буырқанды, бұрсанды, мұздай темір құрсанды, қорамсаққа қол
салды, бір салғанда мол салды; кірпігінен мұз қатып, әулиеге ат
айтып, қорасанға қой айтып; қоңыраулы найза қолға алып,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
42
қоңыр
салқын
төске
алып
т.т.
сияқты
штамптар
«Қобыландыдағы» аламанға жел берген, азды көпке теңгерген,
керегесін отын қып, туырлығын тоқым қып деген тіркестер
Махамбетте де бар. Қазақтың ауыз әдебиеті мен ауызша тараған
авторлы әдебиетінің мазмұны, яғни шығарманың сюжеті, мотив,
образдары жағынан бірдей болмағанымен, тілдік көрінісі, яғни
поэтикасы жағынан ілектестік бары сөзсіз. Қазақтың ауыз
әдебиеті бай дегенде, олардың санының шексіздігімен қатар,
жанрлық жағынан алуан түрлілігі еске алынады. Фольклор
қазынасында тек батырлар жыры мен лиро-эпостар ғана емес,
шешендік сөздер, ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер тағы
басқа бар екені белгілі. Жыр жанрының өзі батырлық жырлар,
ғашықтық жырлар, тұрмыс-салт жырлары болып әлденешеге
бөлінсе, тұрмыс-салт жырлары өз ішінен жар-жар, сыңсу, естірту,
жоқтау, бет ашар т.б. болып кете береді. Бұлардың аса бай екенін
мынадан көруге болады. Әдебиет және өнер институты ауыз
әдебиеті қазыналарынан жуық арада 100 томдық жинақ
шығаруды жоспарлап отыр. Бірақ қазақ лингвистикасында бұл
фольклорлық туындылардың тілі әлі күнге зерттеу нысанына көп
алынбай келеді. Қазіргі таңда зерттелгені – «Қозы Көрпеш Баян
сұлу», «Алпамыс», «Қыз Жібек», ертегілер, жұмбақтар, мақал-
мәтелдер, шешендік сөздер тілі ғана («Ер Тарғын», «Қобыланды»
жырларының тілі зерттелу үстінде).
3. Қазақ халқы немесе оны құраған ру-тайпалар өздерінің
жазу тәжірибесінде бірсыпыра ғасырлар бойына түркі тілдес
халықтар сауатты ұрпақтарына жақсы таныс болған, белгілі
дәрежеде нормаланған көне түркі әдеби тілі аталған тілді
пайдаланады. Бұл тілді пайдаланушылар – Орхон, Енисей
өзендері алқаптарын, бір кездегі Батыс Хун мемлекетінің
ұланғайыр территориясын, Орта Азияның батыс алқабы мен
Шығыс Түркістан өлкесін жайлаған түркі тайпалары еді.
Олардың қолданған тілінің ескерткіштері ретінде V-VІІІ ғ.ғ. тасқа
ойып жазылған сына жазуларын, одан кейінгі Х-ХІV ғ.ғ. қыпшақ
бірлестігі дәуірінде көне қыпшақ тілінде жазылған көптеген
көркем әдебиет шығармалары мен әр түрлі сөздіктерді айта
аламыз. Бұлар қазақ әдеби тілінің бір арнасы болып есептеледі.
Алайда бұл ескерткіштердің тілін қазіргі түркі халықтарының
біреуінің әдеби тілі ретінде қарау дұрыс болмаған болар еді,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
43
бұлар қазіргі бірсыпыра түркі халықтарына ортақ дүниелер. Дей
тұрсақ та, көне түркі (Орхон–Енисей, Талас) ескерткіштерінің
грамматикалық құрылысын, фонетикалық жүйесін, лексикалық
құрамын талдап қарасақ, қазақ әдеби тілінің негізгі
нормаларының көбі сол тілмен сәйкес келетіндігін көреміз. Бұл
әдеби тіліміздің нормаларының қалыптасуында көне түркі тілі
үлкен орын алғандығын байқатады.
Мәселен, көне түркі тіліндегі дауыстылардың жуан-жіңішке
болып төрт жұп құрайтыны (а – ә (е), ы – й (і), о - ө, ү – ұ),
үндестік заңының сол кезден басталып осы кезге жеткені, көне
түркі сөздерінде с мен ш (іш – іс, кіші – кісі, аш – ас), екінші
буында ү, ұ дыбыстарының орнына қысаң ы, і дыбыстарының
келуі (үчүн – үчін, тоқұз – тоқыз), жуан буынды сөздерге
қосымшаның да жуан түрінің жазылуы, керісінше (оғылыңа,
тұтдым, беглер, өзүм) т.б.
Морфология саласында тәуелдік, жіктік жалғауларының 3-
жақтағы формалары, септік жалғаулары көрсеткіштерінің
ұқсастығы, сілтеу, жіктеу, сұрау есімдік формаларының
бірдейлігін келтіруге болады. Әрине, көне түркі сөздерінің
барлығының тұлғасы қазіргі қазақ тілімен бірдей түсе бермейді,
әлденеше ғасыр өткендіктен, бұлардағы таг, мүгіз, өгүр сияқты
сөздер қазіргі тілде тау, бауыр, мүйіз, үйір болып өзгерген.
Сына жазулы ескерткіштер тіліндегі көптеген сөздер
мағыналық және тұлғалық жағынан қазіргі бірқатар түркі
тілдерімен, соның ішінде қазақ тіліндегі сөздермен ұқсас келетіні
байқалады. Олар, әсіресе, туыстық атаулары (аға, қатұн, қыз, іні,
сіңілі), табиғат құбылысына байланысты сөздер (иер, тағ, қар,
таш-тас, күн, суб), әлеуметтік қатынасқа байланысты сөздер (ел,
қан, бек, бай, күң), жан-жануар атаулары (ат, бұқа, бөрі, қой) т.т.
Зерттеушілер Ә.Құрышжанов пен М.Томанов ешқандай
айырмашылығы жоқ сөздер деп 130 сөзді, кейбір фонетикалық
ерекшелігі бар сөз деп 397 сөзді, ешқандай ұқсастығы жоқ сөздер
деп 311 сөзді тізіп көрсетеді. Міне осы көрсетілгендер Орхон-
Енисей, Талас ескерткіші тілінің қазақ әдеби тілінің бір арнасы
екендігіне біздің көзімізді жеткізеді. Тек бұл айтылғандар ғана
емес, сөз саптау өнерінің, өрнекті сөз кестелеу, ойды образбен
жеткізу, көркемдеу тәсілдерінің ортақтығы – түркі тілі дәстүрінің
қазақ тілінде үзілмей, өзара үндестік, жалғастық табуының
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
44
айғағы.
Мұндай ұқсастық ортақтық ХІ-ХІІ ғ.ғ. Қарахан әулеті дәуірі
ескерткіштері Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» (1069)
дастаны, М.Қашғаридің «Дивани луғат ит-түрік» (1072-74),
Ахмет Югнакидің «һибат – ул хакайк», Қожа Ахмет Яссауидің
«Дивану хикмет» атты шығармалары тілінен байқалады.
«Құдатғу білік» түркі жазба әдеби тілінде жазылған тұңғыш
көркем шығарма. Автор өз шығармасын Қашғардан Амударияға
дейінгі ұланғайыр территорияны билеген Қарахан мемлекетінде
өмір сүрген барлық түркі тайпалары түсінетін тілде жазғанын
айтады.
М.Қашғаридің «Диван лұғат ит-түркі» тек сөздік материалы
бойынша емес, ондағы келтірілген әдеби үлгілерге 300-дей өлең,
300-ге тарта мақал-мәтел, көркем теңеулер мен қанатты
сөздерден қазіргі әдеби тіліміздің бұдан бірнеше ғасырлар
бұрынғы бастау көзін көруге болады. Ондағы
«Алып Ер Тоңа өлди му?
Эсіз ажұн қалды му?
Адлік өчін алды му?
Эмді иүрэк иыртылар» деген үзіндіден ол үлгілердің қазақ
тілінде қаншалық жақындығын байқау қиын емес.
Қ.Яссауи «Хикметінің» лексикасына көз жіберсек, оның тілі
ХІІ ғ. өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпаларының сөйлеген тілі
екендігі айқын көрінеді. Мысалы, айақ (азақ емес), қой (қоз, қод
емес), қара иүз (қара бет), көңіл құшы, ит нәфсі, иолдан азу, иан
беру, қол қушыру, баш ұру т.с.с. Бір сөзбен айтқанда, бұл
шығарманың тілін де қазақ әдеби тілінің бастау көздерінің бірі
деуге әбден болады.
Монғол шабуылынан кейінгі дәуірде туған (ХІІІ-ХІV)
әдебиет те көптеген түркі тілдеріне ортақ. Бұл кезеңдегі
Хорезмидің «Мұхаббатнамесі» (1353), С.Сарайдың «Гүлстаны»,
«Кодекс Куманикус» сияқты қыпшақ ескерткіштерінен қазақ
тіліне ортақ жайларды байқаймыз. Мысалы, «Мұхаббатнамедегі»
мына жолдардан:
Эгер мың иыл тірілсэ Хатэми-тай (Атымтай)
Сенің атың эшіткеч йерлер өпкэй
Ұлұс тұттың қамұқ ғақылың күйден
Черік те қан тамар қылычың үчінден»
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
45
қазақ поэзиясымен үндестік яғни өлең құрылысы, сөз саптау
өрнегі, образды ой беру жүйесі ұқсас екендігі айқын көрінеді.
ХІV ғ. көркем туындылармен қатар қазақ тіліне тіпті жақын
тұратын екі ескерткіш бар. Оның біреуі - өткен ғасыр басында
Сарайшық қаласынан табылған қыш құмыраға жазылған жазу.
Онда «Құдатғу біліктен» алынған мынадай нақыл сөз бар: «Адам
көркі иүз болұр, иүз көркі ағыз болұр, ағыз көркі тіл болұр, тіл
көркі сөз болұр».
Екінші ескерткіш – 1391 жылы Ақсақ Темірдің Тоқтамыс
ханды шабуға бара жатып, Ұлытаудың Алтын шоқысына тас
үйдіріп, онда жазу қалдырған. Оны 1935 жылы Қ.Сәтбаев тауып,
Санкт-Петербордағы эрмитажға жіберген. Тастағы жазу
төмендегідей; « Тарих иеті иүз тоқсан екіде (1391) қой иыл
мизаның (маусым) айы Тұранның сұлтаны Темірбек иүз мың
черік білэ Тоқтамыс хан білэ санычмақға иүрді. Бұ иердін өтүб
белгі болсұн теб бу обаны қобарды Тәңрі нисбет бергей іншалла
тәңрі бу кішіге рахмат қылғай бізні дұға білэ иат қылғай».
Қорыта
айтқанда,
орта
ғасырдағы
түркі
жазба
ескерткіштерінің тілі, көркемдік дүниесі қазақ әдеби тілінің
бастауынан, қайнар көзінен хабар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |