- адамның еркіндігі мен құқтарын сақтау, дүниежүзілік экономикада
бекем шептерге ие болу негізінде Қазақстанның дүние жүзілік
қауымдастықтағы лайықты беделін қалыптастыру;
- демократиялық өзгерістерді тереңдету, саясатта алуан пікірлікті
қамтамасыз ету;
- Қазақстанның дамуы үшін шетел
инвестициясын тарту және
пайдалану;
- Ұлттық валютаны енгізу және оның ішкі, сыртқы еркін айналымын
қамтамасыз ету.
Сонымен елімізде жүргізілген экономикалық реформаның алғашқы
кезеңі. 1992-1993 жылдардың аралығы болып табылады. Бұл кезең
экономиканы түбегейлі қайта құрудан,
яғни жоспарлы экономикадан
нарықтық экономикаға көшуден басталып, ұлттық валютамызды енгізгенге
дейін аралықты қамтиды. Нарықтық экономиканың заңдық базасы құрылды.
Сыртқы экономикалық қатынас, оның ішінде шетел капиталын тарту, банкі
саласын қалыптастыру шаралары жүргізілді.
Экономикалық реформаның екінші кезеңі 1993
жылы қараша айында
ұлттық валютамызды енгізуден және өзіміздің макроэкономикалық
саясатымызды қалыптастырудан басталды. Ұлттық теңгеміздің енгізілуі
еліміздің экономикалық және саяси өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды.
Еліміз 1992 жылдан бастап нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін
мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді. Өйткені, жекешеледіру
экономикалық реформалар саясатының басты бағыттарының бірі болды.
Содан бергі аралықта республика бойынша жеке кәсіпорындардың үлес
салмағы 80 пайыз, соның ішінде өнеркәсіпте – 86, ауыл шаруашылығында –
95, құрылыста – 84, көлікте – 96 пайыз.
Ұлттық өнім өндірісінің ортақ көлеміндегі жеке сектордың үлесі 50
пайыз, оның ішінде өнеркәсіпте – 40, ауыл шаруашылығында - 90 пайызға
жуық, құрылыста – 60, саудада – 85 пайыз болып отыр. Сөйтіп, ел
экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында
жеке сектор басым болып отыр. Қазіргі уақытта «Жеке
меншік
кәсіпорындарда 4,7 млн. адам жұмыс істейді, бұл экономикада жалпы
еңбекпен қамтылғандардың 77 пайызын құрайды. Елімізде миллионға жуық
азамат еңбек ететін 400 мыңдай шағын және орта бизнес нысандары жұмыс
істейді.
Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізінен алғанда
шикізат кешенінің даму бағытын тікелей байланысты болып отыр. Олай
дейтініміз Қазақстан әлеміндегі шикізат қоры бай елдердің қатарына жатады
және экономикасы шикізат өндіруге бағытталған. Қазақстан фольфрам,
ванадий, уран және барий
қоры жөнінде бірінші орын алса, әлемдік мыс
қорының 10 пайызын, қорғасынның – 19, мырыштың – 13, темірдің – 10,
көмірдің – 9, марганецтің – 25, хромий кендерінің – 30 пайызын иеленіп
отыр.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда көптеген
қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ілгері дамып келеді. Жетістіктері
баршылық. Мәселен, 2000 жылы ішкі жалпы өкімінің өсімі 9,6% болды.
Өндіріс көлемі – 14,6%, жүк тасымалдау – 13,3%, сыртқы тауар айналымы –
56,7% өсті. 2000 жылы елдің экономикалық өсімі 10%-ға жуық көтерілді.
2001 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға артты. Соның нәтижесінде әлеуметтік сала
бойынша жалақы мен зейнетақы деңгейін көтеріп, ТМД елдері арасында
алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік туды.
Қазақстанның ішкі экономикасын
көтеру арқылы инвестициялық
ахуалын жақсартуға негіз қаланды. Он жылдың ішінде еліміздің
экономикасына 18,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция
құйылды.
Достарыңызбен бөлісу: