Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет41/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87
Байланысты:
реферат

Кестелер мен модельдер. 
Кестелер – мұғалімге оқу материалын түсіндіру үшін қажетті 
иллюстративтік материалдардан тұрады. Кестелерді тақтаға 
салып көрсету мүмкін емес иллюстративтік материалдар сурет-
теледі. Көп жылдар бойы кестелерді «Просвещение» баспасы 
шығарып келді. Кестелердегі материалдар әр сыныптың физика 
курсының бағдарламасына сәйкес жасалынып жинақталынады. 
Таблицаларда нақты көрсете алмайтын техникалық құрыл-
ғылардың бейнесі көрсетіледі. Қондырғыларды сыртқы бейне-
сімен қатар, оның ішкі құрылысын көрсететін кесінді түріндегі 
кескіні де беріледі. Кестелер әртүрлі авторлармен жасалады,
бірақ аса көрнекілігімен, әсерлігімен және мазмұндылығымен
М.А.Ушаковтың кестелері ерекшеленеді. 
Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды деуге болады.
Оларды кесте мазмұнын көрсете алатын басқа құралдар ауыс-
тыруда. Кестелерден басқа физика кабинеттерінде әртүрлі мо-
дельдер болады. Кейбір модельдер – заводта жасалған, кейбірі – 
қолдан жасалынады. Модельдер тиісті бір аспапты немесе 
құрылғыны оқыту кезінде көрнекілікті күшейту функциясын 
атқарады. Модельдер статикалық (кристаллдық тор моделі) және 
динамикалық немесе кинематикалық (Броундық қозғалыс моделі) 
болып бөлінеді. Оқушыларға өз беттерімен (фонтан, шлюз т.б.) 
модельдер жасауға тапсырма беріп, олардың ізденімпаздық, 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер етуге болады.
Жаңа ақпараттық технология құралдары. 
Жаңа ақпараттық технологияның аппараттық құралдарына 
дербес компьютер, бағдарламалық құралдарға бағдарламалық-


101 
педагогикалық құралдар деп аталатын арнайы жасалған 
дидактикалық материалдар жатады.
Соңғы кездерде физиканы оқыту үрдісінде компьютерді 
қолдану белсенді түрде жүзеге асып келеді. Себебі, қоғамдағы 
адам баласының қызмет ететін сфераларының жаппай компью-
терлену процесі білім беру жүйесіне де әсер етті. Компьютер 
мұғалім мен оқушының кез-келген сабақтағы көмекші құралы
болып табылады. Компьютер физик-зерттеушінің ең көп тараған 
құралы болғаны соншалық, теориялық және эксперименттік 
физикамен қатар жаңа тараудың – компьютерлік физиканың 
пайда болуына түрткі болды. Компьютер құрылысы, оның бір 
бөлек элементтерінің жұмыс істеу принципі тұрғысынан мектеп-
тік информатика курсы физика курсы тарапынан қолдауды қажет 
етеді. Сонымен қатар, өз кезегінде физика курсын оқушыларда 
үлкен қызығушылық туғызатын материалмен қамтамасыз етеді. 
Нәтижесінде компьютер физика курсында оқыту құралы ролін 
атқарады. 
Оқу құралы ретінде компьютер мұғалім мен оқушыға 
көмекші құрал болып табылады. Мұғалім үшін ол автоматтан-
дырылған сынып журналы, білім тексеру құралы, көмекші құра-
лы, сабаққа әзірлік құралы ролін атқарса, оқушы үшін тапсыр-
маларды орындау құралы ролін атқарады.
Оқу пәні ретінде компьютер физикалық заңдар мен құбылыс-
тарды қарастыруда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет