Креативті деңгей. Коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға
ынтасы айқын байқалады. Зияткерлік іс-әрекеттерін таныта алады, оған ерік-
жігері жақсы дамыған. Эмпатияны, толеранттылықты адами қарым-қатынаста,
ӛмірлік жағдаяттарда, кәсіби салада кӛрсете алады. Коммуникативтік
креативтілік саласынан білімі терең; коммуникативтік креативтілікті
қалыптастырудың мәні мен мазмұнын жете біледі; тілдік мазмұн, зияткерлік
іс-әрекет, шығармашылық, сӛйлеу мәдениеті, креативті ойлау туралы білімі
жан-жақты, осы білімдердің ӛз кәсібіндегі мәнін жете түсінеді;
коммуникативтік креативтілікті қалыптастыруға бағдарланған пәндер бойынша
білімі бар; коммуникативтік креативтілікті қалыптастыру әдістемесінен біледі.
Коммуникативтік креативтілігін іс-әрекетте танытаат алады. Күрделі
жағдаяттарда, проблеманы қоюда және шешімдер қабылдауда стандартты емес
жылдам, жеңіл, ерекше, айрықша ойын таныта алады, ойының ұшқырлығы мен
ұтқырлығын кӛрсете алады. Сӛйлеу мәдениеті жоғары. Коммуникациялық
қарым-қатынаста ашықтық, икемділік танытады. Бір сӛзбен айтқанда
коммуникациялық субъектаралық ӛзара түсінушілік қарым-қатынаста тілдік
мазмұны, сӛйлеу әдебі, зияткерлік ақыл-ой ӛрісі, шығармашылық
дарындылығы дамыған, стандартты емес ерекше ойлайтын, жылдам жеңіл
шешім шығаратын тұлға деңгейі.
Сонымен біз 1.2 тармақшасында коммуникативтілік креативтілік
құраушыларын, коммуникативтік креативтілікті қалыптастыруда айқындалатын
коммпоненттер мен ӛлшемдерін, кӛрсеткіштері мен деңгейлерін анықтадық.
Аталған қалыптастыруды жүйелі іске асыру үшін зерттеу проблемамыздың
құрылымдық-мазмұндық моделін жасап алу қажеттілігі туын,дады. Ол туралы
1.3 тармақшасында жан-жақты баяндалады.
1.3 Бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік
креативтілігін қaлыптacтыpудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Зерттеу
барысында
болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік креативтілігін жүйелі қалыптастырудың қажеттілігі оның
құрылымдық-мазмұндық моделін жасау керектігін туындатты. Осыған орай
зерттеу проблемамыздың моделін жасаудан бұрын, алдымен модель ұғымына,
олардың түрлеріне талдау жасап кетуді жӛн санадық.
«Модель» термині, латынның «modules» сӛзінен шыққан, ол «ӛлшем»,
«әдіс», «бейне» деген ұғымдарды білдіреді деп кӛрсетілген [176]. Қазақша-
орысша аударма сӛздікте «Модель» - үлгі, сұлба, ӛрнек, ӛң, кейіп деген ұғымды
білдіреді. Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігінде «Модель» - бір нәрсенің үлгі
макеті. Қазіргі заманға сай жаңалау, жинақтау деген түсінік береді. Қазақ
тілінің түсіндірме сӛздігінде: «Модель - үлгі, макет» - деп беріледі [177]. Ал
«нобай - бір нәрсенің жалпылама алғандағы жобасы, сұлбасы».
Философиялық сӛздікте «Модель» - зерттеу үшін арнайы жасалған
объектіде, басқа бір объектінің сипаттамасын қайта жаңғырту. Объектінің ӛзін
тікелей зерттеу мүмкін болмаса, қиын қымбатқа түссе не кӛп уақыт жұмсауды
52
қажет ететін болса, онда модельдеу қажеттігі туады. Модельдердің негізгі
артықшылығы - олардың қолайлылығы, шапшаңдығы және зерттеуге кететін
шығынның аздығы [177, б . 58].
Философтар пікірінше «модель» - деп, объект туралы жаңа ақпарат беруге
қабілетті ауыстыратын объектіні бейнелейтін немесе тудыратын материалдың
жүзеге асқанын немесе ойша бейнеленген зерттеу жүйесін айтады. Модель
түсінігін қалыптастыру үшін, ең алдымен оның қайда «жұмыс істеу» қажеттігін
түсініп, ол қандай талаптарға жауап беретіндігін шешіп алу қажет [177, б . 60].
Психологиялық сӛздікте «Модель» - оқу әрекетін модельдеу деген ұғымды
білдіреді. Оқу әрекетін модельдеу екі аспектіден тұрады: Біріншісі - оқу
үрдісіндегі білімді меңгеру болса, екіншісі - оқудағы іс-әрекет элементінен
тұрады.
Сонда, бірінші аспектіде модель мен модельдеуді психологиялық бағыт
білім жүйесіне енгізу болса, екіншіде - модельдеудің формасын, әдісін
қолданылатын әрекетінің ерекшелігін білім алушылардың икемділігіне қарай
бағыттауды кӛрсетеді [177, б . 75].
Модельдеу әдісі - ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың
модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің
пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен
құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге,
себептерге, тағы басқаға байланысты [178]. Модельдеу кез келген затты
мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің (субъект) баса кӛңіл қойып
отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Заттар мен процестерге
қосалқы белгілерден айырып, объектіні құбылыстарға, ондағы жалпы, негізгі,
елеулі белгілерді табуға мүмкіндік беріледі. Сол себепті модельдеу танымның
әдісі, формасы, категориясы болып есептеледі [178, б . 58].
Теориялық тұрғыдан қалыптастырылған ережелердің ӛзі азаматтық заңдар
мен заңдылық актілердің жеке - дара кӛрінетін моделі болып табылады. Қандай
да бір кітаптың мазмұны оның моделі ретінде қарастырылады. Сондықтан да
модель қандай да бір объектінің немесе құбылыстың, үдерістің ӛмір сүруі мен
жүзеге асырылуының сипаттамасы ретінде қарастырылады.
Модель негізінен модельдеудің барысында жүзеге асырылады. Педаго-
гикалық тұрғыдан зерттеліп отырған сапаны қалыптастыру моделін сызба
түрінде де, мазмұндық сипаттама ретінде де беруге болады.
Модельдерді жасау үдерісі ғылымдарды дамыту үдерісі секілді үздіксіз
болып келеді. Оқу барысында кӛрнекті модельдер жиі пайдаланылады.
Модельдер білім алушыларға тікелей қабылдау үшін түсініксіз нысандар мен
үдерістерді кӛзбен шолып елестетуге кӛмек береді.
Модельдерді шартты түрде үш түрге бӛлуге болады: физикалық
(түпнұсқаға ұқсас); заттық-математикалық (олардың физикалық табиғаты
прототиптен ерекшеленеді, бірақ түпнұсқаның әрекетінің математикалық
сипатталуы мүмкін); логикалық-семиотикалық (арнайы таңбалардан, символдар
мен құрылымдық кестелерден құралады) [179].
Модельдердің аталмыш түрлері арасында аса қатты шекара жоқ.
53
Педагогикалық модельдер кӛбіне аталған түрлердің екінші және үшінші
тобына кіреді. Бұдан кейін модельдерді жасау, зерттеу және пайдалану үдерісі
болып саналатын «модельдеу» ұғымына тоқталған жӛн. Тұлға модельдерді
жасау үшін «материалдардың» екі типін - сананың ӛзінің құралдарын және
қоршаған материалдық әлемнің құралдарын пайдаланады, сондықтан
модельдер абстрактілі (идеалды) және пәндік (нақты, заттық) болып бӛлінеді.
Модельдеу формалары алуан түрлі және пайдаланатын модельдер мен оларды
қолдану саласына байланысты. Модельдердің сипатына қарай заттық және
таңбалық (ақпараттық) модельдеу түрлері ерекшеленеді [180].
Достарыңызбен бөлісу: |