26
келеді. Бұлшық еттердің қызметі тромбоциттерге күшті әсер етеді. Миогендік тромбоцитоз еңбектің
ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт спорт ойындарымен шұғылданғанда қанның құрамында жас қан
пластинкалары көп болады. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ғана жас ерекшеліктері
байқалады. Жас жігіт велосипедпен 50 шақырымды жүріп өткенде миогендік тромбоцитоз кезінде
қанда жас тромбоциттер көп болады, ал сондай қимыл жасаған 23-27 жастағы ересек адамдарда
миогендік тромбодитоз болғанымен, жас пластинкалар болмайды деген мәліметтер бар (А. А.
Маркосян, 1960).
Осы сияқты 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ЭТЖ, қанның тұтқырлығы, қанның ұюы
сияқты қанның физикалық және химиялық көрсеткіштерінде де байқалады.
Осы мәліметтерді тұжырымдай келе, оқу мен дене еңбегі қанға белгілі шамада әсер етеді. Ол
әсерлер еңбектің ұзақтығына байланысты деп айтуға болады. Яғни гигиеналық талаптарға сай
оқу мен дене шынықтыруды ұйымдастыру арқылы балалар мен жастардың организміне ауыртпалық
түсірмей, денсаулығын сақтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: