Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет17/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Жалпы педагогика – адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша 
типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы 
негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. 
Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен 
тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу 
теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер 
педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік 
жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан 
əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері 
ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі 
күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін 
қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі 
тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар 


пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде 
оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық 
мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту 
педагогикасы жəне т.б.
Ғылыми 
пəндер 
ішінде 
ересектердің 
педагогикалық 
проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен – 
жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі 
ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан 
оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы 
кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары 
технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен 
таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек 
педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге 
нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық 
шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан 
жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа 
білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы 
жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика 
зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет