ҚОСЫМША В Қарым-қатынастың түстер тестісі (М.Люшер тесті) Өткізуге нұсқаулық Тестілеу рәсімін өткізу үшін дәстүрлі әдістеме мен стандартты ықпал ету
материалы болданылады. Түстің дәстүрлі түсінігі Люшер қолданған түстер
реңктерін толық көрсетпейді. Алайда дәл осы реңктер орнықты статистикалық
материалмен қуатталған түс таңдаудың «сигналдық» мәнін күшейтеді. Сондықтан
қатаң орнықты статистикалық материалды қолдану керек. Түсті карточкалар ақ
фонда сынақтан өтушіден теңдей қашықтықта кез келген ретпен беріледі. Оған
өзіне «ең тартымды», «жайлы» түсті таңдау тапсырылады және оны кейін сынақтан
өтушінің көз алдынан алып тастайды да рәсім соңғы - ең ұнамсыз түс қалғанша
жалғаса береді.
Әрбір тексеруде бір түстер қатарын қолдану ұсынылады, себебі сынақтан өтуші
түс таңдауды қайталау сөйлемін не есті тексеру, не «қатені жөндеу» сөйлемі ретінде
қабылдауы жиі кездеседі. Осылайша, зерттеуші субъективтік жағымдылығы
жағынан кему ретімен берілетін 8 түстен тұратын түстер қатарын таңдап алып,
қолданатын болады.
Кепілдендірілген сапаға ие стандартты стимулдау материалдың қажеттілігін
ашып көрсету қажет. Себебі түс реңктері, сыртқы бетінің фактурасындағы азғантай
өзгерістің өзі жеке цветограмманы өзгертеді.
Сынақтан өтушілерге (педагогикалық колледж студенттеріне) нұсқаулық:
1. Бланкінің жоғары қатарын түстерді ұнатуыңыздың ретіне қарай нөмірлеп,
толтырыңыз.
2. Қазір мен сіздерге ұғымдар немесе әрекеттерді атайтын боламын, ал сендер
оларға қандай түс сәйкес келетінін шешетін боласыңдар. Бұл түстердің нөмірлерін
бланкінің келесі қатарларының сәйкес көздеріне жазып шығыңдар.
Назар аударыңдар, сендерге ең ұнамды түс - сол жақта, ал неғұрлым ұнамсыз
түс - оң жақта орналасқандығы анықталады.
ФАӘ_______________________________, топ______________-
1
2
3
4
5
6
7
8