Pisa 2012 Ұлттық есеп Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/25
Дата13.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#4042
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

жаратылыстану
оқу
«Алатау» 
колледжі
 
Осылайша,  тест  тапсырмаларын  орындау  пайызы  бойынша  алғаш  рет 
жүргізілген  ішкі    талдау,  қазақстандық  15-жастағы  зерттеуге  қатысушы 
білімгерлердің  нәтижелілігіPISA-2012  тест  шәкілінің  халықаралық  орташа 
деңгейіне сәйкес келетінін көрсетті. ЭЫДҰ халықаралық базасының мәліметтері  
республика-аймақ-қала/ауыл-оқыту  тілі-  сан  және  орындалған  тапсырмалар               
% тұрғысынан салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік берді.  
 Республика 
білімгерлері 
математикалық 
және 
жаратылыстану 
ғылымдары сауаттылығынан жаман емес нәтижелер көрсетті.  

 
197
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
Үш  бағыт  бойынша  жоғары  нәтижелерді  Астана  қаласының  дарынды 
балаларды  оқытуға  арналған  қазақ  тілінде  білім  беретін  «Зерде»  мектебі  мен 
Алматы 
қаласындағы 
қазақ 
тілінде 
оқытатын 
ұлдарға 
арналған 
мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың білімгерлері  көрсеткен.  
Табысты  нәтижелерді  Павлодар  қаласындағы  орыс  тілінде  білім  беретін 
№6    мектеп-лицейі  мен  Орал  қаласындағы  эстетикалық  бағыттағы  гимназия 
оқушылары көрсеткен. Математикадан да, жаратылыстану пәндерінен де және 
оқу  сауаттылығы  бойынша  да  ең  үздік  нәтижелерді  Қызылорда  қаласының 
қыздарға арналған  №10  ҚТЛ  білімгерлері көрсеткен. 
PISA-2012  халықаралық  мониторингтік  зерттеуінде  Оңтүстік  Қазақстан 
облысы білімгерлері аутсайдерлер болып отыр.  
Осылайша,  PISA-2012-дегі  қазақстандық  білім  алушылардың  аймақтық 
салыстырудағы  нәтижелерін  талдау,  жобаға  қатысушылардың  математика 
тапсырмаларын  орындау  табыстылығы    халықаралық  емтиханның  басқа 
бағыттарымен 
салыстырғанда 
жоғары 
екендігін 
көрсетеді. 
Тест 
тапсырмаларының  41  %  орындалу      көрсеткіштері  халықаралық  рейтингте                
432 ұпайды құраған. Зерттеуге қатысушылардың  оқу сауаттылығын бағалайтын 
тапсырмаларды орындау барысында төмен нәтижелерін көруге болады.          
 
 
 
 
 
 
 
 

 
198 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
ҚОРЫТЫНДЫ 

 
PISA-  2012  қатысушыларының  басым  бөлігін  қазақ  тілінде  білім  алатын  15-
жастағы білімгерлер құрады (61%). 
 

 
Республика  бойынша  бағыттар  тұрғысынан  тест  тапсырмаларын  орындау 
көрсеткіштері: математикалық сауаттылық - 41%, жаратылыстанудан - 40%, оқу 
сауаттылығы - 38%. 
 

 
Қарағанды  облысы,  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Ақмола  облысы,  Астана  және 
Алматы 
қалалары 
білімгерлерінің 
нәтижелері 
үш 
бағыт 
бойынша 
республикалық орташа көрсеткіштен жоғары. 
 

 
Тілдік  мәнмәтінде  орыс  тілінде  білім  алатын  қатысушылар  алынған  білімді 
қолданудың анағұрлым табысты көрсеткіштерін  берді.  
 

 
Жалпы  сынақта  республикадағы  мамандандырылған  мектептер  мен  Өскемен 
қаласындағы НЗМ білімгерлері жетістіктің жоғары деңгейін көрсетті.  
 

 
Қала-ауыл тұрғысынан  алғанда, қалалық білімгерлердің халықаралық емтихан 
тестін табысты орындау көрсеткіштері жоғары. 
 

 
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдары  білім  алушыларының  табысы,   
жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен салыстырғанда анағұрлым төмен.  
 

 
Қатысушылардың  тең  санымен,  жараталыстану  ғылымдары  дайындықтары 
бойынша  Ақтөбе  және  Маңғыстау  облыстарының    15-жастағы  білім 
алушыларының  көрсеткіштері бірдей. 
 

 
 Үш  бағыт  бойынша  салыстырмалы  нәтижелерді  Астана  және  Алматы 
қалаларынан зерттеуге қатысушылар көрсетті. 
 

 
 
 
199
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
IV ТАРАУ   
МӘНМӘТІНДІК ТАЛДАУ 
 

 
 
200 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
201
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
4 ТАРАУ. МӘНМӘТІНДІК ТАЛДАУ  
 
Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті  болуы  шарттарының  бірі  жоғары 
экономикалық  өсу  мен  өмір  сапасын  арттыруды  қамтамасыз  ету  елдің 
мемлекеттік  білім  беру  саясатын  тиімді  жүзеге  асыру  болып  табылады. 
Экономикалық өсу көбіне халықаралық өлшемдермен бағаланатын білім беру 
сапасына  байланысты.  Ханушек  пен  Весманның  (Hanushek  &  Woessmann,               
2010 ж.)  есептеулеріне сәйкес  PISA халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша 
қосымша  50  ұпай  экономикалық  өсудің  жуырдағы  40-50  жыл  ішіндегі                           
1 пайызға артуына әкеледі екен.  
Егер  білім  беру  сапасын  назарға  алатын  болсақ,  экономикалық  өсуде  
білім  беру  ұзақтығы  ешқандай  маңызды  емес.  Бұл  дегеніміз,  білім  беру 
сапасына  инвестиция  жасау,  шыққан  шығынның  орнын  бірнеше  есе 
толтыратын  керемет экономикалық пайда әкеледі дегенді білдіреді. Сонымен 
қатар,  білім  беру  сапасын  арттыру  экономикалық  теңсіздіктің  кемуіне  және 
инклюзивтік  өсудің  артуына  септігін  тигізеді.  Осы  жағдайларда  елдің 
мемлекетаралық  салыстырмалы зерттеулерге қатысуының маңыздылығы арта 
түседі.   
Осы бөлімнің негізгі  міндеттері – PISA-дағы бірқатар елдер білімгерлерінің  
жетістік  бағыттарын  әлеуметтік-экономикалық  және  білім  беру  факторлары 
тұрғысынан  қарастыру  және  осы  көрсеткіштердің    өзгеру  бағдарларын 
салыстыру.  
Белгіленген  міндеттер  шеңберінде  елдің  білім  беру  жүйесі,  оқыту 
үдерістері  мен  ұйымдастыруы  (әлеуметтік  мәртебе,  жанұяның  материалдық 
жағдайы  және  басқалар)  туралы  ақпарат  ұсыну  қажеттігі  туындайды.                           
Ең  алдымен,  бұл  елдегі  жүргізілетін  білім  беру  саясаты  болып  табылады. 
Отбасы,  әлеуметтік,  экономикалық    сипаттамалардың  басым  ролі  PISA-2012                

 
 
202 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
15-жастағы  білімгерлердің  халықаралық  зертеуден  алынған    нәтижелерінің  
маңызды біртұтас ақпараты болып табылады.  
PISA-ның  әрбір  айналымында  зерттеуге  қатысушылар  мен  мектеп 
директорларына  арналған  арнайы  құрастырылған  сауалнамалар  бірге  жүреді. 
Педагогтарға келетін болсақ, олар  сауалнамаға қатыспайды, себебі 15-жастағы 
білімгерлер  тізімі  түрлі  сыныптарда  оқуы  мүмкін  жалпы  тізімнен  алынады                   
(7  –ден  бастап,  және  жоғары)  және  оқушылар  мен  оларды  оқытатын 
мұғалімдердің арасындағы байланысты орнату өте қиын.   
Оқыту  үдерісі  түрлі  мәнмәтіндік  өзгермелілерден  тұратындықтан,                    
PISA  математикаға,  жаратылыстану  пәндеріне  және  оқуға    тиімді  оқытуға 
септігін  тигізетін  маңызды  факторлар  туралы  ақпарат  жинайды.  Арнайы 
сауалнамалар  көп  деңгейлі  құрылым  түрінде  сиптатталатын  (кеңістік),  білім 
беру  нәтижелеріне    мәнмәтіндік  ықпалдың  барлық  кеңістігі  бойынша  ақпарат 
жинауға бағытталған (4.1 кестесі). 
4.1 кестесі. Мәнмәтіндік  өзгермелілер түрлері 
 
Бар жағдайлар  
Күрделі үдеріс 
Нәтиже 
 
Білім беру жүйесінің 
деңгейі 
Макроэкономикалық, 
әлеуметтік, мәдени және 
саяси мәнмәтін. Білім беру 
институттарының 
сипаттамалары 
 
Білім беру ұйымы 
Жүйелік және 
институционалдық 
деңгейлердегі 
нәтижелер  
 
Оқыту үдерісін 
ұйымдастыру 
деңгейі 
 
 
Оқыту үдерісінің 
сипаттамалары 
 
 
Оқыту ортасы 
 
Оқыту үдерісін 
ұйымдастыру 
деңгейіндегі  
нәтижелер  
 
Жеке деңгей 
 
Білімгер сипататмалары 
 
Жеке деңгейдегі оқыту 
 
Оқытудың жеке 
нәтижелері 
Дереккөз: PISA техникалық есебі (ЭЫДҰ) 2006 
 
Осымен,  PISA  жобасының  авторлары  білім  беру  нәтижелеріне  ықпалын 
тигізетін  барлық  жүйелі  көздерді  қамтуға  тырысады.  Осыған  байланысты,  
осындай  сауалнаманың  басты  мақсаты  мүдделі  тұлғаларға  барлық  қажетті 

 
 
 
203
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
ақпаратты ұсыну (саясаткерлер, мектеп директорлары, мұғалімдер, білімгерлер 
мен олардың ата-аналары). 
 «Тестілеу  нәтижелері  қатысушыларды  білім  жетістіктерін  жақсарту 
туралы  ақпарат  беріп,  оларды    ізденуге  ынталандырғанымен,  оларға  осы 
мақсаттарға  қол  жеткізу  стратегияларын  тұжырымдау  үшін  қажетті  қосымша 
ақпарат  қажет.  Мұндай  ақпарат    елдің  ішіндегі  және  елдер  арасындағы 
жетістіктердегі  айырмашылықтың  әлеуетті  қөздерін  көрсетіп,  академиялық 
жетістіктер  мен  білім  сапасын  арттырудың  анағұрлым  тиімді  стратегияларын 
қалыптастыру үшін қолданылуы мүмкін» (ЭЫДҰ, 2009). 
 
4.1. Білім берудегі теңдік пен әлеуметтік-экономикалық факторлар   
 
Білім  берудегі  теңдік  туралы  үлгерімі  ең  нашар  және  ең  жақсы  
білімгерлер  арасындағы  көрсеткіштің  аражігіне  қарап  пайымдауға  болады. 
Білім берудегі теңдік деп барлық білімгерлердің ең аз стандарттық сауаттылық 
деңгейіне қол жеткізуін айта аламыз.  
                Бірінші жағдайда, үлгерімі ең төмен және ең жоғары білімгерлер 
арасындағы  айырмашылық,    көрсеткіштері  төмен  білімгерлердің  табысты                  
өз құрдастарынан қаншалықты артта қалғанын көрсетеді. Ал ең аз стандарттық 
сауаттылық  деңгейіне  қол  жеткізе  алмайтын  білігерлер  саны,  оқуды 
жалғастыруға,  немесе  жұмысқа  орналасуға  мүмкіндік  беретін  білім  базасын 
барлық  білімгерлердің  алмайтынын  көрсетеді.  Білім  берудегі  абсолюттік  те, 
біршама қалыпты теңдік өлшемі де, бізге мектеп жүйесі сапалы білім алу үшін 
барлық оқушыларға қаншалықты бірдей қолжетімділікті қамтамасыз еткендігін 
сипаттауға мүмкіндік береді.  
Осы бөлім, білім берудегі теңдікті екі тұрғыдан қарастырады: біріншіден, 
әлеуметтік-экономикалық  жағдай  мен  отбасы  құрылымының  ықпалы, 

 
 
204 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
екіншіден 
түрлі 
әлеуметтік-экономикалық 
мәртебесі 
бар 
мектептер 
қаншалықты сапалы  мектеп білімін қамтамасыз ете алады. 
Отбасы  мен  әлеуметтік-экономикалық  мәртебе
.
 
PISA  қатысушыларының 
көрсеткіштеріне    әлеуметтік-экономикалық  факторлардың  тигізетін  ықпалын  
бағалау  үшін,  білімгерлер  туралы  егжей-тегжейлі  ақпарат  жинақталды.                     
Бұл  ақпарат  білім  беру  деңгейі  мен  ата-аналардың  мамандығы,  отбасындағы 
мәдени және білім беру ресурстарының болуы туралы мәліметтерді қамтиды.  
Жағымды 
отбасы 
ортасы 
білімгерлердің 
жақсы 
акадамиялық 
жетістіктеріне  септігін  тигізеді.  Ата-аналар  балаларының  оқу  мәдениеті  мен 
қызығушылықтарын    тәрбиелейді,  үй  тапсырмаларын  орындауға  көмектесіп, 
мектеп  аясындағы  оқыту  үдерісіне  тікелей  қатысады.  Үлкен  жастағы 
білімгерлер  үшін  отбасындағы  қолдау  үй  тапсырмасын  орындау  барысында  
айтарлықтай  роль  атқарады  және  ата-аналар  мұғалімдермен    және  мектеп 
директорларымен  ата-аналар  жиналысында    және  басқа  да  мектептік 
шараларда өзара әрекет ете алады.  
Толық  емес  жанұяларда    жағымды  отбасылық  жағдайды  құру  қиындау 
болады.  Олар  әдетте,  білімгерлердің  жоғары  оқу  нәтижелеріне  қол  жеткізу 
үдерісін  одан  әрі  күрделендіре  түсетін,  төмен  әлеуметтік-экономикалық 
мәртебеге ие болып келеді.   
ЭЫДҰ елдерінде халықаралық зерттеудің 15-жастағы  қатысушыларының  
13%  ата-аналардың бірі ғана бар отбасында тұрады, осындай білімгерлер мен 
толық  отбасы  бар  құрдастарының  арасындағы  аражік    15  ұпайды  құрайды.     
Осы айырмашылық оқытудың шамамен жарты жылына тең келеді.  
Хорватияда,  Португалияда,  Чилиде,  Италияда,  Түркияда,  Ресей 
Федерациясында,  Австрияда,  Латвияда,  Тайландта    осындай  статистикалық 
айырмашылық  жоқ.    Осы  орайда,  Жапонияда,  АҚШ-та,  Польшада,  Қытай 
Тайпейінде,  БАӘ,  Бельгияда,  Нидерландта    осы  аражік  ЭЫДҰ  орташа  мәнінен 

 
 
 
205
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
екі есеге артық. Казақстан мен  Эстонияда керісінше жағдай  қалыптасып отыр. 
Сонымен,  91%  толық  отбасынан  шыққан  Қазақстандық  PISA-2012  жобасына 
қатысушылар, толық емес отбасынан шыққандарға қарағанда,  орташа алғанда 
2  ұпайға    кем  жинайды.    Бұл    елдегі  көптеген  жалғыз  аналар  мен  әкелер  
жоғары  білімді,  баласына  жан-жақты  тәрбие  беруге  ұмтылатын  жан 
екендігімен түсіндіріледі (4.1.1 кестесі). 
4.1.1 кестесі. Білімгерлер нәтижелері / отбасы құрамы 
 
Елдер  
 
Білімгерлер , % 
Математика, ұпай 
Толық емес отбасы 
Толық отбасы 
Толық емес отбасы 
Толық отбасы 
Ресей Федерациясы 
22 
78 
487 
488 
Туркия 

96 
455 
457 
Жапония 
12 
88 
515 
543 
Польша 
16 
84 
499 
524 
Нидерланд 
11 
89 
502 
530 
Катар 
11 
89 
339 
399 
Эстония 
19 
81 
525 
524 
Казақстан 
14 
86 
435 
433 
ЭЫДҰ 
13 
84 
487 
502 
  
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
 
 
Осылайша,  зерттеуден  алынған  мәліметтер  Қазақстандық  15-жастағы 
білімгерлердің  отбасы құрамына тікелей  тәуелді емес екендігін көрсетеді.  
Білімгерлердің  оқуының  табысты  болуына  тікелей  әсер  ететін 
факторлардың  бірі 
ата-аналардың білім деңгейі
. Осы пайыз неғұрлым жоғары 
болса,  табыс  та  соғұрлым  айтарлықтай  болады.  PISA-2012  халықаралық 
есебінде  берілген,  зерттеу  респонденттерінің    сауалнама  мәліметтері 
көрсеткеніндей,  ЭЫДҰ  елдерінде  көптеген  жоғары  білімді  ересек    адамдар  
өмір  сүреді.  ЭЫДҰ  елдерінде  ата-аналарының  жоғары  білімі  бар  білімгерлер 
(ата-аналарының кем дегенде біреуінде), ата-аналарының білім деңгейі төмен 
білімгерлерге қарағанда 77 ұпайға артық нәтиже көрсеткен. 
15-жастағы  Қазақстандық  зерттеуге  қатысушылардың  сауалнамасы  
білімгерлер  ата-аналарының  87%  жоғары  білімді  екенін  көрсетті.  Сәйкесінше, 

 
 
206 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
олардың    «математикалық  сауаттылық»  бағыты  бойынша  нәтижелері,  ата-
аналары 
төмен 
білім 
деңгейіне 
ие 
білімгерлердің 
 
табыстылық 
көрсеткіштерімен салыстырғанда 44 ұпайға жоғары болып отыр (4.1.2 кестесі) 
4.1.2 кестесі. Білімгерлердің нәтижелері/ ата-аналардың білімі  
 
Елдер 
Білімнің төмен деңгейі 
Білімнің жоғары деңгейі 
Білімгерлер, % 
Математикадан 
орташа ұпай 
Білімгерлер, % 
Математикадан 
орташа ұпай 
Шанхай-Кытай 
25 
564 
44 
643 
Гонконг-Кытай 
30 
537 
22 
601 
Корея 

509 
57 
574 
Эстония 

478 
58 
531 
Ресей 
Федерациясы 

416 
91 
487 
Казақстан 

391 
87 
435 
Чили 
22 
377 
35 
458 
ЭЫДҰ 
12 
440 
52 
517 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
 
 
 Халықаралық  база  мәліметтері  бойынша  PISA-2012  тест  тапсырмаларын 
орындау  нәтижелілігі  көрсеткіштерінде    олардың  ата-аналарының  жалақы 
деңгейіне    байланысты    ұқсас  айырмашылықтар  байқалады  (төмен  төленетін 
және  жоғары  төленетін  жұмыс).  Зерттеуге  қатысушылардың  табысы  төмен 
отасынан  шыққан    тек  3%,  ата-аналары  жоғары  жалақы  алатын  құрдастарына 
қарағанда 32 ұпайға төмен нәтиже көрсеткен (4.1.1 сурет). 
4.1.1 
Сурет

Қазақстан

білімгерлер нәтижелері 

атқаратын қызметі
Математика бойынша нәтижелері
Білім алушылар
, %
Ата
-
аналары 
жалақысы жоғары 
жұмыста істейтін білім 
алушылар
Ата
-
аналары 
жалақысы төмен 
жұмыста істейтін білім 
алушылар
Дереккөз

ЭЫҰД халықаралық есебі «
PISA-2012 
нәтижелері»
 

 
 
 
207
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
Ата-аналарының  табысы  төмен,  немесе  жұмыссыз    білімгерлердің,                    
ата-аналарының  әлеуметтік-экономикалық  мәртебесі  жоғары  білімгерлерге 
қарағанда,  жоғары  академиялық  көрсеткіштерге  қол  жеткізу  мүмкіндіктері 
азырақ  болып  келеді.    Тұрғындардың  осал  топтарынан  шыққан  балалардың,  
олардың  жағдайы  жақсылау  отбасынан  шыққан  құрдастарына  қарағанда,                  
оқу  барысындағы    немесе  мектептен  тыс  шараларға  қатысу  мүмкіндіктері 
шектеулі  (Johnson et al., 2001). 
PISA-2012 
зерттеу 
нәтижелері 
 
көрсеткеніндей, 
білімгерлердің 
математикалық біліктілігі қалыптасуы мен ата-аналарының қызметі арасындағы 
айтарлықтай  байланыс  бар.  Білімгерлерге    мынадай  сұраққа  жауап  беру 
ұсынылған:  «Қазіргі  кезде  ата-аналарың  немен  айналысып  жатыр? 
Жауаптардың  нұсқасы-«толық  төлемге  жұмыс  істейді»,  «толық  емес  төлемге 
жұмыс  істейді»,  «жұмыс  істемейді,  бірақ  іздеп  жатыр»,  басқасы  (оқиды,                      
үй жұмысымен айналысады, зейнетте ). 
Нәтижелерді  өңдеу  мәліметтері  бойынша    әкелері  уақытша  жұмыс 
істемейтінін  айтқан  Қазақстандық  15-жастағы  зерттеуге  қатысушылардың      
23%,  жауаптың  басқа  нұсқасын  көрсеткендерге  қарағанда,  21  ұпайға  төмен 
нәтиже  көрсеткен.    Халықаралық  сарапшылар  атап  өткеніндей,  бұл  жарты 
жылдық  оқытуға  сәйкес  келеді.  Аналары  жұмыс  істемейтін  Қазақстандық 
білімгерлердің 38%, аналары жұмыс істейтін білімгерлерге қарағанда 13 ұпайға 
төмен жинаған.  
PISA-2012  қатысушы  елдер  арасында  халықаралық  салыстыруда  анасы 
жұмыс  істемейтін  білімгерлердің  ең  көп  саны  Туркия–  85%,  Жордания  –  83%, 
Тунис – 76% және БАӘ  – 73% елдеріне келеді екен.  Ал, әкелері жұмыс істейтін 

 
 
208 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
білімгерлердің ең көп саны Жапония (97%), Швейцария (94%), Исландия (94%) 
және Чех  Республикасында  (93%) (4.1.3 кестесі). 
4.1.3 кестесі. Математика бойынша нәтижелер/ ата-аналар жұмысы 
 
 
Елдер 
PISA-2012 қатысушылары, % 
Математика, ұпай 
 
Жұмыс 
істемейтін 
аналар 
 
Жұмысістемейтін 
әкелер 
аналар 
әкелер 
жұмыссыз 
жұмыс 
істейді 
жұмыссыз 
жұмыс 
істейді 
Шанхай-Қытай 
25 
13 
588 
622 
586 
617 
Эстония 
18 

509 
525 
508 
523 
Жапония 
22 

546 
538 
525 
542 
Вьетнам 
64 
47 
504 
526 
505 
519 
Швеция 
25 

496 
511 
485 
511 
БАӘ 
73 
19 
429 
455 
398 
446 
Ресей 
Федерациясы 
24 
14 
470 
488 
468 
487 
Казақстан 
38 
23 
424 
437 
416 
437 
Халықаралық 
орташа көрсеткіш 
 
28 
 
11 
 
479 
 
503 
 
475 
 
500 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
 
 
Осылайша,  мәнмәтіндік  талдау  30%  астам  қазақстандық  білімгерлердің 
білім  нәтижесіне  олардың  ата-аналарының  жұмыс  істеу  индексі  айтарлықтай 
әсер еткенін айқындады.  
Әлеуметтік-экономикалық  мәртебенің  білімгерлер  табысына  тигізетін 
ықпалын 
бағалау 
үшін 
PISA 
Консорциумы 
халықаралық 
емтиханға 
қатысушылардан   отбасының түрлі әлеуметтік аспектілері ғана емес, сонымен 
қатар 
отбасының  мәдени  мәртебесі
  туралы  да  сұраған.    Бұл  білімгерлердің 
жеке  бөлмесі  мен  сабақ  оқитын  жеке  үстелі  болуы,  білім  алуға  қажетті 
компьютердік  жасақтамалардың  (электрондық  оқулықтар)  болуы,  ғаламторға 
қолжетімдік,  классикалық  әдебиет  пен  энциклопедиялық  сөздіктердің,  өнер 
туындыларының (суреттер) болуы   туралы сұрақтар.  

 
 
 
209
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
Халықаралық  сарапшылар  орташа  алғанда,  ЭЫДҰ  елдері  бойынша 
зерттеуге  қатысушылардың  90%  үйде  сабаққа  дайындалу  үшін  қажетті 
жағдайлары  бар  екендігін  атап  отыр.  Бұл  орайда  үйдегі  ең  аз    тараған 
ресурстардың  бірі  үйдегі  кітапхана  мен  қосымша    білім  берудің  компьютерлік 
жасақтамалары болып табылады (білімгерлердің  50% кемі).   
Шанхай, 
Сингапур, 
Корея 
 
секілді 
көшбасшы 
елдерде                                              
үй  кітапханасындағы  орташа  кітап  саны  150-ден  244  –ке  дейін  барады.  
Зерттеуге  қатысқан 
Қазақстандық  білмгерлердің
  үйдегі  кітапханасындағы  
орташа  кітап  саны   
156  бірлікті
  құрайды.  Сауалнама  мәліметтері  бойынша 
Қазақстандық  зерттеуге  қатысушы  білім  алушылардың 
55% 
ғаламторға 
қолжетімді.  Осы  орайда,  PISA-2012  жобасына  қатысушы  көшбасшы  елдердегі 
осы  көрсеткіш  97%,  немесе  одан  жоғарыны  құрайды.    Ғаламторға  қосылған 
компьютердің  болуы  мектепте  ғана  емес,  сонымен  қатар  үйде  де, 
білімгерлердің 
функционалдық 
сауаттылығын 
дамытудағы 
маңызды 
шарттардың  бірі  болып  табылады  (қажетті  ақпаратты  ала  білу  мен  ұсынылған 
материалдың мазмұнын түсіну қабілеті).  
Халықаралық 
сарапшылар 
зерттеу 
нәтижелерінің 
ғаламторға 
қолжетімдікпен байланысын айқындаған (4.1.2сурет). 
  
4.1.2 сурет. Үйінде ғаламторға қолжетімді PISA-2012 қатысушыларының үлесі  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет