Қ
азақстан Республикасының Ұлттық қорының
қаражаты есебінен "Нұрлы Жол" бағдарламасы
аясында 8 білім беру нысандарының құрылыстары
жүргізілуде.
Қазақстан
Республикасы
егемендігін алғаннан кейін небары
25 жыл ішенде көркейіп, әлемнің
ең дамыған 50 елдің қатарына
енді. Тәуелсіздік алған жылдары-
нан бері білім беру жүйесі едәуір
табыстарға қол жеткізді. Соған
орай білім саласын дамытуға
бөлінген қаржы жылдан-жылға
өсіп келе жатқаны да белгілі.
Статистикаға сүйенсек, 1996 жыл-
дармен салыстырғанда білім сала-
сына бөлінген бюджеттің көлемі
15 есе өссе, ал мұғалімдердің
еңбекақы мөлшері 7 есе өскен екен.
Бұл жайында Шығыс Қазақстан
облысының білім беру басқармасы
басшысының орынбасары Айнұр
Сұлтанова "ШҚО Ақпараттық
орталығы" АКҚ-да өткен баспасөз
мәслихатында мәлімдеді.
Қазіргі таңда "Қазақстан-2050",
ұлт жоспары "100 нақты қадам"
стратегиялары
осы
заманғы
мемлекеттің дамуына үлкен үлес
қосып отыр.
Тәуелсіздік
жылдарында
Шығыс өңірі бойынша 179 білім
беру объектілері салынды. Оның
ішінде 31 997 орындық 138 мек-
теп, 4 470 балаға арналған 22
балабақша, 100 орындық 1 ин-
тернат, оның 18 нысаны (мек-
теп, қазандық, спорт алаңдары,
мектеп интернаттар, инженерлік
жүйелер) қайта жаңартылды.
Соның ішінде 2016 жылы
ҰҚ есебінен 14 білім беру
объектілерінің құрылысы жүзеге
асырылуда. 5692 орындық 13 мек-
теп және 280 орынға арналған 1
балабақша салынуда.
-
ҚР
Ұлттық
қорының
қаражаты
есебінен
"Нұрлы
жол" бағдарламасы аясында
8 білім беру нысандарының
құрылыстары жүргізілуде. Оның
7-уі 3920 балаға арналған мек-
теп құрылыстары болса, біреуі
280 балаға арналған балабақша
құрылысы, - деді брифингте
Айнұр Сұлтанова.
Сондай-ақ, соңғы екі жылда
аймақ мектептерінде бір жа-
рым мыңнан астам заманауи
жабдықталған физика, химия, био-
логия және математика пәндеріне
арналған кабинеттер ашылған.
2016
жылдың
1-ші
қыркүйегінен бастап облыс-
аралық оқу орындарында "Да-
рынды мектеп" жобасы енгізілді.
Осы жоба аясында дарынды
балаларға арналған облыстық
мамандандырылған
мектеп
білімдерінде математика, фи-
зика, информатика пәндерінің
жаңартылған мазмұнына көшу
курстары енгізілді. Ал облыстың
19 ауданында "Шығыс ұландары"
дарынды ұл балаларға арналған
Ш.
Уәлиханов
атындағы
"Жас Ұлан" кадеті облыстық
мамандандырылған мектеп-лицей
интернатының сыныптары ашы-
латын болады.
Мөлдір Тоқтамыс
фото"ШҚОАқпараттықорталығы"АКҚ-дан
ҚысҚаша
Музыка әлеміндегі
алғашқы қадамдар
Өскемен
қаласының
жас
тұрғындарының №1 Балалар
музыкалық мектебінде оқуға
және өнердің сиқырлы әлемімен
танысуға мүмкіндіктері бар. №1
Балалар музыкалық мектебінде
концерттік шаралар жиі бо-
лады, бірақ жуықта жай ғана кон-
церт емес, "Жас музыканттарды
қабылдау" атты мереке өтті.
Дәстүрге айналған "Жас музы-
канттарды қабылдау" мерекесі
музыкалық бөлімдер бойынша
концерт-викторина түрінде өтеді.
2016-2017 оқу жылында 120
бірінші сыныптар "Жас музы-
кант - 2016" құрметті атағына ие
болды.
Мерекелік безендірілген залда
осы мектепте оқуларын жаңадан
бастаған балалар, олардың ата-
аналары мен достары жиналды.
Бірінші
сынып
оқушылары
тақпақтар оқып, өлең айтып,
сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар
шешіп қана қоймай, сонымен
қатар бір-бір шығармаларды
орындап, музыкалық аспаптарда
ойнаудағы өздерінің алғашқы
дағдыларын көрсетті. Концерттің
кейбір
жас
қатысушылары
өздерінің оқытушыларымен ан-
самбльде ойнады.
Мерекенің соңында музыкант-
тар, бірінші сынып оқушылары
және олардың ата-аналары салта-
натты түрде ант берді және әрбір
оқушыға музыкалық тату отба-
сына қабылданғандығын растай-
тын "Жас музыкант -2016" медалі
берілді.
Мектеп ұстаздарына
дәріс өтті
Шығыс Қазақстан облысы
білім басқармасының "Шығыс"
өңірлік орталығы 2016 жылғы
17 қазаннан бастап орыс тілі
пәні мұғалімдеріне қазақ тілінде
оқытатын мектептердегі орыс тілі
пәнін оқыту әдістемесі бойынша
орыс тілін, екінші тіл ретінде
оқыту әдістемесінің авторымен
таныстыру; 2015-2019 жылдарға
арналған үштілділікті дамыту
бойынша кешенді жоспарды іске
асыру мақсатында 3 апталық
курстар жүргізуде.
Курс аясында, ағымдағы жылғы
26-27 қазан аралығында Өскемен
қаласы
Шығыс
Қазақстан
гуманитарлық
колледж
ба-
засында және Семей қаласы
М. Әуезов атындағы педагогика-
лық колледж базасында мемле-
кеттік тілде оқытатын мектеп-
тердегі орыс тілі оқулығының ав-
торы, Ресей Федерациясы Мәскеу
педагогикалық
мемлекеттік
университетінің
профессоры,
п.ғ.д., шетел студенттерін даярлау
факультетінің деканы Е. Хамрае-
вамен дәріс өтті.
Е. Хамраеваның оқулығы пән
мұғаліміне оқу бағдарламасын сау-
атты құруға, сабақта оқушылардың
қызметін ұйымдастыруға, оның
нәтижесін бақылауға және түрлі
оқыту құралдарын пайдалануға
мүмкіндік береді. Бастауыш сынып
оқушыларында орыс тілін екінші
тіл ретінде оқытуда, деңгейлік
оқулықтардың
көмегімен
тыңдалымда, оқылымда, сөйлеуде
және жазылымда қалыптасқан
жоғары дәрежедегі жетістікке жет-
кен коммуникативті дағдылардың
ерекшеленетіндігі анықталған.
Курсты қазақ тілінде оқытатын
мектептердің орыс тілі мен
әдебиетінің жалпы саны 174
мұғалімі тыңдады.
Дайындаған-Аяу Төлеубек
"Нұрлы жол" бағдарламасы
аясында мектептер ашылмақ
қылмыс пен жаза
18
№44 (306) 3 қараша 2016 ж.
фотоtvpodolsk.ruсайтынан
Оқыс Оқиғалар
құқық
С
отталғандар жазасын өтеп босағаннан кейін
оларды әлеуметтік және жұмыспен қамтып, ке-
рек құжаттармен қамтамасыз ету, медициналық
тексеруден өткізу, психологиялық тұрғыдан көмек
беру, АҚТҚ/ЖҚТБ инфекциясын жыныстық жол-
мен жұқтырмаудың жолдарын түсіндіру үшін "Сен
қоғамға керексің" атты әлеуметтік шара өтуде.
Сен қоғамға керексің
Жыл басынан бері "Answer"
қоғамдық қорының өкілдерімен
сотталғандарға
қоғамдық
бірлестіктің жұмысы мен негізгі
бағытымен таныстыру үшін
бірқатар жұмыстар атқарылды.
Сотталғандарды
бостандыққа
дайындау
жөнінде
кездесу
ұйымдастырылды. "АҚТҚ/ЖҚТБ,
туберкулез, вирустық гепатитінің
алдын алу және оған қарсы
күресу" тақырыбында семинар
мен тренинг өткізілді. Мекемеде
жеке құрам арасында дөңгелек
үстел ұйымдастырылды.
Сонымен қатар "Антарес-А"
қоғамдық қоры сотталғандар
арасында кездесу өткізді. Ме-
кемеде жеке құрам арасында
әртүрлі тақырыптар бойынша
дөңгелек үстелдер өтті. Атап
өтер болсақ, сотталғандар ара-
сында Өскемен қаласы күніне
орай
қабырға
газеттерінен
байқау өтті. Анкеталық шара-
лар өткізіліп, оған түсініктеме
берілді. Жазасын өтеушілер
мерзімін өтеп болған соң туған-
туыстарына өз жанұясына оралуы
туралы тақырыптарда жұмыс жа-
салды. Осы шараларға қатысқан
сотталғандар өздеріне пайдалы
ақпараттармен танысты.
Р. Тулеубаев,
ОВ 156/2 мекемесі
сотталғандар арасында
тәрбие жұмысы
бөлімінің бастығы,
әділет капитаны
Оқиға
Көлік қағып, мерт болды
Зардап
шегушілердің
бірі
оқиға орнында есін жимастан
мерт болса, екіншісі ауыр халде
ауруханаға жеткізілді.
Апат орын алған күні күзетші
болып қызмет атқаратын қамқор
әке, сүйікті жар кешкісін
демалмақ болып "Валентина" сау-
да үйі маңындағы кәуапханаға
аттанған. Ер-азамат жарты сағат
кәуапханада отырғаннан кейін
үйіне қайтпақ болады. Алайда
Добролюбов көшесі бойындағы
"Рахат" дүкені маңында қасында
тағы бір азаматшамен жолдан
өтпек болғанда апатты жағдай
орын алған. Қараңғыда шамдары
сөнген кроссовер көлігі екі жаяу
жүргіншіні қағып кетіп, оқиға ор-
нынан қашып кеткен. Оқыс оқиға
орын алған жерден өтіп бара
жатқан автосүйер адам денелерін
байқап, сол арада жедел жәрдемге
қоңырау шалған. Ақ халаттылар-
дан кейін оқиға орнына поли-
ция қызметкерлері жеткен. Ер-
азамат оқыс оқиға орнында же-
дел жәрдем келгенге дейін есін
жимастан мерт болған. Ал екінші
жаяу жүргінші әйел адам ауыр
халде, дене жарақаттарымен
ауруханаға жеткізілген.
Тек куәгерлердің көмегімен
ғана дәл сол күні орын алған
қайғылы оқиғаның мән-жайын
анықтауға
және
жол-көлік
оқиғасына
кінәлі
азаматты
ұстауға мүмкіндік туған.
Өскемен қаласының №2 со-
тында айыпталушы 32 жастағы
ер-азамат өз кінәсін мойындаған.
Сондай-ақ, сот залында зардап
шегуші тараптан мерт болған ер-
азаматтың зайыбы, туған апайы
және апатта зардап шеккен екінші
жаяу жүргінші болған.
Тергеу
жұмыстары
мен
процессуалдық
іс-әрекеттер
кезінде
айыпталушы
зардап
шегуші мен олардың өкілдеріне
келтірген залал құнын ішінара
өтеген
(ем-домға,
жерлеу
рәсіміне). Сондай-ақ, марқұмның
әйелі мен әпкесі айыпталушы-
дан моральды залал келтіргені
үшін өтемақы талап еткен. Ол
түсінікті де, себебі, жесір қалған
азаматша жалғыз асыраушысы-
нан айырылған балаларын өсіру
керек. Ал марқұмның зайыбы
жарымжан.
Өскемен қаласының №2 соты
соңында айыпталушыны шартты
түрде 2 жылға бас бостандығынан
және көлік құралдарын басқару
құқығынан бес жыл мерзімге ай-
ырды. Сонымен қатар, сот ай-
ыпталушыдан қайтыс болған
азаматтың
жақындарына
келтірген материалдық және
моральді залалы үшін өтемақы
өтеу туралы шешім қабылдаған.
Атап
айтқанда,
марқұмның
әйеліне үш миллион теңгеден
аса
және
туған
әпкесіне
500 мың теңге көлемінде қаржы
төленбек. Үкім әлі заңды күшіне
енген жоқ.
Аяулым Кенесова
Интернет-порталда қала тұр-
ғыны болып жатқан жағдайды
баяндап, суреттер салған.
Анықталғандай,
8
мектеп
оқушысы шынымен де "Мер-
курий" дүкенінің жанына жиі
жиналып, газ буымен демала-
тын болған. Жауапқа тартылған
балалар
бұл
әрекеттерін
сабақтан шыққан соң жүзеге
асыратындықтарын,
жанар-
майды целлофан қалтаға құйып
иіскейтіндіктерін айтқан. Осы
әрекет оларға жағымды әсер
беретіндігімен де бөліскен.
Осыдан
кейін
Өскемен
қалалық
прокуратурасына
ұсыныс жіберіліп, енді сол
жасөспірімдердің үшеуі ювеналдық
полиция тізіміне алынды. Қалған
оқушылармен профилактикалық
әңгімелесу жүргізілді.
Назерке Нұрболатқызы
ЗаңсыЗ әрекет
Сірке суынан уланып қалды
Өскеменде екі жасар сәби
сірке суынан уланып қалды.
Өңеші күйген бала бірінші
отаға зәру.
Ата-анасы жұмыста болған
сәби әжесімен үйде қалған.
Әжесі бірнеше минутқа жу-
ынатын бөлмеге кіріп кеткен
уақытта сәби ас үйге кіріп 70%
сірке қышқылының ерітіндісін
ішіп қойған. Бүлдіршін "Ана мен
бала" орталығына жеткізілді.
Өңештің күйігіне жасалатын
отаның бағасы қымбат. Бірінші
ота Өскемен қаласында 3-4
қарашада жасалатын болса,
екіншісін Новосібірде жаса-
тып, сол жерде оңалту курс-
тарынан өтуі керек болады.
Дәрігерлер баланың өмірі үшін
күресуде.
Ө
скеменде көлік
жүргізуші екі жаяу
жүргіншіні қағып
кетіп, оқиға орнынан
тайып тұрған.
Уытқұмар жасөспірімдер ұсталды
Құтқарып үлгермеді
Облыс орталығында өрт
кезінде сәби көз жұмып, тағы
2 балаға иіс тиген.
Жақында Михаэлиса көшесі
бойындағы тоғыз қабатты үйдің
сегізінші қабатындағы пәтерде
өрт шыққан. Анасы екі ба-
ласын алып далаға шыққан.
Алайда, алты жасар қызы мен
үш жасар ұлын құтқарамын
деп жүріп өзі және үлкен
қызы күйіп қалған. Түтін көрші
пәтерге де еніп, нәтижесінде
жаңа туылған шақалаққа да
иіс тиген.
Оқиға орнына жеткен жедел
жәрдем зардап шеккен балаларды
"Ана мен бала" орталығына
жатқызды. 2013 жылы дүниеге
келген иіс тиген ұл медициналық
көмек
көрсетілгеннен
кейін
үйіне жіберілді. Жаңа туылған
сәби әлі де емханада жатыр. Ал
күйік шалған алты жасар қыз
көз жұмды.
Назерке Кәрімова
Куәгерді іздеуде
Полиция қызметкерлері ба-
ланы қағып кеткен жүргізушіні
іздеуде.
Сәтпаев
көшесіндегі
жүргіншілер өткелінде өтіп
бара
жатқан
12
жастағы
жасөспірімді
қағып
кеткен
жүргізуші апат орнынан қаша
жөнелді.
Автокөліктің тек қара түсті екені
ғана белгілі болды. Ал баланың
қазіргі халі жайында әлі ешкім
хабарлаған жоқ. Осы оқиғаны
көрген немесе естіген адамдар болса
кез келген ақпарат жайлы мына
нөмірге қоңырау шалуларыңызды
сұраймыз "102", 77-60-05.
Мөлдір Тоқтамыс
Әккі ұрылар қолға түсті
Алтай кентінің үш тұрғыны
пәтерді тонап, ұрланған зат-
тарды саяжайға апарып көміп
тастаған.
Қаржылық
жағдайларын
жақсартуды
көздеген
екі
ағайынды
аналарының
танысының пәтеріне ұрлыққа
түсуге бел буған. Ол үшін
ағайындылардың бірінің көршісі,
жақында ғана түрмеден бо-
сап шыққан кәсіби ұры көмекке
келген. Қылмыс оқиғасын түгел
жоспарлаған үшеу Өскеменге жол
тартып, бірлесе отырып зұлым
ойларын іске асырған.
15 млн теңгені жымқырған
қылмыскерлер Өскемен қалалық
№2 соты алдында жауапқа тар-
тылып,
абақтыға
қамалды.
Әккі ұры бұл қылмысы үшін жеті
жылға бас бостандығынан ай-
ырылып, мүлкінен айыру жаза-
сына тартылды. Ал қалғандары
бестен алты жылға дейін жалпы
режимдегі қамауға алынды. Үкім
әлі заңды күшіне енген жоқ.
Назерке Нұрболатқызы
Баласын өзенге құлатып
алды ма?
Семейде шешесі Ертіске
лақтырып жіберген бір жа-
рым жасар баланың денесі әлі
де табылған жоқ. Өткен аптада
құтқарушылар өзеннен сәбидің
күртешесін тапқан болатын.
Алайда, бұл айғақ шешесін
қамауға алуға жеткіліксіз. Енді
тәртіп сақшылары осы ес-
ақылы дұрыс адамның қолынан
келмейтін
шынымен
оқыс
оқиғаның басқа нұсқаларын
қарастыра бастады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл
оқиға 24 қазан күні орын алған
болатын. 22 жасар ана баласын
өзенге құлатып алып, артынан өзі
секірмек болған. Алайда, ол ойы-
нан айнып қалған. Оған қатысты
қылмыстық іс қозғалды.
Енді оқиға басқа сипатқа
ие
болып
отыр.
Полиция
қызметкерлері
сәбидің
шы-
нымен суға түсіп кеткеніне
сенімсіз. Тәртіп сақшыларына
белгілісі тек әйелдің түнгі үште
қызымен шығып кетіп, баласыз
қайтқаны.
- Қазір біз баланың жоғалып
кетуіне
байланысты
сотқа
дейінгі тергеу жүргізудеміз, -
дейді Семей қаласындағы ІІБ-
ның мемлекеттік тіл және
ақпарат бөлімінің басшысы
Елубек Оспанов. - Анасының
қызын суға құлатып алғаны не-
месе басқа жағдайдың орын
алғаны анықталуда. Әйел ал-
дымен
баласын
жоғалтып
алғанын айтқан, кейін суға
құлатып алдым деген. Оған
қатысты барлық сараптамалар
жүргізілді.
Ерке Мұхаметкәрім
Ө
скемен қаласының прокуратурасы шаһардағы
интернет-порталдардың бірінің көмегімен уытты
масайрауға құмар жасөспірімдердің соңына түсті.
спорт
19
№44 (306) 3 қараша 2016 ж.
фото"ШҚОАқпараттықорталығы"АКҚ-дан
фотоarhar.kzсайтынан
Бетті дайындаған -
Аяулым Төлеубекқызы
ҚысҚаша
Тағайындау
Бокс
Басшы қайта оралды
ШҚО
әкімінің
өкімімен
Асқар Можанов ШҚО
Дене шынықтыру және
спорт басқармасының
басшысы болып
тағайындалды.
Басқарманың жаңа басшы-
сын ШҚО әкімінің орынба-
сары Жақсылық Омар ұжым
қызметкерлеріне
танысты-
рып, алдағы атқарар жұмысына
сәттілік тіледі.
- Асқар Байжігітұлы Қазақстан
Республикасына
еңбегі
сің-
ген спорт шебері, Кикбок-
стан әлемнің 5 дүркін чем-
пионы.
Спорт
саласынан
шыққандықтан, алдағы уақытта
басқарманың жұмысын жандан-
дырып, көптеген жетістіктерге
жетеді деген сенімдемін, - деді
Жақсылық Омар.
Можанов Асқар Байжігітұлы
1973 жылы 13 маусымда Өскемен
қаласында дүниеге келген. 1995
және 2010 жылдары С. Аманжо-
лов атындағы Шығыс Қазақстан
Мемлекеттік
университетін
"Дене шынықтыру және спорт",
"Мемлекеттік және жергілікті
басқару" мамандықтары бойынша
аяқтаған.
1995 жылдан 2004 жыл
аралығында "Алтай" кәсіби-
спорттық
клубының
директорының орынбасары бо-
лып қызмет атқарды. 2004-2009
жылдары Өскемен қаласының
дене шынықтыру және спорт,
білім және спорт, спорт және ту-
ризм бөлімдерін басқарды.
2009 жылдың мамырынан 2011
жылдың қазаны аралығында
Шығыс Қазақстан облысының
туризм, дене шынықтыру және
спорт басқармасының басшысы
қызметін атқарған.
2011
жылдың
қазанынан
Шығыс Қазақстан облысының
Жұмылдыру
дайындығы,
азаматтық
қорғаныс
және
дүлей апаттардың алдын алуды
және
жоюды
ұйымдастыру
басқармасының
басқарма
басшысының орынбасары, 2013
жылдың қарашасынан бастап
аталмыш басқарманың басқарма
басшысы болып жұмыс атқарды.
Мөлдір Тоқтамыс
Қанат Ислам екі чемпиондық
атақты жеңіп алды
А
лматыда өткен бокс кешінде отандасымыз
ганалық қарсыласы Патрик Аллотейді 12 раунд
қорытындысы бойынша жеңіп шықты.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы
Қанат Ислам қазақ жанкүйерлерін
тағы бір қуантты. "Алматы
Аренадағы" басты жекпе-жекте
Қанат Ислам мен Патрик Аллотей
бірінші орта салмақта (69,9 келі)
жұдырықтасты. Салмақ өлшеу
рәсімінде қос боксшы да 68 келі
тартқан-ды.
12
раундқа
жоспарланған
жекпе-жекті қос боксшы аса
сақтықпен
бастады.
Бірінші
раундты екеуі бір-бірінің осал
тұсын аңдумен өткізді. Шабуылға
асықпады. Екінші раундтан бас-
тап Қанат шабуылға ұмтыла түсті.
Патрик Аллотей қорғаныста
жүріп қарап қалған жоқ, оңтайлы
тұста соққы жасап қалуға ты-
рысты. Төртінші раундта қос
боксшы да ширақ қимылдады.
Әсіресе Қанаттың шабуылдағы
айла-тәсілдері мен соққылары
сәтті
шықты.
Ал
бесінші
раундта да отандасымыз дөп ти-
ген соққыларымен ерекшеленді.
Алтыншы
және
жетінші
раундты қарсыластар соққы алма-
сумен өткізді. Сегізінші раундта
қос боксшының да шаршағаны
байқала бастады. Ал тоғызыншы
раунд басында Қанаттың сілтеген
соққысы дөп тиіп, ганалықты бір
есеңгіретті. Десе де, Патрик Ал-
лотей төзімділік танытып, бұл
раундқа да тойтарыс берді. Одан
кейінгі раундтарда да Қанат
қарсыласын соққының астына
алумен болды. Патрик 12 раундқа
шыдап бақты. Нәтижесінде Қанат
Ислам 117-112, 116-112, 116-112
есебімен жеңіске жетті.
"Улы жебе" деген лақап атқа
ие ганалық боксшыны жеңген
Қанат "Қазақ" Ислам бірінші
орта салмақта "WBA Fedelatin"
және "WBO Intercontinental"
чемпиондық белбеулерін өзінде
сақтап қалды.
Қанат Ислам осы уақытқа дейін
21 кездесу өткізіп, барлығында
жеңіске жеткен. Оның 18-ін
нокаутпен ұтқан.
Айта
кетейік,
Алматыда
өткен бокс жекпе-жектерінде
қазақстандық
боксшылардың
барлығы жеңіске жетті. Жұман
Жұмабеков беларусь боксшысы
Владимир Ивановты бірінші
раундта ұтты. Владимир Ива-
нов қорғанып баққанмен, бірінші
раунд соңына дейін шыдай ал-
мады. Нәтижесінде бас төреші
жекпе-жекті
тоқтатып,
отан-
дасымыз техникалық нокаут-
пен жеңіске жетті. Айта кетейік,
Жұман
Жұмабеков
кәсіпқой
бокстағы алғашқы жекпе-жегін
өткізіп отыр. Осыған дейін ММА
додаларына қатысқан. Азияның екі
дүркін жеңімпазы. Халықаралық
деңгейдегі спорт шебері.
Айдар Шәрібаев испандық
боксшыны 6 раунд қорытындысы
бойынша жеңіп шықты. Айдар
Шәрібаев пен Хуан "Венено"
Окура арасындағы жекпе-жек
тартысқа толы өтті. Отандасымыз
қорғана жүріп жұдырықтасты.
Әсіресе қарсыласының шабуылға
шыққанын
күтіп,
соққы
жұмсаумен болды. Ал испан
боксшысының соққылары ауа
қармап жатты. Нәтижесінде 6
раундқа жоспарланған жекпе-жек
соңына дейін өтіп, жеңімпазды
төрешілер айқындады.
Али Ахмедов әзірбайжандық
Али
Маммедовтан
бірінші
раундта
айласын
асырды.
Отандасымыздың
жойқын
соққыларынан кейін қарсылас
боксшының жаттықтырушылары
ортаға орамал тастады. 6 раундқа
жоспарланған жекпе-жек бар
болғаны 1 минут 44 секундқа ғана
созылды. Али Ахмедов кәсіпқой
бокстағы төртінші жеңісіне қол
жеткізді. Барлығын мезгілінен
бұрын аяқтап отыр.
Руслан Мырсатаев ганалық
Наху Азумиды бірінші раундта
нокаутпен ұтты. Кәсіпқой бокста
осыған дейін 5 жекпе-жек өткізген
Наху Азуми отандасымызға
қарсы қауқар таныта алған
жоқ. Қазақстандық боксшының
қатарынан
сілтеген
жойқын
соққылары қарсыласын бірден
естен тандырды. Нәтижесінде
отандасымыз кәсіпқой бокстағы
үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Жанқош
Тұраров
салмақ
өлшеу рәсімінде сес көрсеткен
қарсыласы
Айсак
Ариені
төртінші раундта айқын жеңіп
шықты. Үшінші раундтан бас-
тап
отандасымыз
бірінші
нөмірмен жұдырықтасуға көшті.
Қарсыласын бұрыштан-бұрышқа
қуып, қыспаққа ала бастады.
Төртінші раундта Айсек Арие екі
рет нокдаун алып, жекпе-жекті
жалғастырудан бас тартты.
Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой
бокстағы қадамын сәтті бастап,
2010 жылы Геннадий Головкин-
мен жұдырықтасқан колумбиялық
Милтон Нуньесті бірінші раундта
нокаутпен жеңді.
Спорт -
денсаулық кепілі
Жақында Таврия ауылдық
округінде ҚР Тәуелсіздігінің
25
жылдық
мерейтойына
арналған волейболдан спорттық
іс-шара өтті.
Тәуелсіздікпен құрдас, 1991
жылы туылған спортшылардың
қатысуымен өткен шараның ашы-
луында Таврия орта мектебі-
нің
оқушылары
құттықтау
сөздерін
айтты.
Сондай-ақ,
Ұлан ауданының этно-мәдени
орталығының меңгерушісі А. Му-
сина барлық жиналғандарды ме-
рекемен құттықтады.
Салауатты
өмір
салтын
сақтауға бағытталған іс-шарада
"Тәуелсіздік" және "Таврия орта
мектебінің жас түлек оқушылары"
командалары
қызықты
да
көріністі ойын көрсетті. Қызықты
өткен жарыстың қорытындысы
бойынша "Тәуелсіздік" коман-
дасы жеңімпаз атанды. Ко-
мандалар
мақтау
қағаздары
және
бағалы
сыйлықтармен
марапатталды.
Футболдан
Қазақстан лигасы
аясында өткен
аудандық жарыс
Зайсан қаласының орталық
стадионында
футболдан
жасөспірімдер мен балалар ара-
сында Қазақстан лигасы аясында
аудандық жарыс болып өтті.
Жарыс 7 жас ерекшелік бо-
йынша өткізілді. Атап айтқанда
15 қазанда 2001, 2002, 2003 жылы
туылған жасөспірімдер, 23 қазан
күні 2004, 2005, 2006, 2007, 2008
жылдары туылған жасөспірімдер
арасында өтті.
Жарысқа аудан мектептерінен
барлық жас ерекшеліктері бо-
йынша жалпы саны 12 команда
қатысты. Атап айтқанда, М. Ло-
моносов атындағы орта мектебі,
Мұжықсу шағын жинақталған
орта мектебі, Қаратал орта
мектебі, М. Дәуленов атындағы
мектеп интернаты, Маметова
шағын жинақталған орта мектебі
командалары.
Тартысты өткен жарыста 2001
жылы туған жасөспірімдер ара-
сында І орынды М. Ломоно-
сов атындағы орта мектебі, 2002
жылы туған жасөспірімдер ара-
сында І орынды Мұжықсу шағын
жинақталған орта мектебі, ІІ
орынды Қаратал орта мектебі
иеленсе, 2003 жылы туған
жасөспірімдер арасында І орынды
М. Дәуленов атындағы мек-
теп интернаты, ІІ орынды шағын
жинақталған орта мектебі, ІІІ
орынды Қаратал орта мектебі
иеленді. Ал, 2004 жылы туған
жасөспірімдер арасында І орынды
Шілікті орта мектебі, ІІ орынды
Қаратал орта мектебі, ІІІ орынды
М. Дәуленов атындағы мектеп
интернаты иеленсе, 2005 жылы
туған
жасөспірімдер
коман-
дасы арасында І орынды Қаратал
орта мектебі, 2006 жылы туған
жасөспірімдер арасында І орынды
М. Ломоносов атындағы орта
мектебі, ІІ орынды Маметова
шағын жинақталған орта мектебі
иеленді.
Жеңімпаз командалар аудандық
мәдениет,
тілдерді
дамыту,
денешынықтыру және спорт
бөлімінің мадақтамаларымен ма-
рапатталды.
СҰРАҚ-ЖАУАП
20
№44 (306) 3 қараша 2016 ж.
фото islam-orkeniet.kz сайтынан
ДӘСТҮР
Дәстүрлердің астарын ақтара
берсең қазақтың "отыз күн ойын,
қырық күн тойын" өткізгені рас
па деп қаласың. Тойдың жалпы
дәстүрлерін есептемегенде, барлық
мән жайының өзінде біз білмейтін
ырымдардың бары ашыла береді.
Жыл көлемінде тойдың ең
жиі өтетін мезгілі тамыз айы-
нан басталатыны белгілі. Ешкім
неге бұл айда той көп деп ой-
лады ма екен? Мәдениетімізді
ары жұлқып, бері жұлқып өзгерте
алмаған кеңестік дәуірдің сая-
саты да қазақтың алдында қол
қусырып қалған сыңайлы. Бәлкім
гендік деңгейде қалыптасып кет-
кен болар, қазақтар той уақытын
белгілеген кезде жыл мен ай
мерзіміне айрықша мән берген.
Үйлену тойын жасауға жаздың
соңғы айларын немесе күзді
қолайлы көрген. Оның өзіндік
себептері бар. Күзде жер отайып,
мал оңалады, күнделікті күйбең
тіршіліктің ауыртпалығы азайып,
шаруашылық науқандары толас-
тайды. Той күнін белгілеу тек
шаруашылық
жұмыстарының
азаюын талап етпейді, айдың ба-
сында жаңа ай, ортасында толған
ай белгіленеді. Халық ұғымында
жаңа туған ай жаңа өмірдің
жалғастығын, оның мәңгілігін
паш ететін көрінеді. Қызығы сол,
қазақша кітаптарды оқығанда
"айдың
сүттей
жарығында"
алтыбақан тербелді, ақсүйек
ойыны
ойналды
деген
тіркестердің кездесуі де мұны
дәлелдей түсетіндей.
Дәстүрге
қаншалықты
сақ
қаралса да, қазақ халқында
кешіріммен қарарлық салттардың
барын байқауға болады. Соның
ішінде "ұрын бару" рәсімін
атап өтуге боларлықтай. Ата-
аналардың өзара келісімінен
үйленгенге дейін күйеу жігіттің
қалыңдық ауылына жасырын ба-
рып тұруы ұрын бару деп аталады.
Күйеу жігіттің қайын атасының
үйіне баруының да көптеген әдет-
ғұрыптары бар. Жігіттің жолына
бақан керіліп, желі тартылады.
Бұл киелі деп есептелетін зат-
тарды жігіт аттап өтпей, қыздың
жеңгелеріне тиісті кәделерін жа-
сап, үйге содан кейін ғана енеді.
Осымен бірге неше түрлі
ентікпе, желі тартар, төс са-
лар, қыз құшақтар, шаш сипа-
тар сияқты кәделерін жеңгелеріне
жасап, қалыңдықпен кездесіп
жүреді. Осыдан кейін ұрын той
жасалады.
Қалыңдықтың әкесі мол ас-
сумен, көңілді ойын-сауықпен
ұрын тойын өткізеді. Күйеу
мен
қалыңдықтың
ашық
кездесуінен кейін екі жақ та
дайындықты бастайды. Күйеу
жағы құдалық шарттарына сәйкес
қалыңмалдың қалған бөлігін, той
малы мен жас отаудың түндік
туырлық, басқа да жабдықтарын
жөнелтеді.
Қалыңдық
жағы
киіз үйдің сүйегін, қыздың жа-
сау мен сәукелесін басқа да
қажеттіліктерін жасайды.
Күйеу
баланың
қайын
жұртына келуі "есік көру" сал-
тымен қатар жүріп жатады.
Есік көруге келген күйеу бала
молшылық,
ырыздық
пен
берекенің белгісіндей қайын
атасына ту бие сыйлайды.
Тиісті кәделерін, сыйлықтарын
беріп, жігіт қыздың әкесінің
үйінің табалдырығын аттайды.
Аруақтарға, қайын ата мен қайын
енеге үш рет иіліп тағзым етеді.
Қайын ене оған кесемен су-
сын ұсынып, бата береді. Со-
дан кейін ол үй ортасында жа-
нып тұрған отқа май құю ырымын
жасайды. Бұл - ата-бабалардың
отқа табынған кезден қалған
дәстүрлерінің бірі көрінеді. Міне,
аталған рәсімдерден кейін барып
"ұзату тойы" жасалған.
Дайындаған-
Айдос Мырзахметов
Ұрын той дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |