Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерге
теориялық талдау жасау; озық тәжірибелерді зерделеу; әдебиеттердегі,
қолданыстағы диагностикалық құралдарды сараптау және қолдану, сауалнама;
әңгімелесу; бақылау; тест; педагогикалық эксперимент; зерттеу нәтижелерін
қорытындылау.
Зерттеудің базасы: Қoжa Axмeт Яcaуи aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-түpiк
унивepcитeтiндe, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінде, Қopқыт Aтa aтындaғы Қызылopдa мeмлeкeттiк унивepcитeтiндe
жүpгiзiлдi.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі: -
болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
-
болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін қалыптастырудың мәні анықталды;
-
болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;
-
болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін қалыптастырудың әдістемесі жасалды және оның тиімділігі
тәжірибелік-экспериментте тексерілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыруға арналған оқу-әдістемелік кешен әзірленіп, оқыту үдерісіне
ендірілді: элективті курстың бағдарламасы: «Тұлғаның коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру»; оқу құралдары: «Креативті педагогика»,
«Қарым-қатынас мәдениеті»; электронды оқу құралдары: «Қарым-қатынас
мәдениеті», «Коммуникативтік креативтілікті дамытуға арналған жаттығулар
жинағы»; оқу модулі бойынша жеке сабақтар: Педагогика, «Педагогикалық
технология және инновация».
Зерттеу нәтижелерін жоғары педагогикалық оқу орындарының бастауыш
сынып мұғалімін кәсіби даярлау үдерісіне, кәсіби біліктілігін жетілдіру
орталықтарында, педагогикалық колледждерде, жалпы орта білім беру,
қосымша білім беру ұйымдарында пайдалануға болады.