Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет36/66
Дата07.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#47955
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
ОЖЕФП дәрістер

Қанның құрамы мен қасиеттері. Қанның құрамы өте күрделі. Қан п і ш і н д і
э л е м е н т т е р , яғни қан клеткаларынан және сүйық п л а з м а д а н тұрады. Қанның пішінді 
элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл 
пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары күллі қанның 55-60%-ын, ал 
плазма 40-45%-ын кұрайды. Қан плазмасының кұрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % 
белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май 
және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, 
кальций, хлор тұздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі 
ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин т.б. заттар болады. Плазманың 
белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 жатады. 
Қанның пішінді элементтері 
Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады.
Эритроциттер. Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 
млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның ядросыз қызыл клеткалары, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. 
Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады. Мұндай пішін клетканың 
бетінің ауданын үлкейтіп, тасымалдау қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден 
дененің күллі клеткаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі 
эритроциттердің 
кұрамындағы 
белок 
заты 
гемоглобиннің 
катысуымен 
орындалады. 
Г е м о г л о б и н күрделі зат. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар бояулы заттан 
және г л о б и н белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе куысында оттегімен оңай қосылып, 
о к с и г е м о г л о бинге айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады 
да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен О
2
пайда болады. Босаған оттегі 
ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан 
пайда болған көмірқышқылын қосып алып карбоксиг е м о г л о б и н г е айналады. Бұл да жеңіл 
ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге қайтадан 
оттегі қосылады. Сойтіп гемоглобин өкпеден үлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір 
қышқыл газын тасиды. Көмір қышқыл газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін 
қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен немесе 
"иіс газымен" уланғанда) гемоглобиннің қүрамындағы екі валентті темір үш валентті темірге 
айналып, ол СО
2
к а р б о г л о б и н деп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып уланған 


24 
адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғанда 
бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда 
гемоглобин екі валентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады. 
Эритроциттер қан плазмасының осмостық, қысымының өзгерісіне аса сезімтал болады. Осмостық 
кысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан плазмасына 
шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті — оттегін тасымалдау қабілетінен 
айырылады. Гемоглобиннің қан плазмасына шығуын г е м о л и з деп атайды. Гемолиздің әсерінен 
қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін қиындатады. 
Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уакыт қойса, оның құрамындағы эритроциттер тұна 
бастайды да, бетіне қанның сарысуы шығады. Эритроциттердің т ұ н у ж ы л д а м д ы ғ ы (ЭТЖ; 
емханада орысша РОЭ немесе СОЭ дейді) қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ 
шамасында болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды 
көрсеткіш. 
Жаңа туған сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: а)ұрықтық эритроциттер; б) қалыпты 
эритроциттер. Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде қалыпты эритроциттер қосылады. 
Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы сағатында 1мм
3
қанында 6 , 5 - 7 , 2 млн эритроциттер 
болады. Өмірге жаңадан келген баланың қанына біраз шамада жаңа эритроциттер қосылады да 
алғашқы 5-6 сағатында 1 мм
3
6,62-7,5 млн эритроциттер болады. Бірақ алғашқы күннен бастап, 
ұрықтық эритроциттер ыдырап, орнына жаңа эритроциттер қосылады, сондықтан олардың 
саны бірінші тәуліктен бастап азая бастайды. 24 сағаттан кейін 1 мм

қанда 6,11-7,06 эритроциттер 
болса, 1 аптадан кейін 5,54-6,21 млң, 10 күннен соң 4,80-5,70 млн шамасына дейін азаяды. Бұл 
сәбидің ұрықтық эритроциттерінің бауырда ыдырауына байланысты жағдай. Алғашқы 1-2 жаста 
эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына т.б. сыртқы және ішкі әсерлерге 
байланысты өзгермелі келеді. Мүндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасында да 
байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. 
Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді. 
Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні оның қанындағы эритроциттердің 
саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды. 
Эритроциттердің құрамындағы гемоглобиннің мөлшері нәрестеде ересек адамнан жоғары болады. 
Егер ересек адамның эритроциттеріндегі гемоглобинді 100% деп алсақ, жаңа туған сәбидің 
қанындағы гемоглобин 140-145% болады, яғни 100 мл қанында 17-25 г гемоглобин бар. Сонымен 
бірге сәбидің гемоглобиндерінің оттегін қосып алу қабілеті де аздап жоғары: ересек адамда 1 г 
гемоглобин 1,34 мл оттегін, ал сәбиде 1,40 мл оттегін қосып алады. Сондықтан жаңа тутан сәбидің 
оттектік сыйымдылығы 35 мл (ересек адамда 18-21 мл) болып, зат алмасуының қаркынды өтуіне 
мүмкіндік береді. 
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып 
отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде 
өндіріліп, қан айналымына қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет