Кеңес елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты
салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60
жылғы
артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы
төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні
меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату,
өндірісті басқарудағы
демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының
шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.
Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты
егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет
аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды.
Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, ерекшелігі ескерілмеді.
Кеңес
халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің ролін асыра
бағалау процесі жүрді. Біздің тарихымыздың бір бөлігі болып табылатын
көшпелілік цивилизациясы мен шығыс мәдениеті жауып тасталды.
Адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. Қазақстанда тіл саясатын
тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ол ұлт тілі туралы айтылмады.
Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуге, мемлекеттік
дипломатиялық әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың
95%-і
орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70%-і орыс тілінде
болды.
Осы жылдары басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланады. Әдебиет пен
өнер саласындағы бірқатар интеллигенттер қуғынға ұшырады. Ақын
О.Сүлейменовтың «Аз и Я» деген кітабы ұлтшылдық, пантюркистік деп
қуғынға түсті. Философия институтының коллективі даярлаған «Дәстүрлі
қазақ өнерінің дүниетанымы» деген кітапты басып шығаруға тиым салды.
Антрополог Исмағұловтың «Қазақстанның этностық геногеографиясы» деген
кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды.
1979 жылы жазда орталық Қазақстан басшыларымен, жергілікті қазақ
халқымен сананспай Ақмола,
Павлодар, Қарағанды және Көкшетау
облыстарының бірсыпыра аудандарынан орталығы Ерейментау қаласы етіп,
Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылдады.
Автономиялы облыс құру, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Олар
Ақмолада, Ерейментауда, Көкшетауда митингілер өткізіп, «Қазақстан
бөлінбейді», «Неміс автономия болмасын» деген ұрандар көтерді.
Достарыңызбен бөлісу: