Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан
болатын. Түрік қағанатындағы әлеуметтік қайшылықтар және мал
індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға түсуі, Сүй Қытайының қағанат
шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жж.) Түрік қағанатының 603 жылы
екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуіне әкеліп
соғады.
Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді
болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс
қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс
баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік
қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург,
Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы
егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды.
Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі
әскербасы болды. Алғашқы кезде қаған тағына мүрагерлік бойынша
қағанаттың сол қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын,
бірақ бұл тәртіп өзара күрес тудырып бұзылып отырды.
Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік
шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық
экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы
сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы
арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.
Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы
лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді.
Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа
бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің
басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың
қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар
жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан.
Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі
құлдар алу болған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және
саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан
түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында топтардың құрылуы
және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу
үрдісінің жүргені анық.
Достарыңызбен бөлісу: