Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1953 жж.)
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері
бейбіт құрылысқа оралды. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық-саяси
өмірде жұрттың ой-пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунистік
идеологияның
ықпалын
күшейтіп,
басқаша
орнату,
коммунистік
идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу,
демократияны барынша шектеумен сиппатталды. Елде Сталиннің жеке
басына табыну күшейді. 1937 жылдардағы репрессия жалғасып, Ленинград
пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып,
Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. 1947 жылы шыққан
Ермұхан Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген еңбегі
буржуазияшыл ұлтшыл еңбек деп жарияланды. 1950 ж. «Правда» газеті
«Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін»
деген мақаласында Бекмахановтың кітабын айыптады. Осы мақаладан кейін
Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды. 1952 жылы 25 жылға
соттады.
Сондай-ақ республиканың көрнекті ғалымдары А. Жұбанов, Жұмалиев,
Б. Сүлейменов, жалған саяси айыптармен жазаланды. Әбішев, Аманжолов,
Бекхожин, Бегалин және басқа жазушылар буржуазиялық ұлтшылдық
қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Осындай қуғындаудан кейін
ғалым Қ. Сәтбаев пен жазушы М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге
мәжбүр болды.
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953 – 1964 жж.)
1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін бұл ғалымдар мен
жазушылар қуғындаудан құтылды. Сталиннен кейін Кеңес Одағын басқарған
Хрущевтың кезінде де Қазақстанның саяси жағдайы жақсы болмады. Көп
жыл Қазақстан партия ұйымын басқарған Шаяхметов орнынан алынып, оның
орнына Республика халқының пікірі сұралмастан орталықтың тағайындаған
адамдары қойылды.
Республиканы 1954-1955 жж. Пономаренко, 1955-1956 жж. Брежнев,
1956-1957 жж. Яковлев, 1957-1960 жж. Беляев, 1960-1962 жж. Қонаев, 1962-
1964 жж. Юсуповтар басқарды. Кеңес одағын Хрущевтың басқарған
жылдары Оңтүстік Қазақстанның 4 ауданы көрші Өзбекстан Республикасына
берілді. Қазақстанды Юсупов басқарған жылдары Алматы және Талдықорған
облыстарының жерінде ұйғыр автономиясын құрып, астанасын Алматы
қаласы ету әрекеті жасалды. Солтүстіктегі 5 облыстан тың аймағын құрып,
Ресейге қосу, Маңғыстау облысын Түрікменстанға беру әрекеттері жасалды.
Бұл әрекеттерге сол кездегі Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабай
Тәшенов қарсы шықты. Осы әрекеті үшін ол орнынан алынды. 1964 жылы
қазан айында Хрущев орнынан түскеннен кейін бұл әрекеттер іске аспай
қалды.
1964 жылдан Қазақстан Компартиясын қайта басқарған Д. А. Қонаев
1972 жылы Өзбекстанға берген 4 ауданның екеуін қайтарып алды, ал екі
аудан, 500 мыңға жуық мал сол күйінде Өзбекстанда қалып қойды.
жылдары солтүстік облыстарда 700-ге жуық қазақ мектептері жабылды. Бұл
қазақ тілінің дамуына үлкен зиянын тигізді. Бір мезгілде шет жақтардан өте
көп адамның келуіне байланысты, оларға дер кезінде жағдай жасалмады.
Соның салдарынан 1959 жылы Теміртау қаласында үлкен ереуіл болды.
Ереуілдің себебі тамақтың сапасыздығы, ешқандай дұрыс жағдайдың
жасалмауы болды. Ереуілге шыққан халыққа қарсы армия күштері жіберіліп,
ереуіл үлкен қан төгіспен басып тасталынды.
Достарыңызбен бөлісу: