Екінші деңгей- мектеп
директорының орынбасарлары, мектеп
психологы;
əлеуметтік
педагог,
қоғамдық
пайдалы
еңбек
ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық
бойынша директор
көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер
басшылары.
Үшінші деңгей- оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие
жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді
атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге
қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру
мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей- сыныптық жəне
жалпы мектептік өзіндік
басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға
алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-
субъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара
ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші – субъект
ролін де атқарады.
Сатысына қарай əрбір басқару
субъекті бір уақытта жоғары
деңгейлі басқарудың объекті – нысаны болып есептеледі.
Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл
ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі:
біріншісі- жалпы мектептік
жəне сынып ұжымы;
екіншісі- оқушылардың
қоғамдық ұйымдары,
спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену
топтары (бригадалары) жəне т.б. Педагогикалық жəне
оқушылар
ұжымдарының
өзара
бірлестік
іс-əрекеттері
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім
беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.
Достарыңызбен бөлісу: