Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет41/66
Дата07.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#47955
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Байланысты:
ОЖЕФП дәрістер

Иммунитет және оның түрлері. Иммунитет (лат. иммунитас — бірдеңеден бос болу) адамның 
жұқпалы ауруларға карсы тұру қабілеті. Бул - адам организмінің өте күрделі, көптеген 
морфологиялық және физиологиялык касиеттерге байланысты калпы. Ертеректе кейбір 
аурулармен ауырған адамға сол аурудың жұқпайтыны белгілі болған (мысалы, кызылша, шешек, 
сүзек т.б.). Бул тужырымды ғылыми тұрғыдан ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы ғалымдар Э. Дженнер, Л. 
Пастер, И. М. Мечников, т. б. ашкан. 


27 
Әсіресе иммунитеттің ф а г о ц и т а р л ы қ
қағидасының маңызы үлкен. И.И. 
Мечников 1886 ж. жануарлар организмінің кейбір клеткалары — фагоциттер денеге енген бөтен 
заттардың бөлшектерін іліп ұстап алып, қорытып, бойына сіңіретінін байқаған. Адам денесінде 
мұндай фагоцитарлық кабілет лейкоциттерде, әсіресе нейтрофилдерде бар. Лейкоциттер адам 
денесінің сакшысы іспетті, бөтен зат денеге енісімен қан тамырынан шығып, жалған аяқтары арқылы 
бөтен заттың шоғырланған жеріне жылдам барады да оны қоршап алып, протоплазмасының ішіне 
тартып, арнайы ферменттер арқылы ыдыратып немесе бір-біріне жабыстырып бөтен заттың 
залалының алдын алады. Мұндайда кейбір лейкоциттердің қозғалыс жылдамдығы шамамен сағатына 
2 мм-ге тең. Бөтен заттың жиналған жерін лейкоциттер сол затпен бірге денеге енген 
микроорганизмдердің өсіп, өніп улы заттарды шығарып, дене ұлпасын қабындыруынан анықтайды. 
Бұл күресте лейкоциттер өздері өліп, қажетсіз қалдықтармен бірге денеден шығады. 
Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын басқа да маңызды заттар бар. Бұларға 
а н т и д е н е л е р мен а н т и т о к с и н д е р жатады. Антиденелер қанда болатын белок 
заттары - иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен пайда болады. Ол 
заттарға бактериялар, вирустар, басқа текті белокты заттар жатады. Оларды а н т и г е н д е р деп 
атайды (грек. анти-қарсы + генос-тек). Антитоксиндер — уланған кезде организмде пайда болатын 
усыздандырушы заттар (грек. анти + лат, токсинум - у, улы зат). Антиденелер, антитоксиндер мен 
антигендер - өте өзгеше үйлесімді заттар, яғни әр антигеннің немесе токсиннің өзіне ғана 
үйлесетін антиденелері мен антитоксиндері болады. Олар бір-біріне кілттің құлыпқа сай келетіні 
іспетті. Антиденелер ауру тудыратын микроорганизмдерді бір -біріне жабыстырып, енді 
біреулерін ерітіп жібереді. Денеге бөтен заттар, айталық шешек вирустары енісімен организм сол 
вирустарға қарсы антидене түзеді. Олар вирустармен күресіп, организмді қайталап аурудан сақтап 
қалады. 
Иммунитет т а б и ғ и және ж а с а н д ы болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда 
пайда болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі. 
Кей ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті кысқа 
мерзімдік болады (мысалы, грипп). Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың 
қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу арқылы 
жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады. 
Иммунитеттің т у а және ж ү р е пайда болған түрлері де бар. Мысалы, кейбір жануарлардың 
аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым қуалаған сол ауруларға қарсы тұру 
қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл - туа болатын
иммунитет. Ал 
жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден кейін пайда болған жасанды 
қабілет жатады. 
Иммунитетті ж а л п ы және ж е р г і л і к т і деп те бөледі. Бүкіл организмнің ауруға карсы тұру 
қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті 
иммунитетке жатады. 
Қорыта келгенде, иммунитет екі тетікке байланысты: денедегі кейбір клеткалардың фагоцитарлық 
қабілеті мен антиденелердің өндірілуі. Дегенмен, иммунитет өте күрделі, бүкіл организм жүйелері 
қатысатын және бір-бірімен байланысты болатын қабілет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет