Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет45/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   87
Байланысты:
реферат

 
 
5.2 . Репродуктивтік әдіс 
Репродуктивтік әдіс оқушылардың алған білімдерін қайталап, 
оны үлгіге сәйкес таныс жағдаяттарда қолдану үшін қажетті
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда қолданылады. 
Мұғалім берілген білімді және білікті жүзеге асыру жолда-
рын оқушылар естерінде сақтау үшін тапсырмалар жүйесінің 
көмегімен олардың іс-әрекетін ұйымдастырады. Мұғалім ауызша 
сөз бен баспасөзді, оқытудың көрнекілік әдістерін қолданады, ал 
оқушылар тапсырмаларды орындауда мұғалімнің көрсеткен сол 


107 
әдістері мен құралдарын қолданады. Репродуктивтік әдіс оқушы-
лар берілген білімді ауызша қайталап айтқанда, репродуктивтік 
әңгімелесуде, физикалық есептерді шығаруда көрінеді. Репродук-
тивтік әдіс зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау 
барысында да жүзеге асырылады. Репродуктивтік әдістің тиімді-
лігін артыру мақсатында мұғалімдер мен әдіскерлер өзін-өзі 
тексеру мен кері байланысты жүзеге асыру үшін арнайы жатты-
ғулар жүйесін, бағдарламалық материалдарды (дидактикалық ма-
териалдарды) құрастырады. Бір типті тапсырмалар мен жатты-
ғуларды үнемі пайдалану оқушылардың қызығушылығын төмен-
детеді. Сондықтан репродуктивтік әдісті қолданудың шегін біліп, 
оқушылардың жеке бастарының мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Негізгі мектепте оқыту үдерісінде репродуктивтік әдіс түсін-
дірмелі – иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Бір сабақтың 
барысында түсіндірмелі – иллюстративтік әдісті қолданып жаңа 
материалды түсіндіріп, репродуктивтік әдісті қолданып оны 
бекітіп, әрі қарай жаңа ақпаратты беруді жалғастыруға болады. 
Оқытуда осындай жолмен оқыту әдістерін алмастырып отыру 
сабақта 
оқушылардың 
белсенділігін 
артырып, 
олардың 
қарастырылып отырған материалға қызығушылығын туғызады.
Оқытудың екі әдісі де оқушылардың білімдерін, біліктілік-
терін, дағдыларын дамытып, оларда салыстыру, анализ, синтез, 
қорытындылау және т.б. сияқты негізгі ой-қызметтерін қалыпта-
сырады. Бірақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің 
дамуына көп әсері болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет