Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Қола дәуірі (б.з.б. ХҮІІІ – ІХғғ.). Металл балқытуымен адамзат өз
дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңнің негізгі материалы мыс пен
қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады.
Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды – орақ, кетпен, әшекейлер т.б.
құралдар. Қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі – металлургия мен дамыған
жер және мал шаруашылығының кешенді дамуы.
Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа
өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін
жалғастырды. Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды,
сондықтан оларды жаңа археологиялық мәдениетке – Андронов мәдениетіне
біріктірді. Бұл мәдениет Минусин ойпатында табылған жердің атымен
аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді.
Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының
заңды кезеңі болды. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит
дәуірінде басталды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген
жануарлардың саны көбейді. Малдың түр құрамы да көбейді. Қола дәуірі
шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған
уақыты болды.
Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда малмен бірге бір
жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды. Қола дәуірінің соңғы
кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың
негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие
болды.
Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап
егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал
шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толтырып, өзара байланысты болды.
Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал
өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін
алудың маңызды көзі болды.
Қола дәуірінде аң және балық аулау өзінің бұрынғы маңызынан
айырылды. Жабайы жануарлардың сүйектерінің үлесі алдыңғы қола дәуірінің
қоныстарында 3,6%, соңғы қола дәуірінде 1% -ке дейін болды.
Қола дәуіріндегі тайпалар үй маңында мал өсіруден жайлаудан мал
бағуға, одан кейінгі көшпелі мал шаруашылығына көшті.
Кен ісі, металлургия. Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш
күштердің дамуында мал шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі
рудаларды өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды рөл атқарды.
Қоныстар мен тұрғын үйлер. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі
қоныстарының көп екені мәлім, олардың 60-да археологиялық қазба
жұмыстары жүргізілді.
Әдетте, қоныстар өзен жағасында, көл маңында орналасты. Қоныстар
60-10 үйден, үлкендері 20 үйден құрылды, олар бір немесе екі қатар үйлер
болып бөлінді. Жартылай жертөлелердің негізгі үш түрін атап өтеуге болады,
олар: тік бұрышты, сопақ және сегіздік тәрізді, бәрінің шаршы метрден 300-
400 шаршы метрге дейін жетіп отырды.
Үй-қоралардан жайғасуы, жер ошақтардың, шаруашылық саны мен
орны үйдің немесе оның жеке бөлігінің нақ неге арналуына байланысты
болды. Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар орналасты.
Үйдегі кәсіптер. Мал шаруашылығы тамақ өнімдерін ғана емес, сонымен
қатар киім мен аяқ киім тігілетін шикізаттар да берді.
Қола дәуірінде тоқыма кәсібі қарапайым тоқыма станогінің
ұршықтарының табылуынан дәлелденді. Жүн киімдер қойдың биязы жүні
мен ешкінің түбітінен тоқылады.
Діни нанымдар мен табынушылықтар. Қола дәуіріндегі тайпалардың
тұрмысы мен әл-әуқаты түгелдей табиғат деп білді. Бұл ең алдымен күн, от,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесі болды. Күн мен от жылының біреуі –
мұның бәрі қайырымды, құдіретті рухтармен байланыстырылды.
Қола дәуіріндегі тайпалар отқа табынған, мұны сол дәуірде кең таралған
өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді. Ежелгі адамдардың ұғымынша, ол денені
жамандықтардан тазартады және өлген адамды зұлым рухтардан қорғайды.
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал
шаруашылығының дамуына байланысты күнге табынумен бірдей ай мен
жұлдыздарға табыну пайда болды, өйткені көшпелілер түнде көшкенде
соларға қарап бағыт ұстайтын болды.
Қола дәуірінде тайпалардың ата-бабаларына айнуы және о дүниеге сенуі
кеңінен таралды. Сондықтан қола дәуірінің тайпалары өлген құралдармен,
қарумен, сәндік заттармен мүмкіндігінше жақсылап жабдықтауға тырысты.
Бейіттері үйге ұқсас етіп салынды және айналасы шарбақтармен қоршалған.
Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы
мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қонысты жүргізілді.
Орталық Қазақстанға Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында
бірінен соң келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы –
Атасу кезеңі. Соңғы қола дәуірінде (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) олар Андронов
мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дәндібай-Беғазы
мәдениетін құрды.
Дәндібай – Беғазы заманындағы (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) тайпалар мәдениеттік
дамуы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге: өтпелі, дамыған және соңғы
кезеңдерге бөлінеді.
Атасу заманынан Дәндібай-Беғазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу
өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен
сиппатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбара-2, Бесоба,
Бұғым-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге, бір жағынан, Андронов
мәдениеті дәстүрлерінің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттік жаңа
элементтердің - тұрпаты ерекше бейіт тамдардың, жатаған домалақ
ыдыстардың пайда болуы тән. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән
емес. Әдеттегі бүктетілген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан
жатқызған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі қола, ерте
темір дәуірінде Қазақстан аумағында тұрған малшы тайпаларда кеңінен
тараған.
Дәндібай-Беғазы мәдениетінің дамыған дәуіріне жататындар Беғазы,
Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәндібай, Ортау-3, Саңғыру-1-3 зираттары,
Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы-1-3 және басқалары. Бұл қорымдар мен
қоныстар тұрған үйлер мен ғұрыптық табыну үйлерінің сәулет-құрылыс
жағынан жетілгендігімен сиппаталады.
Беғазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық ерекшеліктердің бірі – діни
ғұрыптың заттарды қою үшін және құрбан шалу үшін арнайы істелген
мехрап орны.
Шаруашылықтың көшпелі қалыпқа бейімделумен сиппатталатын кейінгі
даму кезеңінде бір кезде жоғары дәрежеде болған Дәндібай-Беғазы мәдениеті
жаңа сатыға көшеді. өткен замандағы күрделі бейіттік құрылыстардың
орнына қоршаусыз ірі тас жәшіктерден жасалған қарапайым құрылыстар
пайда болды. Бұлар Қарқаралы маңын Кент тауларындағы, Айдарлы,
Бұғылы-2, құрылыс алқаптарындағы ескерткіштер. Қыш ыдыстарда өткен
уақыттағы дәстүрлер әлі сақталады. Ыдыстардағы өрнектер қара дүрсінденіп,
негізінде тегіс қалыппен белдеулей салынған қиғаш кертпелер, біріне-бірі
көлденең сызықшалар, көлбей сызылған айқаспа шаршалар түрінде болып
келеді. Кейбір ыдыстардың мойны меруерт – деп аталатын шығыңқы
шеңбермен сәнделеді, бұлар көзінің ішінен ұшы жұмырланған таяқшамен
басу арқылы жасалған.
Орталық Қазақстанның таулы аймағының тұрғындары бұл кезде де үйді
жертөле және жартылай жертөле түрінде салатын болған. Жер ошақтар
дөңгелек шұңқыр түрінде жасалып, олардың астына жалпақ тастар төселді.
Дәндібай-Беғазы заманының төл-тума мәдениеті бар тұрғындары
Қазақстан даласында ертедегі темір дәуірінде қалыптасқан жаңа этникалық-
мәдени құрамдардың бір компоненті болды.
Темір ғасыры. Қазақстан тарихындағы б.з.д. 1 мың. соңы мен біздің
заманымыздың басы түбегейлі бет бұрыс болып табылады.
Б.з.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ. темірдің пайда болуы мен өндірістің көшпелі түріне
көшу Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың шаруашылығында күрделі
өзгерістерге әкелді. Жетісуда сақ-сүйсін, Арал өңірінде – қаңлы,
Қазақстанның солтүстік – шығыс жағында ғұн, Батыс Қазақстанда алан
этномәдени қауымдастықтар қалыптасты.
Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. 1
мыңжылдықта тайпалар одағы ретінде қалыптаса бастады.
Сөйтіп, Қазақстанда сақ-даха (массагет), сақ-рауки (тиграхауда) исседон
аримаспа бірлестіктері пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |