Тұрақты шығындар жалға беру, коммуналдық қызметтер, әкімшілік шығындар және
сақтандыру бойынша шығындарды қосады. Ауыспалы шығындарға сақтау, тиеу
және орауға жұмсалатын шығындар, сатуға комиссиялық алымдар және тауарлар
мен қызметтерді тікелей сатумен байланысты басқа шығындар жатады. Сіздің
бастапқы шығындарыңызды есептеудің ең қолайлы әдісі бір жолғы және күнделікті
шығындарды тізімдейтін жұмыс тізімдемесін қолдану болып табылады.
10
Қ аржыландыру көздері:
Жеке қаражат: Жеке шоттан қаражат, Сіздің ағымдағы немесе қосымша
жұмыстан қосымша қаражаттар немесе несиені пайдалану (дебет карточкасы,
несие карточкалары)
Отбасы және достардың инвестициялары: Ереже бойынша, отбасы және
достары тарапынан қаржыландыру бейресми болып табылады. Мысалы, Сіз
алдын ала бизнес жоспар жасағыңыз келмейді. Алдағы уақытта
келіспеушіліктерді болдырмау үшін, сіздің бастапқы инвесторларды
қ
аншалықты жақсы білуіңізге қарамастан, Сізге шарт жасау қажет.
Коммерциялық қарыздар (Банктер): Сізге жергілікті банктен қарыз алуға
болады, алайда банктер тәуекелге бара алмайды, сондықтан, егер де банк
табыстар немесе төлемдер хронологиясын ұсынусыз бизнес бастауға сізге
қ
арыз беруден бас тартатын болса, таң қалмаңыз.
Инвесторлардан инвестициялар («Демеушілер»)
10
: Демеушілер – бұл
жаңадан ашылатын компанияларды қаржыландыратын көлемді таза
капиталы бар жеке тұлғалар болып табылады.
Несиелер (ішкі және халықаралық көпшілік- құқықтық ұйымдар): Жаңа
компанияны құру үшін несиелер беретін мемлекеттік мекемелер Сонымен
қ
атар компанияны құру үшін қаржыландыру мақсатында несие беретін
халықаралық топтар бар (мысалы, АМР США)
10