00.00 "Дом-2. Город любви"
01.00 "Дом-2. После заката"
Дети. Второй сезон"
дракона. Легенды"
19.00 Новости. Главное
мәдениет
16
№44 (306) 3 қараша 2016 ж.
Егер қоғамда жара болып жатса,
оны театр емдеуге, не "бәрі жақсы
болады" деп сендіруге тиісті емес,
театр сол жақты саусағымен нұсқап
көрсетуі керек. Сонда ғана қоғам
алдындағы парызы өтеледі.
Михаэль Тальхаймер
ҚысҚаша
сұхбат
Тамара Асар
арманына жетті
Тамара Асар 20 жыл бойы
армандаған
арманына
қол
жеткізді. Ол жаңа бейнебаянын
жарыққа шығарды.
Осыдан бірнеше ай бұрын Та-
мара қуанышты жаңалығымен
бөлісетінін айтқан еді. Әнші уәде
еткен сөзінде тұрды. Ол 20 жыл
бойы армандаған арманына қол
жеткізгенін айтты, деп жазды
baistars.kz тілшісі.
- Мұны бөле жарып, өзгеше
жаңалық қылып айтатынының
себебі бар. Осыдан 20 жылға
жуық уақыт бұрын басымнан
үлкен қиындықтар өткен бо-
латын. Ондай кезде баласы
үшін әке-шеше не істей алады?
Дұға жасап, Алладан бала-
сына денсаулық сұрай алады.
Сол кезде әкем көп адамға
тіреу болған, сүйеу болған Бе-
кет ата деген әруақты жерге ба-
рып,
Құдайға
жалбарынып,
садақасын берген екен. Ол кезде
мен жүрмеймін, мені зембілмен
алып жүрді. Есімде қалғаны -
қасымнан адамдар өтіп: "қандай
жап-жас әдемі қыз, өмірі осы-
мен аяқталатын шығар", -
деп айтатын. Көзімнен жас
мөлтілдеп, "Алладан жарлық
келсе ана таудың биігіне
шығып, ән айтамын" дейтінмін.
Сол арманым орындалды", -
деді Тамара Асар.
Айтыскер ақын
Айбек Қалиев
депутат атанды
От ауызды, орақ тілді ай-
тыскер ақын Айбек Қалиев
Арқалық қаласының мәслихат
депутаты атанды. Бұл туралы
ҚазАқпаратқа ақынның өзі ха-
барлады.
Айта кетейік, 1992 жылдан
бастап айтыс өнеріне келген Ай-
бек Киікбайұлы халықаралық,
республикалық
айтыстардың
бірнеше
мәрте
жеңімпазы
атанған.
Ақын айтыстарында қоғамның
күрделі мәселелерін сөз етіп,
терең,
ойлы
өлеңдерімен
халықтың
сүйіспеншілігіне
бөленіп
жүр.
Айтыстағы
еңбегі ескеріліп, 2001 жылы
Қазақстан
Республикасы
Премьер-министрінің
Алғыс
хатымен
марапатталды.
Бүгінгі таңда айтысқа бау-
лып жүрген шәкірттері де
республика жұртшылығына та-
нылып қалды.
Баян Есентаева
өзінің тегін
өзгертпейтін болды
Баян Есентаева төрт ай бойы
түрмеде отырған күйеуі істеген
ісіне өкініп жүргенін айтты деп
хабарлайды. Бұл туралы продю-
сер блогер Эльвира Ерғалинаға
берген сұхбатында айтты.
- Маған бұл шешімді қабылдау
оңайға түскен жоқ. Төрт айда
шығарылған шешім бұл. Мен
күйеуіммен
достық
қарым-
қатынаста қалғым келеді. Не
дегенмен, арамызда ортақ ба-
лаларымыз бар, - деді ол. -
Төрт ай бойы түрмеде оты-
рып, ол істеген ісіне өкінді
деп
ойлаймын.
Барлығын,
саралап, түсінді.
Сонымен
бірге,
блогер
Ерғалинаның айтуынша, продю-
сер өзінің тегін өзгертпей, сол
күйінде қалдыратын болды.
"МузАРТ LIVE" жобасынан
көрер қызық әлі алда
Қ
азақстан" Ұлттық телеарнасында бастау алған
жылдың үздік мега-жобасы - "МузАРТ LIVE"-та
өңірімізден үш дарынды жас бақ сынауда.
"
Он екі мың үміткердің арасы-
нан үздік алпыстың қатарына
Шығыстан төрт жігіт іріктеліп,
жобаның телевизиялық кезеңіне
өткен болатын. Солардың бірі -
облыстық жастар театрының
актері Айдос Нұрмағамбетов.
Актерлік
қабілетінен
өзге,
түр-тұлғасы
келіскен
сері
музарттықтарды ерекше дауысы-
мен баурап алған.
?
Айдос мырза, қай өңірдің ту-
масысыз?
- Мен 1990 жылы Ақтөбе
облысы,
Шалқар
ауда-
нында дүниеге келдім. Сол
Шалқар қаласындағы №1 зерт-
хана мектебінде 9-сыныпқа
дейін білім алдым. Ал 2006
жылы Ақтөбе облысындағы
А. Жұбанов атындағы музыкалық
колледжінің академиялық ән
салу бөліміне оқуға түстім. 4
жылдан кейін аталмыш оқу ор-
нын аяқтаған соң, бір жылдай
облыстық Ғ. Жұбанова атындағы
филармонияның камералық хо-
рында қызмет еттім. Кейін
2011 жылы Астана қаласына өз
мамандығым бойынша жоғары
оқу орнына тапсыруға келіп
тұрып, ойда жоқта Қазақ ұлттық
өнер университетінің актерлік
бөліміне түсіп кеттім. Сөйтіп,
бұрын-соңды көрмеген, білмеген
актерлік мамандықты меңгердім.
Басында
қиыншылықтар
болды. Дегенмен, төрт жыл
бойы білім алып, шыңдалып
шықтым.
?
Сіздің актерлығыңыз бір
төбе, ал әншілігіңіз бір төбе.
Жалпы, бойыңыздағы өнер
ата-анаңыздан дарыған ба?
- Менің ата-анам өнерге
ешқандай қатысы жоқ жандар.
Әкем - теміржолшы, анам үй ша-
руасында. Дегенмен, арғы ата-
ларымыз кезінде ақын, шайыр
болған деп айтады. Мүмкін сол
кісілерден, болмаса домбыра-
мен жақсы ән салатын нағашы
ағам бар, сол кісіден берілді ме
екен деп ойлаймын. Үйде үш
ағайындымыз. Солардың ішінен
өнер жолын қуған мен ғана.
?
Шығыс өңіріне қалай тап
болдыңыз?
- Университетті бітіретін жылы
Шығыс Қазақстанда, оның ішінде
Өскемен қаласында жаңа театр
ғимараты салынды, жастар театры
ашылмақ деген сөздер шыға бас-
тады. Жасыратыны жоқ, топтағы
13 студенттің ішінен мен ең
алғашқы болып, осы жаңа театрға
келуге ниет білдірдім. Осылайша,
шырайлы Шығыс жеріне келіп,
еңбек жолын жаңа театрда бас-
тап кеттім. Сонымен қатар, об-
лыс әкімі тарапынан жаңа театрға
қолдау жақсы, айлығымыз да
жетерлік. Одан өзге, әкімшілік
театр актерлеріне 20 пәтер кілтін
табыстаған болатын.
?
Жаңа ортаға бейімделу қиын
болмады ма?
- Өскемен мен бұрын болып
көрмеген басқа аймақ. Оның
үстіне Батыстан шалғай жатыр.
Мен үшін тамыр-таныс, тума-
туысым жоқ жерге бару қызық
болып көрінді. Ол жақтың адам-
дарымен тіл табысу, жаңа
ортаға бейімделу деген ой-
лар қызығушылығымды оятты.
Осылайша адамдармен жақсы
тіл табыса алатын қасиетімнің
арқасында бүгінде бір жарым
жылдың төңірегінде облыстық
театрда қызмет етіп келемін.
?
Театр репертуарында қандай
қойылымдар бар?
- Ұжымда қазіргі таңда он-
нан астам адам жұмыс жасайды.
Жастар театрының ашылу мау-
сымында
Кен
Людвигтің
"Жұлдызды сәт" пьесасын алғаш
рет сахналадық. Ал жастар
театрының көркемдік жетекшісі
Айдын Салбановтың қойған
"Тендерге түскен келіншек"
пьесасында бас рөлді сомда-
дым, "Сүйіңдерші, адамдар"
поэтикалық
қойылымын
да
қойдық. Сонымен қатар, режис-
сер Сайлау Камиев ағамыз келіп,
"Жасасын махаббат" комедиясын
қойдық. Міне, кешегі күні жас-
тар театры 1 жылдығын тойлап,
екінші маусым ашылды. Елена
Разумовскаяның
"Қымбатты
Елена Сергеевна" қойылымымен
аштық.
Алдағы
уақытта
әлі
көптеген
шығармалар
шығарамыз деген үміт бар. Сырт-
тан режиссерлер келіп, бірлесе
жұмыс жасау да театр жоспа-
рында бар.
?
Қазір сіз халыққа театр-
дан өзге, "МузАРТ LIVE"
жобасы арқылы жақсы
танылдыңыз. Жалпы, жобаға
қалай келдіңіз?
- Негізінен, әлеуметтік желіге
аса әуестігім жоқ, инстаграм
желісіне де тіркелмеген едім.
Театрымызда музыкалық опе-
ратор бар, сол жігіт инстаграм
арқылы "Музарт" тобы онлайн
кастинг жариялап жатқандығын
айтты. Сонда видео жіберейік
деп ұсыныс тастап, өзі жіберіп,
өзі бақылап отырды. Бір күні
сол жолдасым жобаның он-
лайн іріктеуінен өткенімді ай-
тып, сүйінші сұрады. Содан бас-
тап дайындала бастадық. Кейін,
аймақтық турда топ мүшелері
өздері келіп, Шығыстың да-
рынды жастарының арасында
іріктеу жүргізді. Ойламаған
жерден
екінші
кезеңнен
де сүрінбей өтіп, телетүсірілімге
жолдама алдым.
?
Алдағы жобада қандай
қызықтар күтеді?
- Телетүсірілім барысында
түрлі қызық та қиын сәттерді бас-
тан өткердік. Телетүсірілімдер
түнімен жалғасатын кездер де
болады. Республиканың түкпір-
түкпірінен келген қазақтың да-
рынды
жастарымен
таны-
сып, музарттық ағаларымыздан
тікелей
сабақ
алып,
ақылдарын тыңдадық. Шыны
керек, колледж бітіргелі сахнаға
шығып ән айтпаған едім.
Бұрын-соңды бұндай жоба-
ларда бақ сынап көрмегенмін.
Дегенмен, дүлдүлдердің ара-
сында өнерімді күллі қазақ
еліне паш ете білгеннің өзі де
жеңіс. Жобада көрер қызық әлі
алда. Кіл жүйріктердің арасы-
нан шын жүйріктер іріктелуі
үшін талай қызықты тартыс
болады.
!
Әңгімеңізге рахмет!
"Алдаспан" газеті
қызметіңізге шығармашылық
табыстар тілейді!
Назерке Нұрболатқызы
білім
17
№44 (306) 3 қараша 2016 ж.
фотоpushkinlibrary.kzсайтынан
ЕстЕлік
Алаштың соңғы тұяғы -
Қайым Мұхамедханов
Ж
уырда 100
жылдық мерей-
тойын атап өткен абай-
танушы, ғалым Қайым
Мұхамедхановтың
қызы Дина
Мұхамедханмен онлайн
кездесу өтті.
Кездесуге келген қонақтармен
бірге кешке онлайн трансляция
арқылы Семей, Зайсан қалалары,
Қасым Қайсенов кенті, Жаңа
Шүлбі және Абай ауданынан
Қарауыл ауылы қатысты. Залға
лық толы болған кеш қонақтары
ҚАЕУ және Құмаш Нұрғалиев
атындағы колледж студенттері
мен ақын-жазушылары Дина
Мұхамедханқызын қошеметпен
қарсы алды.
Дина Мұхамедханова - Ал-
маты
қаласындағы
Қайым
Мұхамедханов атындағы Білім
және мәдениет қоғамдық қорының
директоры. Д. Мұхаметханқызы
абайтанудың негізін салушы,
ғалым-шәкәрімтанушы,
Қазақ
ССР-і мемлекеттік гимнінің сөзін
жазған автордың әдеби мұрасын
сақтау және есте қалдыру ісімен
айналысады, жастармен, студент-
термен жиі кездесіп, әкесі жай-
ында терең әңгімеледі. Кезде-
суде ол кісі әкесі жайында мол
мағлұматтардың сырын ашты.
Дина Мұхамедхан әкесі жай-
ында айтпас бұрын бірінші өзінің
атасы Мұхамедхан Сейітқұл
жайында айтуды жөн көрді. Де-
генмен, ұлы әкесіне қарап бой
түзеткен азамат болғаны да
шындық.
- Бойына біткен кісілігінің
арқасы болар, ертеден ұлы Абай
төңірегімен
аралас-құралас
болған. Сейітқұлов Мұхамедхан
Семейдегі Тыныбай мешітінде
Ислам негіздерінен сабақ берген.
Ахмет Риза медресесінде имам
қызметін атқарып жүріп, ұстаздық
еткен. Араб, татар тілдерін жетік
білген. Ол "Сарыарқа" газеті мен
"Абай" журналына, Алаш партия-
сына қаржылай көмек көрсетіп
отырған. Абайдың шәкірттері
Шәкәрім,
Көкбай,
баласы
Тұрағұл келіп-кетіп жүрген.
Шәкәрімнің бүгінде көпшілікке
танымал фотосуреті 1912 жылы
Сейітқұловтың үйіне келген кезде
түсірілген екен. Оны ұзақ жыл-
дар Қайым Мұхамедханов көздің
қарашығындай сақтаған, - дейді
Дина Мұхамедхан.
Ал сонау 1916 жылдың
қақаған қаңтар айының 5 күні
Мұхамедхан отбасында дүниеге
келген Қайымның өмір жолында
да қақаған кезеңдер аз болған
жоқ. Барлық сын сағаттардан
жігерлілік,
шыдамдылық,
көрегенділік, білімдарлық та-
ныта жүріп, аман өтті. Қандай
қиын-қыстау
кезеңде
абай-
тану
бағытынан
айныған
емес. Қазақтың көсемдері мен
шешендерін орға айдаған 37-нің
құрығы Қайым ағаны да аз әуреге
салмаған еді. Теріс жала жабы-
лып, жалындап тұрған шағында
Қайым аға 25 жыл түрменің де
дәмін татты. Бірақ, оның бәрі
Қайым
Мұхамедханұлының
өмірге деген көзқарасын, тарих,
әдебиет саласындағы ұстанымын
өзгерте алған жоқ. Ұлылардың
сарқыты, ұстаздардың ұстазы
атанған Қайым Мұхамедхановтың
шәкірттері де өз естеліктерімен
бөлісіп, Алаштың соңғы тұяғы
жайында толғана айтып еске алды.
Мөлдір Самалқанқызы
Брифинг
Достарыңызбен бөлісу: