54
кезегінде, элементтер жиынтығынан тұратынын, оның ішінде жобалау
теориясын қамтитынын ескере кеткен жӛн. Дидактикада модельдеудің рӛліне -
оқыту теориясына арналған педагогика бӛліміне жүгіне отырып кестелерді,
физикалық конструкцияларды,
таңбалық формулаларды, бір сӛзбен айтқанда
модельдерді пайдаланбай оқушылар үшін материалды баяндау үдерісі тиімсіз
болатынын айта кету қажет. Дидактикада модельдеу оқу материалының
құрылымын оңтайландырудың, оқу үдерісін жоспарлауды жақсартудың,
танымдық қызметті және оқу-тәрбиелік үдерісті, оқуды диагностикалауды,
болжауды, жобалауды басқарудың маңызды мәселелерін шешу үшін
қолданылады. Жалпы білім беру циклінің кез келген пәні модельге сүйенгенді
жӛн кӛреді. Педагог А.Н. Дахиннің [181, б. 78] бӛлген кезеңдерінде
педагогикалық модельдеудің негізгі ережелерін тұжырымдауға болады: 1)
үдеріске ену және модельдеу үшін әдіснамалық негіздерді таңдау, зерттеу пәнін
сапалы түрде
сипаттау; 2) модельдеу міндетінің қойылуы; 3) зерттелетін
нысанның
негізгі
элементтері,
нысанның
параметрлері
және
осы
параметрлердің ӛзгеруін бағалау критерийлерін анықтау арасында тәуелділікті
нақтылау арқылы модельді жасау, ӛлшеу әдістемелерін таңдау; 4) алға қойған
мәселелерді шешуде модельдің сәйкестігін зерттеу; 5) педагогикалық
экспериментте модельді қолдану; 6) модельдеу нәтижелерін мазмұнды
түсіндіру.
Модельдеуді қолдану оқу-тәрбиелік құбылыстар мен үдерістердің
маңыздылығын барынша тереңінен танумен, зерттеудің
теориялық негіздерін
тереңдетумен байланысты. Педагог-зерттеуші: оқу үдерісінің құрылымын
оңтайландыру, оқушылардың танымдық дербестігін, оқу үдерісінде білім
алушыларға деген тұлғалық-бағдарланған тәсілді белсендендіру моделін
әзірлей алады.
Модель ұғымының мәнін, түрлерін талдау нәтижесі
оның ғылым
саласына қарай құрылуында ерекшеліктері болатындығын көрсетті.
Дейтұрғанмен
модельдің белгіленген заттың, құбылыстың, үдерістің
басталуынан соңына дейтін оған қажет болатын өзарабайланыстағы жасау,
түзету, бағалау мазмұнын, әдіс-тәісілдерінің жиынтығын жүйелі қамтитын
мазмұндық құрылым, екендігінің барлығына ортақтығын жоққа шығармайды.
Біз де зерттеуімізде ӛзіміздің модель туралы осы тұжырымымызға сүйене
отырып, педагогикалық модель, соның ішінде зерттеу проблемамыздың
құрылымдық мазмұндық моделін жасаймыз.
Мақсаттық бӛлімде мақсаты, басшылыққа алатын әдіснамалық тұғырлар,
қағидалар
қамтылса,
мазмұндық
–
аталған
қалыптастыруды
қамтамасыздандыратын оқу мазмұнын қарастырады, ал
іс-әрекеттік – осы
мазмұнды жүзеге асыратын формаларды, әдіс-тәсілдерді, құралдарды,
педагогикалық
экспериментті, жалпы қалыптастыру әдістемесін жүзеге
асыруағы барлық процессуалдық әрекеттерді жинақтайды, нәтижелік
коммуникативтілік
креативтілік
қалыптасқандығының
компоненттерін,
ӛлшемдері мен деңгейлерін белгілейді (сурет 2).
55
Сурет 2 - Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік
креативтілігін қалыптастыру моделі
Достарыңызбен бөлісу: