Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет42/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   87
Байланысты:
реферат

Физика 
бойынша 
педагогикалық-бағдарламалық 
құралдар (ПБҚ)
Қазіргі уақытта ПБҚ бірыңғай топтамалар да, қалыптасқан 
терминология да жоқ. ПБҚ-ны әртүрлі тәсілдермен: мақсаттары 
бойынша, кіммен қолданылатыны бойынша да, қолданылатын 
техника бойынша және т.б. топтастыруға болады. Бағдарламалық 
бақылауды, компьютерлік модельдерді, компьютерлік сипаттау-
ларды жиі бөліп көрсетеді. Сонымен қатар, тек лицензиясын 
төлеп пайдаланатын коммерциялық бағдарламалар, және еркін 
таратылатын бағдарламалар бөліп көрсетіледі. 
 
 
4.5. Мектептегі физика кабинеті және оның
жабдықталынуы 


102 
Оқытудың кабинеттік жүйесі дегеніміз-арнайы жабдықталған 
кабинеттерде оқу пәндері бойынша сабақ өткізу. Физика каби-
нетінің жалпы білім беретін мектептегі жаратылыстану пәндері 
үшін алатын маңызы ерекше. Орта мектеп физикасының 
мақсаты-еліміздің келешегі-жас ұрпақты техникалық мамандық-
тарға бейімдеп оқыту, тәрбиелеу.
Қазіргі таңда мектеп физикасының білім стандарттары, оқу 
бағдарламалары мен нұсқау хаттары, жаңа буын оқулықтары
(7-11 сыныптар), Қазақстан Республикасында орта білім берудің 
жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес 10-11 сы-
ныптарды қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-мате-
матикалық бағыттары мұғалімдерге кең көлемде жұмыс істеуді 
міндеттейді. 
Физика пәні бойынша тиянақты білім қалыптастыруға 
кабинеттің талапқа сай жабдықталуы және оны мұғалімнің 
сабақта тиімді пайдаланудың нәтижесінде қол жеткізуге болады. 
Физика кабинетінде оқушылармен бірлесе отырып жұмыс 
істеуге толық мүмкіндік бар. Оны төмендегі талдау арқылы 
көруге болады. 
1. 
Оқушылардың отыратын парталарының барлығы электр 
желісіне қосу. Әрбір оқушы өз бетінше физикалық тәжірибелер мен 
зертханалық-практикалық жұмыстарды жасауға мүмкіндік алады. 
2. 
Кабинеттегі стендалар: Оқушылардың теориялық
білімін практикамен ұштастыруға жағдай жасалады. Физикалық 
шамалар, тұрақтылар, Менделеевтың перидтық жүйесі, т.б. 
арқылы есептер шығарады. 
3. 
Сынып бөлмесін ақпараттандыру. Физика кабинеті 
оқушылармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін компьтермен 
жабдықтау. Графопраекторларды қолданғанда сұрақтарды немесе 
формулаларды, сызба-кестелерді, схемаларды, мультимедиалық 
проектор арқылы тақтаға ілінген экран арқылы ортаға салуға 
болады. Электрондық оқулықтағы тест тапсырмаларын компью-
терге оны түсіріп, есепт ер шығаруға болады. Мұның бір 
ерекшелігі: уақытты үнемдеп, тиімді пайдалануға болады. 
Оқушылар емін-еркін жұмыс істеуге мүмкіндік болады. 
Қорытындысында жедел бақылау әдісі бойынша оқушы өзінің 
жұмысына түзетулер жасауға мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет