Тромбоциттер. Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе кан
пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің
300000, 20-40 жаста 311000, одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224000),
ал 70 жастан аса тромбоциттердің саны азаяды: орта есеппен 208000. Тромбоциттердің ен күшті
өзгеретін тұрақсыз мезгілі I жасқа дейін. Бүл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп
болады. Бүл емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін білдіреді. Баланың жасы ұлғая келе тромбоциттердін өндірілуі төмеддейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.
Қанның ұюы. Тромбоциттердің басты қызметі — қанның үюына катысуы. Қан тамырлары
жарақаттанғанда әдетте жараның бетін т р о м б деп аталатын қойылған қан түйіршігі тез жабады.
Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай
жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп те кетер еді. Қанның ұюы күрделі
ферментативті қүбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 - канда және ұлпада
т р о м б о п л а с т и н н і ң пайда болуы; 2 -тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3 -
тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне
айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып калады да
т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып,
жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан кабыршағы түсіп калады. Қанның ұюына
эритроциттердің күрамындағьт және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций
иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады.
Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2-ші күні баяу болады, ал 3-
ші күннен бастап 7-ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына
жақындайды. Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты
аздаған айырмашылық болады. 5,5-6 жаста қанның ұюы 1-2 минөттен кейін басталып, 3-4 минөтте
аяқталады. Сонымен қатар, алғашқы күндері мөлшері аз тромбопластин 3 аптада ересектердегідей
болады, ал жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда
болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады.
Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шүғылданғанда, әйел
екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ
болады.