Беда, Иван Павлов. 1945 жылы май айында Берлиндегі рейхстагқа бірінші
болып ту тіккен қазақстандық Рахымжан Қошқарбаев еді.
Германия әскерлері Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы Ресейдің
көптеген аудандарын басып алғаннан кейін соғыстың бар ауыртпалығы
Қазақстан мен Орта Азия Республикаларына түсті. Қазақстанда 1941-1945
жылдары 460 завод, фабрика, рудник, шахталар салынып іске қосылды. Олар
соғыс қажетіне байланысты қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа өнімдер жасады.
Қарағанды көмірі, Ембіның мұнайы, Шымкент қорғасын заводының
қорғасыны, Алматы Киров заводтың оқ-дәрісі майданға өте үлкен көмек
жасады. Қазақстанда соғыс жылдарында 500 мыңға жуық кісі майдан
мақсатындағы жұмысқа тартылды және 200 мыңнан астам қазақстандықтар
Ресей кәсіпорындарында еңбек етті. Тылдағы еңбекшілерден тары өсірудің
шебері Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер Ыбырай Жақаев, Ким Ман
Самды, астық өсірушілер Мұнира Сатыбалдина, Нүрке Алпысбаевалар ерен
ерлік көрсетті.
Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі
көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылыми академиясының қазақ филиалы да
соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды
зерттеу ісінде Қ.И.Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И.Сәтбаевқа
Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік
сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті
металдар институттары, Киев университеті ерекше екпінді еңбек етті. Соғыс
жылдарында Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары: Алматы шет
тілдер институты, Шымкент технология институты, Дене шынықтыру
институты т.б.
90-ға жуық ақын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды.
Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер
жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды», С. Мұқанов «Өмір
мектебін», М. Әуезов «Абай» роман-эпопеясының 1 кітабын жазды. А.
Толстой Қазақстан жерінде болғанда, «Иван Грозный» кітабын жазды.
Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді. 1941 жылы
Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді.
Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23
кино-картина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер»,
«Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар. Соғыс жылдарында
Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография
институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б.
жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан»,
«8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11
концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен
мәдениет майдан қажетіне осылай аянбай қызмет етті.
ХХ ғасырдың елеулі оқиғасы болып табылатын екінші дүние жүзілік
соғыс КСРО-ның жеңісімен аяқталды. Ұлы Отан соғысында КСРО 27 млн.
адамнан айырылды. 600 000-ға жуық қазақстандық майданда қаза тапты.
Достарыңызбен бөлісу: