Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет6/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
diss.jum.29.12.2018

Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
коммуникативтік креативтілігінің қалыптасуы рухани жаңғыру мен тӛртінші 
ӛнеркәсіптік революция жағдайындағы талаптарға сәйкес мемлекетте
шығармашыл, зияткерлігі, коммуникативтік қарым-қатынас мәдениеті
креативтілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандардың кӛбеюіне ықпал етеді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып теория мен 
практиканың бірлігі туралы философиялық идеялар, таным теориясы, тұлғаның 
даму мен тұжырымдар, қоғамдық даму құбылыстарын зерделеудегі тұлғалық-
әрекеттік қатынас, шығармашылық теориясының қағидалары, жоғары білім 
беру жүйесіндегі қағидалар, креативтілік, коммуникативтік креативтілік туралы 
теориялық тұжырымдар табылады.
Зерттеу кӛздері: философтар, психолог пен педагогтардың ғылыми 
еңбектері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы қарарлары, Білім және 
ғылым министрлігінің жоғары білім беру мәселесі туралы нормативті 
құжаттары мен оқу кешендері (тұжырымдамалар, стандарттар, типтік оқу 
бағдарламалары және т.б.); шетелдік және қазақстандық педагогтардың ғылыми 
жетістіктері мен озық тәжірибелері; ғылыми мерзімді басылымдар; ізденушінің 
педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі. 
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу жұмысы 3 кезеңге сәйкес жүргізілді. 
Бірінші кезең (2015-2016жж.) - қарастырылып отырған проблема зерттеу 
материалдары жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, жоғары оқу 
орындарының, мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері жинақталып
қорытыланды, теориялық негіздері анықталды, ғылыми мақалалар даярланып, 
басылым кӛрді, тақырып аясында материалдар жиналды. 
Екінші кезең (2016-2017жж.) - тақырып бойынша теориялық-әдістемелік 
негіздерін жасау жалғасын тапты, элективті курс бағдарламасы даярланып, 
мазмұны айқындалды және оқу модульдері, жеке сабақтар әзірленді. Оқу-
әдістемелік құралдар мен электрондық оқу құралы жарық кӛріп, оқу үдерісіне 
ендірілді, ғылыми мақалалар даярланып, баспадан шығарылды. Тәжірибелік-


12 
эксперименттің анықтау және қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды, 
аралық кесінділер алынды.
Үшінші кезең (2017-2018 жж.) – диссертацияның мазмұны ғылыми 
мақалаларда жарияланды және семинарларда талқыланды. Тәжірибелік 
эксперимент барысында алынған қорытынды нәтижелерге талдау және ӛңдеу 
жасалды. Зерттеудің нәтижелері жүйеленіп, қорытындыланды. Нәтижелер 
диссертацияның мазмұнына еңгізіліп, тиісті тұжырымдар жасалып, ұсыныстар 
берілді. Әдебиеттер жүйеленіп, диссертация талап бойынша рәсімделді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет