қойды. Білім мазмұнын іріктеуде дидактикалық формализм
тараптарлары математика жəне классикалық
көне тілдер сынды
дамытушылық сипатымен құнды пəндерді басшылыққа алды. (Дж.
Локк, И.Г.Петалоцци, Н.Гербарг жəне т.б.).
Қазіргі дəуір педагогикасында бұл екі теория да сынға ұшырауда.
Таза, жалаң күйінде аталған бағыттардағы педагогикалық жүйе оқу-
тəрбие міндеттерін ойдағыдай орындай алмайды. Мектептің басты
мақсаты- адамның ақыл-ес (интеллектуал) күштерін дамытып, сол
арқылы білім игеруге, оны қолдана білуге үйрету. Осыдан, бүгінгі
педагогика дидактикалық материализм мен дидактикалық формализм
бағыттарындағы оқу-тəрбие істерін бірлікте жүзеге асыруды қолдайды.
(К.Д.Ушинский).
XIX жəне XXғғ. шектерінде білім мазмұнын іріктеудің
дидактикалық
прагматизм теориясы қалыптасты. Бұл теорияны
қолдаушылардың (Дж.Дьюи, Г. Кершенштейнер)
пікірінше, білім
мазмұнының негізі жеке пəндерде емес, ол оқушының қоғамдық жəне
дара іс-əрекеттерінде. Білім мазмұны оқушылардың сол білімді
меңгеруге бағышталған ұжымдық еңбегі жəне белгіленген мəселені
шешуге сəйкес практикалық əрекеттерді қажет ететін пəнаралық
біліктер жүйесімен белгіленуі тиіс. Осы теорияға орай оқушылар
мейлінше еркіндікпен оқу пəндерін таңдауға құқылы, оқу-тəрбие
жұмысы оқушылардың субъектив сұраныстары мен қызығуларына
икемдестіріледі.
Европа, əсіресе, АҚШ мектептерінде кең енген бұл теория нəтижесі
білімдену деңгейінің күрт төмендеуіне соқтырды. Өткен ғасырдың 20-
жылдары Қазақстан оқу –жүйесінде “Төте оқу”
атымен қабылданған
бұл əдіс өз жалғасын таппады.
Дегенмен, материалдық жəне формальдық теориялар, дидактикалық
прагматизм бағыты уақыт талаптарын көтере алмағанымен, білім
мазмұнын қалыптастырудың осы заманғы бағыттарының өркендеуіне
үлкен ықпал жасады.
Белгілі поляк ғалымы
В.Оконь функционалды материализм атты
білім мазмұнын қалыптастыру теориясын жарыққа шығарды. Оның
пікірінше, қандай дидактикалық теория болмасын, ол
оқушылардың
білім алуын қамтамасыз етумен бірге сол білімдерді өз іс-əрекеттерінде
пайдалана білу ептіліктерінің де жетілуіне негіз болуы шарт, яғни
таным мен іс-əрекет ажырамас бірігімді байланысқа келуі қажет. Жеке
пəндер мазмұнында да сол пəннің жетекші ұғымы басты назарға алынуы тиіс.
Мысалы, биологияда – эволюция теориясы, математикада –
функционалды тəуелсізділік, тарихта – тарихи шарттылық жəне т.б.,
яғни білім мазмұнын таңдастыруда дүниетанымдық көзқарастарды
басшылыққа алған жөн. Дəрістер барысында оқушылар өз меңгерген
білімдерін практикада қолданып үйренетіндей жағдайлар жасалуы тиіс.
Көзделген нақты практикалық мəселелерді білім негізінде шеше отырып, шəкірт
табиғи , техникалық, мəдени жəне қоғамдық болмысқа сай өз мүмкіндіктерін қайта
қарап, өзгертуге үйренеді.
В.Оконь теориясы өз ішіне қоғамның
білімге қойған талаптарын
жəне оқушылардың жеке сұраныс –қызығуларын біріктіре қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы бүгінгі мектептің білім мазмұны ҚР
“Білім заңына” сəйкес құрастырылған. Бұл Заңға орай білім мазмұны
қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік ілгерілеуінің аса маңызды
жағдайаттарының бірі, сондықтан ол тұлғаның өзіндік қалыптасуына,
оның өз мүмкіндіктерін өз бетінше іске асыра алуына жағдай жасап,
қоғам дамуын, құқықтық мемлекеттің бекіп жəне жетілуін қамтамасыз
етуге бағытталған.
Білім мазмұнының міндеті-қоғамның əлемдік деңгейге сай жалпы
жəне кəсіби мəдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім
деңгейі мен білімдену бағдарламасының талаптарына сəйкес
əлем
бейнесін (образ мира) қалыптастыру; тұлғаның ұлттық жəне əлемдік
мəдениетке
араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған
жəне сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам жəне азамат тəрбиелеу;
қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, əрі қарай дамыту.
Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат - расалық,
ұлттық, этникалық, діни жəне əлеуметтік тегіне қарамай адамдар,
халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың
орнығуына жəрдемдесу, оқушының ерікті пікір мен наным таңдау
құқығын
іске асыруға көмектесу, əрқилы дүниетаным көзқарастарды
ымырашылдықпен ескеру.
Білім мазмұны жалпы жəне кəсіби білімдерден құралады.
Жалпы
Достарыңызбен бөлісу: