көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі – қағанаттың сол жақ
құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ
ғасырда-ақ Шу-Іле
қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен
жолдарының көбі солардың бақылауында болған делінеді. Олардың билеуші
әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол
ордасының Шу
бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды.
Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның әрқайсысында 7
мыңнан әскері бар еді. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері
болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында
талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің
сыртқы жағдайына
мәз еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң әулеті, Орталық Азия
түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған
әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді.
Бұл жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына
Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш
қағанатының ішкі
саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған
(715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе
түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол
олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және
сары түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес
шиеленісе түсті. 756 жылы қағанат түрік
тілді қарлық тайпасының
тегеурініне шыдамай құлады.
Достарыңызбен бөлісу: