Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері


Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге



Pdf көрінісі
бет54/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

3.3 Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
дайындығын арттыратын қалыптастырушы эксперименттің мазмұны
Қазіргі заманауи білім беру мекемелерінде білім алушылардың кәсіби 
пәндік дайындық сапаларын арттыруға және жеке тұлғалық, рухани, 
адамгершілік, әрі дене дамуларын да қарастырып қамтитын орын білім беру 
ортасы болып табылады. «Орта» түсінігі педагогикада жеке адамның 
қабілеттері, қажеттіліктері, қызығулары мен сана-сезімдерін қалыптастыру 
және дамытуға әсер ететін жағдайлар мен шарттардың жиынтығы деп 
түсіндіріледі. Әдетте ереже бойынша зерттеушілер жоғары оқу орнының білім 
беру ортасын әлеуметтік ортаның бір бөлігі ретінде қарастырып, зерттеушілер 
оны «адамның қалыптасуы, дамуы мен өмір сүруі үшін оны қоршаған 
қоғамдық, материалдық және рухани дамуының жағдайлары» деп және «нақты 
жеке тұлға, әлеуметтік қауымдастық дамитын адамдар аралық қарым-
қатынастардың нақты шынайы байқалуы» деп қарастырады.
Үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
даярлықтарын арттыруға септігін тигізетін қалыптастырып дамытушы 
эксперименттің мақсаты: осы жүйедегі жалпы білім беру педагогтарының 
ағылшын тілін меңгеруге даярлықтарын арттыруды көздей отырып, кәсіби 
қызметтеріне жағымды мотивацияны қалыптастыру. 
Қалыптастырушы эксперименттің міндеті:
– үздіксіз білім беру жүйесі педагогтарының ағылшын тілін меңгеруге 
даярлықтарын арттыру; 
– аталмыш жүйе педагогтарының кәсіби қызметтеріне жағымды 
мотивацияны дамыту; 
– жаңартылған білім беру мазмұнын терең басшылыққа ала отырып, 
ағылшын тілін меңгерулерін Блум таксономиясы жүйесінде дамыта айтылым, 
жазылым, тыңдалым процестерін инновациялық әдістер көмегімен белсеенді 
ету;
– кәсіби білім беру жүйесі педагогтарының заманауи таңдағы озық 
иинновациялық технологияларды (интерактивті әдістер, белсенді оқыту 
әдістері, кәсіби ойындар, іскерлік ойындары мен тренингтер және т.б.) 
қолданулары арқылы білім алушылардың деструктивті, рефлексивті және 
бірікен-диалогты танымдық процестеріне қол жетімді болуын қамтамасыз ету 
үшін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Белсенді оқытуда студент үлкен дәрежеде оқу іс-әрекетінің субъектісі 
ретінде болады енжар оқуға қарағанда, оқытушымен диалогқа түседі, 
шығармашылық, ізденістік, проблемалық тапсырмаларды орындай отырып 
танымдық процеске белсенді қатысады.Оқытудың белсенді әдістері бірқатар 
әрекеттерді табысты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді:
– 
топта бейімделуге қабілеттілік;
– 
жеке байланыстар орнатуға, ақпаратпен алмасу шеберліктерін дамыту;
– 
топтың іс-әрекетіне жауапкершілікті қабылдауға дайын болу; 
– 
идеялар, жобалар құруға және ұсынуға қабілеттілік;
– 
тексерілген қауіп-қатерлерге және стандартты емес шешімдер 
қабылдауға дайын болу;


151 
– 
қателер мен кейбір орынсыз әрекеттерді қайталамауға үйрену; 
– 
көпсөзді болмау, бірақ түсінікті болу, өз ойын анық және сенімді нық 
айта білу қабілеттілігі;
– 
қабылданатын шешімдердің салдарын көре білу қабілеттілігі;
– 
өз іс-әрекетін және уақытын тиімді басқара алу шеберлігі.
Тыңдалым процесі өзге тілдік қатарда жетекші болып табылады. Ол өзіне 
тыңдау мен әрі оны бір мезгілде айтылған сөзді түсінуді қосып алады да, ең жиі 
қолданылатын, яғни жалпы уақыттың 45%-н алады. Тыңдалым жиі, 
қанағаттанарлық, толық емес, өте жақсы, өте жақсы қанағаттанарлықсыз болып 
келеді. Бұл көптеген факторларға байланысты: тілдік жүйемен таныстық 
дәрежесіне, тілдік ақпаратты ұсыну түріне, тақырыптың қызық және 
маңыздылығына, қоршаған ортадағы шуыл, ызыңдардың болуы, аудитордың 
жеке-дара психологиялық ерекшеліктеріне, оның бойында тыңдалым үшін 
қажетті маңызды деп есептелетін зейін мен есінің дамуы. Егер де тілдік 
ақпаратты қабылдауды ұйымдастыруда барлық кешенді тәуелділіктер 
ескерілмеген жағдайда ақпараттың 70-80%-ы жоғалатындығы эксперимент 
арқылы дәлелденген.
Жақсы тыңдалым, талқылау тақырыбына қызығушылық, тілдік 
ерекшеліктерді жақсы сыртқы кедергілердің болмауы, айтушының тарапынан
сөздің дұрыс ұйымдастырылуы (мысалы, тиімді қарқын, нақты дәл 
артикуляция, логика, мәнерлілік), аса жеткілікті зейіннің болуы, оперативті 
естің жақсы көлемінің болуы, күшіне қарай жүйке жүйесінің қасиеттері, 
интроверттіліктің жеке тұлғалық ерекшеліктері – бұл көрсеткіштердің барлығы 
тыңдалымды жақсартады және ақпараттың жоғалмауына септігін тигізеді.
Тыңдалымның 
жеке-дара 
ерекшеліктерін 
анықтау 
мақсатында 
«Тыңдаушының сұлбасын құру» әдісін қолдандық, оның көмегімен 
сыналушылар өздерінің жеке кемшіліктерін талдауға қол жеткіздік. 
Сыналушылар тыңдалымның түрлі аспектілеріне қатысты сұрақтарға жауап 
берді де, ось бойынша орындарын белгіледі. Абцисстің осінде сұрақтар 
нөмірлері, ал ординаттың осінде - + 3 тен –3 баллға дейін тереңдетіп түсіндіріле 
шкала бойынша жауаптар, қойылды, мысалы: баға дәрежесіне сәйкес: +3 – 
маған тән екен, маған қатысты +2 – жеткілікті түрде маған қатысты, тән, +1 – 
кейде байқалады, –3 – ешқашан болуы мүмкін емес, –2 – әдетте болмайды, –1 – 
мүлдем болмайды, 0 – білмеймін. Керемет нұсқаларда кесте келесідей түрде 
болады (17-сурет). 
Сурет 17 – Тыңдаушының сұлбасын құру 


152 
Тыңдаушыға қойылған сұрақтар тізімі: 
1. Тыңдау кезінде мен жеңіл түрде басқаға ауыса алам ба? 
2. Мен тыңдап отырғандай түр көрсетпеймін бе? 
3. Мен тек сыпайылық сақтау үшін ғана тыңдамаймын ба? 
4. Қарсылас сөйлеуші жәй сөйлеген кезеңде армандап кетпеймін бе? 
5. Егер де мен тыңдаудан жалықсам, тыңдай беремін бе? 
6. Сөйлеушіні мен жиі бөле беремін бе? 
7. Мүмкін мен тыңдамай, өз жауабымды ойланатын болармын? 
8. Асығыстық қорытынды жасамаймын ба? 
9. Есімдегі негізгі фактілерді сақтауға тырыспаймын ба екен?
10. Сөйлеуші адамға мен негативті көзқарас танытқаным жоқ па екен? 
Жеке графикалық сұлбаны салыстыру керемет нұсқамен тыңдалымдағы 
адамның өз кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Алғашқы 5 сұрақтар 
тыңдалымның басты сапасы – зейінді бағалайды. Егер де сыналушы өте жиі 
жағдайда төмен нәтижелер көрсететін болса, онда зейіннің қасиеттерінен 
жеткіліксіз табысты тыңдалымның болмау себептерін іздеу керек. 6,7,8-ші 
сұрақтар тыңдаушының шыдамсыздығы, өзінің «Менін» көрсетуге деген 
ынтасы сияқты сапа-қасиеттермен байланысты. 9-шы сұрақ тыңдаушының ес 
қасиеттерін 
бағалайды. 
10-шы 
сұрақ 
тыңдаушының 
эмоционалды 
тұрақтылығымен қатысты болады. Мейлінше, аудитор қасиеттерін талдауда 
объективті де мәліметтерді қолданған жөн, олар тыңдағанды айтып беру, 
хабарламаның негізгі фактілерін санап талдау. Артынша рефлексия жұмысы 
сыналушыларға бақылау сұрақтарын қою арқылы жүзеге асырылды.  
Бақылау сұрақтары: 
1. Тыңдалым процесі деген не? 
2. Тыңдалымның төмен тиімділігін не нәрсемен түсіндіруге болады? 
3. Тыңдалым бағасының объективті критерийлері қандай? 
Еркін пікірталас. Берілген пікірталастың мәні мынада: яғни топ нәтижеге 
бірден келмейді, бірақ белсенділік сабақтың аясы шеңберінен тыс та жалғаса 
береді. Топтық жұмыстың мұндай процедурасы негізінде «Б.В. Зейгарник 
эффектісі, яғни тиімділігі» жатады, оның мазмұны мынада: яғни аяқталмаған 
әрекеттерді адамның жоғары дәрежеде есте сақтауымен сипатталады, 
сондықтан қатысушылар өздерімен жеке оңашада сол қалған аяқталмаған деп 
санаған шешімдерді «ойда шешуді» жалғастырады.
Пікріталасты өткізудің тиімділігі мына факторларға байланысты болады: 
– сыналушының ұсынылған тақырып бойынша дайындығы (ақпаратқа 
мәлім болуы және құзіреттілігі); 
– семантикалық біржақтылық (барлық терминдер мен түсінік, ұғымдар 
барлық қатысушылар арқылы бірдей түсінікті болуы тиіс); 
– қатысушылардың мінез-құлықтарының өте әдептілігі; 
– педагогтардың пікірталасты жүргізе білу шеберлігінің болуы. 
«Дөңгелек үстелдің» дұрыс ұйымдастырылуы дамудың үш сатысынан 
өтті: бағдарлану, баға мен консолидация. 
2. Кіріспе. Бірінші сатыда сыналушылар проблемаға және бір-біріне 
адаптацияланып үйренеді, яғни бұл кезеңде қойылған проблеманың шешіміне 


153 
арнайы 
бағдарлану 
жүзеге 
асады. 
Әрі 
педагогтар 
(пікірталасты 
ұйымдастырушы) арқылы келесі міндеттер шешілуі тиіс болады: 
– проблема мен пікірталас мақсатын қою. Ол үшін не нәрсе талқыланады, 
әрі талқылау нені береді дегенді анықтап алу керек болады;
– қатысушылардың таныстығын ұйымдастыру (егер де топ мұндай 
құрамда бірінші рет жиналып отырса). Ол үшін әрбір студенттің тұрып өздерін 
таныстырып немесе «сұхбаттасу» әдісін қолдануға болады, мұнда яғни 
қатысушылар жұпқа бөлініп бір-бірлеріне қысқаша таныстық әңгімесін (5 
минуттан аспайтын) жасайды; 
– қажетті мотивацияны құра білу, яғни проблеманы баяндап, оның 
маңыздылығын көрсетіп, ондағы шешілмеген және қарама-қайшылықты 
сұрақтарды қарастырып, күтілетін нәтижені анықтау жүзеге асады (шешім); 
– пікірталас регламентін анықтау, нақтырақ айтқанда сөз сөйлеушілердің 
регламентін анықтау қажет болады; 
– пікірталасты жүргізу ережелерін құрастыру, оның негізгісінің бірі – 
әрбір қатысушы сөйлеуі тиіс. Әрі міндетті түрде: сөйлеушіні мұқият тыңдау 
керек, оның сөзін бөлмеу керек, өзінің ұстанымын аргументпен дәлелдей алу, 
қайталанбау керек, артық конфронтацияға бармау, толық көзі жетпейінше және 
сөз соңына жетпейінше пікір айтушыларды бағаламау керек болады; 
– қайырымды атмосфераны және жағымды эмоционалды ортаны құра 
білу керек. Мұнда педагогтарға сыналушыларға қатысты жеке тұлғалық қарым-
қатынас жасау, әңгімені динамикалық сипатта жүргізе білу, ым мен ишараны 
дұрыс қолдана білу, әрине күлкіні орынды қолдану да көмектеседі. Мына 
жайтты үнемі естен шығармау керек: кез-келген белсенді оқыту әдістерінің 
негізін кикілжіңсіздік құрайды!; 
– терминдер мен ұғымдардың біржақты семантикалық түсінікті болуына 
қол жеткізу және т.б. Ол үшін сұрақтар мен жауаптардың көмегімен түсініктік 
аппарат бөлімін нақтылап алып, зерттелетін тақырыптың жұмысшы 
анықтамаларын анықтау қажет болады. Түсініктік аппаратты жүйелі түрде 
нақтылап анықтап отыру сыналушылардың бағдарларын, тек қана түсінікті 
терминдерге сүйену дағдыларын қалыптастырып, түсінуі қиындық тудыратын 
сөздерді кем қолдануға үйретіп, анықтама әдебиетті жүйелі түрде қолдануға 
дағдыландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет