Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет3/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
diss.jum.29.12.2018

 



АНЫҚТАМАЛАР 
Бұл диссертациялық жұмыста келесі анықтамаларға сәйкес сілтемелер 
қолданылған. 
Коммуникация – субъектілердің тілдесуі арқылы жүзеге асатын қарым-
қатынас, ӛзара субъектілік түсінушілік.
Креативтілік – жаңа проблемаларды анық қоюда, айрықша жылдам 
шешуде маңызды, ерекше стандартты емес ойлаудың жасампаздықпен жарқ 
етуі.
Болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
коммуникативтік 
креативтілігі – оның ӛзара субъектілік қарым-қатынасындағы жаңа маңызды 
проблемаларды қоюды және оларды айрықша, жылдам, тиімді шешуді 
қамтамасыздандыратын кәсіби-тұлғалық сапасы. 
Қарым-қатынас – адамдар арасындағы қызмет саласы және әлеуметтік 
талаптарға сай білім, ой-пікір алмасулар. Қарым-қатынас арқылы адам ӛз 
қызметінің белгілі бір мақсаттарын жүзеге асырады. 
Креативті ойлау – бұл ерекше идеяларды тудыруға, ойлаудың дәстүрлік 
сызбасынан ауытқуға, мәселелік жағдайларды тез шешуге қабілеттілік
креативті шығармашылыққа қабілеттің дамуы үшін қажетті ойлаушылық және 
тұлғалық қасиеттердің жиынтығы. 
Дарындылық – іс-әрекеттің жемісті орындалуын ғана емес, «тек және 
жоғары нәтижені» болжайтын сапалы ӛте «жоғары» психикалық қабілет. 
Шығармашылық сана мен мінез-құлықтағы субъектіні қайта жасау
олармен туылатын және одан ӛнім шығаруы мүмкін жаңаны тудыруды 
білдіреді. 
Ойлау – бұл ӛзіне бағытталушылық-зерттеушілік, қайта жасаушылық және 
танымдық сипаттағы әрекеттер мен операцияларды қосатын жүйені болжайтын 
теориялық және тәжірибелік іс-әрекеттің ерекше түрі. 
Оқыту технологиясы – бұл оқыту үрдісіне қажетті техникалық және 
ақпараттық құралдарды қолдана отырып оқытушылар мен курсанттардың ӛзара 
іс-әрекет тәсілі туралы ғылым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет