрісі тұтас 
белдік немесе біржақты шоғырлар қалыптастыратын ілеспе паренхиманың 
үлкен мӛлшердегі торларымен қоршалған. Тамыр сүрегі дің сүрегімен 
салыстырғанда тығыздығы мен беріктігі аз болады. 
Жапырақты ағаш тұқымдастары тамырының сүрегінде түтікшелер ӛте 
жақсы дамыған. В.Е. Вихров пен С.А. Туманянның зерттеу нәтижелері 
бойынша, еменнің ірі бүйір тамырларында ядро болмайды, сүрегі шашыраңқы-
түтікшелі келген, жылдық сақиналары жіңішке және нашар кӛрінеді, алғашқы 
және соңғы сүректер арасында айырмашылық байқалмайды. Қалың және 
жіңішке ӛзек сәулелерінен басқа, сонымен қатар, жалған қалың сәулелер де 
болады. Емен тамырының сүрегінде діңнің жасушаларына қарағанда ірірек 
болатын сүрек паренхимасының ӛте кӛп мӛлшері кездеседі. Емен тамырының 
ортаңғы бӛлігінде паренхимді торлар, трахеидтер және түтікшелер орналасқан; 
тамырда тек паренхимді жасушалардан ғана тұратын ӛзекше болмайды. 
Л.А. Лебеденконың зерттеулері, бұл тұқымдастардың басқа түрлерінде 
(шамшат, каштан) тамыр сүрегі мен дің сүрегінің құрылымының арасында 
бірқатар айырмашылықтар байқалатындығын кӛрсетті. Осы уақытта қайың мен 
қандыағашта тамыр құрылымы бойынша дің сүрегінен айырмашылығы аз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет