- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме
беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері:
табиғи (қалыпты оқу-тəрбие
процесі
жағдайында) жəне
зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру
үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз
алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент
қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны,
мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не
қысқа мерзімді болуы
мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен
танысуға бағытталған болса,
деректеуші (констатирующий) аталып, ал
оқушы не сынып ұжымының дамуына
қажет жағдайларды анықтауға
арналған күнде мұндай эксперимент-
қайта жасаушы (дамытушы) деп
аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек
бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны
жүргізу
техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында
ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі
мен
егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі
де маңызды келеді.
Жоғарыда аталған əдістер тобы
педагогикалық құбылыстар
танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара
ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы
топталған алғашқы деректік материалдың мəн-мағынасын ашып,
заңдары мен заңдылықтарын анықтау
зерттеудің теориялық талдау
əдісімен орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: