енген –
интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп,
бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып,
хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ
жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу
бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай
орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын
сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде
ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың
сипатын анықтап алған
жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден
өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға
редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың
шығармашылық туындыларын
зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба,
графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары;
балалардың
суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн
дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың
даралық қабілеттерінен
дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды
жетістіктерінің деңгейін көрсетеді.
Мектеп құжаттарымен танысу
əдісін
қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік
карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді
мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім
игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан
объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің
педагогикалық тиімділігін анықтау үшін
арнайы ұйымдастырылған
тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды.
Педагогикалық
Достарыңызбен бөлісу: