51
даму екпіні мен қатты қысымшылық туғызған шаруалар
көтерілістері де (Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов бастаған
қозғалысы) осы тұсқа сай келеді. Бұл кезеңде қазақ жері Батыс
өлкесінен бастап Ресей патшалығының
қоластына кіре бастаған
еді. Бұл жағдай елдің әлеуметтік-саяси және экономикалық күй
қалпында өзгеріс-жаңалықтардың пайда бола бастауына бірден
бір себепші болғаны аян. Әсіресе, Ресеймен сауда жасау күшейді,
осыған орай айырбас сауда туды: қазақ қой мен жылқысын, тері-
терсегі мен жүн-жыбырын, әр алуан аң терілерін орыс
купецтерінің матасы мен былғарысына, үй-іші бұйымдары мен
айна-тарағына айырбастады. Дала
тіршілігіне ақша да келе
бастады. Жәрмеңке, айырбас орындарының (меновые дворы –
мұнайлар) саны артты. Сауда-саттықтың етек алуында қазақ
жеріне осы тұста патша үкіметі тарапынан орнаған қалалар мен
қамалдардың рөлі күшті болды (Петропавл, Орынбор, Семей,
Орал). Негізгі шаруашылық түрі бұрынғыша мал өсіру болып
қалса да, егіншілік кәсібінің айтарлықтай жайыла бастауы ХVІІІ
ғ. ІІ жартысында көзге түсті,
бұған Қазақстан жеріне осы
кездерде келіп қоныс тебе бастаған орыс шаруаларының кәсіп
әрекеттері де әсер етті. Егіншілікпен айналысқан аудандарда
қазақтар отырықшы тұрмыс қалпына, тұрғын үй мен мал
қораларын салуға ұмтыла бастайды.
Қазақ халқының бұл кездегі мәдени рухани дүниесінде
мынадай жайттар бар еді: азаматтық
білім беретін мектептер
жоқтықтан сауаттылар саны мейлінше аз. Сауаттылардың өзі
мұсылманша оқып, араб жазуымен хат танығандар еді. ХVІІІ ғ.
соңғы жылдарында әр жерде Ресей үкіметі тарапынан ашылған
«горнизондық» мектептер, Омбыдағы 1789 жылы ашылған «Азия
мектебі» әскери мекемелерге кадрлар, әкімшілік орындарының
тілмаштары
мен писарьлар дайындады, бірақ бұларда негізінен
билеуші топтардың балалары оқыды және олар өте аз болды.
Әдебиет нұсқалары халық арасына аз тарады. Баспа орындары,
кітап бастырып шығару дәстүрі, сондай-ақ шығармаларын
қолжазба ретінде жазып қалдыру немесе тарату дәстүрі де
болмады. Міне, осындай саяси,
әлеуметтік, экономикалық іс-
әрекет, күй-жағдайлардың баршасы тілде көрініс бермей
қалмады. Бұл кездегі қазақ тілі өзінің сан саласында, әсіресе
лексика-фразеология бөлігінде осы дәуірдің сипаты мен күйін
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ