№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет18/21
Дата14.02.2017
өлшемі6,89 Mb.
#4086
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

МҰРЗАТАЙ Ақниет Мұратқызы, 
«№6 орта мектебі» ММ 9 сынып оқушысы, 
Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ҚАРАБАСОВА Роза Сейілханқызы, 
«№6 орта мектебі» ММ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі
Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ «ҚАРТҚОЖА» РОМАНЫНЫҢ 
КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ғылыми  жобаның  мақсаты:  Жүсіпбек  Аймауытовтың  «Қартқожа» 
романындағы  көркемдік  ерекшеліктерді,  бас  кейіпкердің  саналы  азамат  ретінде 
қалыптасу эволюциясын ашу. 
Ғылыми  жобаның  болжамы.  Ұлттық  мінез-құлық,  болмыс,  ұлттық 
дүниетаным, көзқарас, қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер, сананың жаңаруы, 
рухани серпілістің маңызы. 
Зерттеу кезеңдері: 
- ХХ ғасырдағы қазақ романының дамуы; 
- «Қартқожа» романындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі; 
- Жас бала мен ересек адамның психологиясы; 
- Романның адамға психологиялық әсері; 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
146 
- Адамгершілік қасиет – оны сақтап қалу оңай ма? 
Ғылыми  жобаның  өзектілігі  мен  жаңалығы.  Жүсіпбек  Аймауытовтың 
«Қартқожа»  романы  бойынша  жазушының  тілдік  ерекшеліктері  әдебиеттану 
тұрғысынан  түсіндірілді,  әдіс-тәсіл  шеберлігі  көрсетілді,  психологиялық  роман 
туралы талдау жасалды. 
Нәтижесі  мен  шешімі.  Қазақ  прозасында  халқымен  қайта  қауышқан,  қайта 
оралған  әдебиет  ұлттың  рухани  өзегі  болып  табылады.  Әдебиеттің  адам  таныту 
құралы  ретіндегі  рөлін  ашуда  жазушының  сөз  байлығына,  тіл  мәдениетіне  үңілу 
маңызды. 
Кіріспе.  ХХ  ғасырдағы  қазақ  романы  –  әдебиетіміздің  үлкен  табысы, 
классикалық үлгідегі шынайы көркем туындылар. Әдебиеттің негізгі басты объектісі 
–  адам.  Сондықтан  әдебиет  кезеңдерінің  дамуы  –  адамның  психологиялық  көркем 
толысуы  деуге  болады.  Бұл  тұрғыдан  алғанда,  көркем  шығарманың  қай  түрі  болса 
да,  адамның  іс-әрекетінің  себеп-салдарын,  сезім  дүниесін  өрбітеді,  жан  дүниесінің 
құбылыстарын көркем сөз құдіретімен өрнектеп, кейіпкердің өз заманына сай жай-
күйін көрсетеді. 
Роман  –  дүние  жүзі  әдебиетінде  де  жоғары  бағаланатын  күрделі  жанр.  Өмір 
құбылыстарын  кеңінен  көрсететін,  қым-қиғаш  әлеуметтік  оқиғаларды  адам 
тағдырымен байланыстыра суреттейтін роман – әдебиеттің нағыз шыңы, ең жоғарғы 
түрі. Роман жанры батыс елдерінде ХІХ ғасырда биік шыңға көтерілген еді. 
ХХ ғасырда қазақ романы қалай қалыптасты, қалай дамыды? Реалистік роман 
жанрының мүмкіндігі де мол, стиль байлығы жөнінен де прозаның ең бір шоқтығы 
биік,  күрделі  түрі  деуге  болады.  Ол  өлеңге  қарама-қарсы  емес.  Бірақ  роман 
жанрында өлең фрагменттері де, тіпті өлеңмен жазылған роман да болады. Мысалы: 
А.С.  Пушкиннің  «Евгений  Онегин»,  С.  Торайғыровтың  «Қамар  сұлуы»,  «Кім 
жазықты?» атты шығармалары осыған дәлел емес пе?! 
Қазақ романы тақыр жерде, бір күнде пайда болған жоқ. Ол халықтың баяндау, 
әңгімелеу  дәстүрінің  бай  үлгілері  негізінде  қалыптасқан.  Ел  өмірінің  шынайы 
суреттерін  бейнелеп,  қоғамның  әлеуметтік  өмірінің  әр  қырынан  сыр  шертетін  бұл 
шығармалар – әдебиет тарихынан лайықты орын алған туындылар деуге әбден негіз 
бар. 
М.  Дулатовтың  «Бақытсыз  Жамал»  (1910),  Ж.  Аймауытовтың  «Қартқожа», 
«Ақбілек»  (1926-1928)  романдары  –  осы  жанрдың  жарқын  үлгісі.  Әдебиетіміздің 
кейінгі  дәуірлердегі  өркендеуіне  жол  көрсеткен,  көркем  прозаның  дамуына  өз 
дәрежесінде  ықпал  жасай  білген,  халықтың  мәдени  өміріндегі  оң  өзгерістердің 
алдыңғы сапында болған қаламгерлер шығармашылығының маңызы өте зор болды. 
ХХ  ғасырдың  20-шы  жылдарында  бүтін  бір  қазақ  ұрпағының  рухани,  әдеби 
шамшырағы Абай еді. 
М.  Дулатов,  Ш.  Құдайбердиев,  М.  Жұмабаев,  Ж.  Аймауытов,  М.  Әуезов 
шығармалары  –  нағыз  класикалық  әдебиет  туындылары:  жекелей  ерекшеліктері, 
стилі, көркемдік жағынан бір-біріне ұқсамайтын, хас шебердің қолынан шыққандай 
ерекше  дүниелер.  Әдебиетіміздің  саны  емес,  сапасы  жағынан  жаңа  белеске 
көтерілген  кезеңі  еді.  Адам  жаны,  оның  арман-мүддесі,  не  үшін  өмір  кешті,  неден 
қиналды, неге ұмтылды, кейіпкердің іс-әрекеті неге солай болды, не сезінді, қандай 
күйді  кешті  деген  сансыз  сұрақтарға  жауап  берген  осы  шығармалар  арада  жылдар 
өтіп халқымен қайта қауышты. 
Бұл  –  қайта  оралған  әдебиет.  Бұл  –  шыншылдығымен,  сыршылдығымен,  сөз 
кестесінің  әсемдігімен,  көркем  бояуымен  сәтті  шыққан  дүниелер.  Көркемдік 
стильдік  ерекшелігімен,  сөзімен  ғана  есте  қалмайды,  адами  құндылықтардың 
мәселесімен есте қалады, бағасы да сонымен өлшенеді. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
147 
Қайта  оралған  жазушылардың  стилі  де  бір  күнде  пайда  болған  жоқ.  Қазақ 
прозасының  жанрлық  және  стильдік  дамуы  ғасырлар  бойы  дайындалған, 
сұрыпталған,  яғни  бұдан  бұрынғы  қазақ  эпостық  жанрының  дамуымен  байланыста 
қалыптасқан.  ХХ  ғасырдағы  қазақ  прозасын  жаңа  белеске  көтерген  қаламгер  Ж. 
Аймауытов  шығармашылығы  әдебиетіміздегі  психологиялық  роман  жанрының 
бастапқы үлгілерінің негізін қалайды. 
Ғасыр  басындағы  шиеленісті  күрделі  оқиғаларды  игеруге  талпыныс  жасаған 
роман – ұлт-азаттық көтерілістің қазақ даласын дүр сілкіндіруін ғана емес, халықтың 
рухани дүниесінің жаңғыруын бейнелеген шығарма. 
Жаңа  заманның  жаңа  кейіпкерлерін  бейнелеуде  роман  жанрының  мол 
мүмкіндіктері бар еді. 
ХХ  ғасырдағы  қазақ  романының  дамуы.  «Қартқожа»  романы  1926  жылы 
Қызылордада жарияланды. Әдебиеттегі алғашқы қадамдарын ақын ретінде бастаған 
Ж.  Аймауытовтың  өз  өмірі  де,  Қартқожа  сияқты  бас  кейіпкер  өмірі  де  үндесіп 
жасқан  сияқты.  Жазушы  өзі  туралы  сауалнамасында:  «Ақат  ағамыз  екеуіміз  әрі 
молда,  әрі  етікші,  алғашқы  шимайшы,  домбырашы  болып  өстік»,  -  деп  баяндайды. 
Сондықтан  да  роман  сюжетіндегі  оқиғалар  өмірінің  өзіндей  нанымды, 
шыншылдығымен шырайлы, жазушының білімі, стильдік бірлігі айқын көрінеді. 
«Жүсіпбектің  «Қартқожа»,  «Ақбілек»,  «Күнекейдің  жазығы»  сияқты  көлемді 
прозалық  туындыларының  кейіпкерлері  –  әлеуметтік  арпалыстар  кезінде,  тулаған 
толқынның  үстінде  өзіне  жол  тауып,  жаңа  өмірді  жасауға  ұмтылған  жаңа 
қаһармандар. Қартқожа – жасынан қағажу көріп өскен, теңсіздіктегі ортадан шыққан 
қарапайым қазақ ұлы», - деп жазады академик С.С. Қирабаев. 
«Мен  мұндай  шешен,  сөзге  бай,  ұшқұр  жазушыны  ешқашан  көрген  емеспін... 
Өз  басым  қазақта  мұндай  білімді,  жан-жақты  дарынды  жанды  әлі  кездестіргенім 
жоқ. Мен білетін Жүсіпбек тамаша жазушы, тұңғыш роман жазған драматург, ақын, 
аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, сынның негізін салған дарын», - деп 
бағалайды Б. Майлин. 
Жүсіпбек  Аймауытов  –  шығармашылық  еркіндікті  жақтаған  қаламгер  еді. 
Сонымен  қатар  жазушының  өмір  сүрген  дәуірі  –  тар  жол,  тайғақ  кешкен  қатерлі 
кезең, алмағайып, аласапыран уақыт еді. Сол себепті Ж. Аймауытов та саяси қуғын 
құрбаны болды, ондаған жылдардан кейін, қайта құру идеясы нәтижесінде ақталған 
болатын. 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  «Қартқожа»  романының  көркемдік  ерекшеліктері 
туралы  талдамас  бұрын,  роман  жанры  туралы  әдебиет  зерттеуші  ғалым,  Алаштың 
ардақтысы, ұлт көсемі А. Байтұрсыновтың сөзіне жүгінелік. «Ұлы әңгіме, яки роман 
деп, тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін 
шығармаларды  айтамыз.  Ұлы  әңгіме  жазушы  көркем  сөздің  әуезі,  толғау,  айтыс  – 
барша  түрін  де  жұмсайды.  Ұлы  әңгіме  жазуға  үлкен  шеберлік  керек»,  -  деп 
айқындайды ғалым. 
«Қартқожа»  романындағы  әлеуметтік  теңсіздік  мәселесі.  «Қартқожа» 
романының  басты  тақырыбы,  көтерген  мәселесі  –  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ 
даласында болған әлеуметтік, саяси төңкерістер, екі дәуірдің тоғысындағы қазақтың 
басынан  кешкен  сан  қилы  тағдыры.  Жазушы  өз  романын:  «Жалынды  жастарға 
арнаймын», - деген эпиграфпен бастайды. 
Он  бір  жасар  бала  ауыл  молдасынан  хат  танып,  сауатын  ашады.  Жасына 
қарамай  соншалық  ұстамдылығына  автордың  өзі  де  қызыға  қарайтындай. 
«Қартқожа» аты да жас балаға лайық та емес қой» (25 б.). 
Қартқожаның  үй-іші,  отбасымен,  әкесі  Жұманның  шыққан  тегімен 
таныстырады.  Есін  біліп,  көзін  ашқаннан-ақ  бала  әлеуметтік  теңсіздікті  көріп, 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
148 
тұрмыс  тауқыметін  тартып,  ерте  есейеді.  Еріккен  бай  балалары  реті  келсе  болды, 
Қартқожаға  әлімжеттік  жасайды.  «Әттең  менің  кедейлігім-ау?  Әйтпесе  солардың 
менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса малы артық. Дүние шіркін-ай! 
Кегімді алатын күн болар ма екен?» - деп, ішінен зығыры қайнап жүрді. Балаға жаны 
ашып отырған жазушыны осы жерде айқын танисың. 
Автордың  өз  кейіпкеріне  деген  сенімі  де  зор.  Ол  дүниеге  де  сол  кейіпкер 
көзімен  қарайды,  соған  арқа  сүйейді,  соны  тірек  ететін  секілді.  Сол  Қартқожамен 
бірге  мұңайып,  бірге  қуанады.  Қартқожа  аз  ғана  оқуын  тамамдап,  үлгілі  ауыл 
молдасы атанады, құдайға барынша сеніп, дін уағыздарын да қатаң сақтайды. Бірақ 
қанша тырысқанымен әкесін де, өзін де кедейліктен құтқара алмады. 
Баяндаушы  өз  кейіпкерімен  әлеуметтік  бір  сатыда  тұрғандай.  Бірақ  біз 
романды оқи отырып, Қартқожаның жаны таза, арманшыл, өзгеге де, өзіне де адал 
екендігіне  сенеміз,  жазушы  бізді  сендіреді.  «Ол  былтыр  крестьянский  нашалнктің 
перуатшігін  көрген.  Ол  қандай  еді?  Үсті-басы  аппақ!  Сары  ала  түйме!  Шашын 
қайырған»  (28  б.).  Бұл  –  көз  алдымызда  есейіп,  өсіп  келе  жатқан  сергек,  еті  тірі 
баланың  сөзі.  Қартқожа  өз  жолының  айқындығын,  дұрыстығын  тағы  бір  дәлелдеп, 
өмірлік мақсаты – орысша хат тануды арман қалай армандайтынын көрсетеді. 
«Қартқожа»  романы  –  классикалық  үлгідегі  тәрбиелік  мәні  бар  романның 
тамаша  үлгісін  еске  түсіреді.  Мәселен,  ондай  туындыларға  С.  Мұқановтың  «Өмір 
мектебі»,  Л.  Толстойдың  «Детство»,  «Отрочество»,  «Юность»  сияқты  роман 
үлгілерін айтуымызға болады. 
Бұл романдардың ерекшелігі сол, адамның тиянақты түрде ер жетуінің, саналы 
азамат  ретінде  қалыптасуының  эволюциялық  даму  жолын  көрсетеді.  Көпшілік 
романдарда кейіпкерді жетілген, дайын, қалыптасқан шақтағы басты қаһарман етіп 
көрсетеді. Ал Жүсіпбек Аймауытовтың басты кейіпкері – аяқ астынан әкесіз қалған 
ауыл кедейінің өмірін, отбасын асырау үшін підияға қатысқан он үш жасар баланың 
басына  түскен  ауыртпашылықтарды,  кедейлер  көтерілісі  сияқты  аумалы-төкпелі 
жағдайларды бастан кешеді. 
Роман оқиғалары оның тағдырын да өзгертеді, қоғамдағы орнын да өзгертеді. 
Кейіпкер  үнемі  өсу,  өзгеру  үстінде.  Қартқожоның  сана-сезімі  өзгеріп,  іс-әрекет 
үстінде  есейеді.  Уақыт  пен  заман  Қартқожа  өмірі  мен  тағдырында  бетбұрыстар 
жасайды. 
Бұл  –  адамның  қалыптасуы  туралы  роман.  Ж.  Аймауытов  дүние  мен  адам 
өмірінің  үндесуін,  кейіпкердің  өмір  тәжірибесінен  үйренуін,  сол  өмірдің  қатал 
мектебінен  қалай  шыңдалғанын  суреттейді.  Бәрі  де  сол  заманның,  сол  уақыттың 
шындығынан өрбиді. 
Жүсіпбек Аймауытов романының ерекшелігі – қоршаған өмір кейіпкердің сол 
заманға  сәйкес  бейімделуін,  өмір  заңын,  өмірді  тану  мәселесін  жан-жақты  қамти 
алғандығында.  Кейіпкердің  есеюімен  қатар,  қоршаған  өмірі  де  өзгеріп  отырады. 
Қартқожа  өмірдің  өзімен  бетпе-бет  қалыптасады,  сол  өмірдің  де  салтанат  құруына 
игі әсер етеді. Роман кейіпкері де, автор да – екі дәуірдің тоғысында, яғни бірінен – 
екіншісіне өту дәуірінде өмір сүрген жандар. 
Жазушының пейзаж жасау шеберлігі. Романның көркемдік ерекшелігінің бір 
қыры  –  жазушының  пейзаж  суреттері.  Қартқожаның  әкесі  Жұманның  аяқ  астынан 
қайтыс болуының алдындағы қыстың басталуы-ақ бір сұмдыққа бастағандай сыңай 
танытады. Табиғат... 
«Жаз өтті. Жауындатып, қара желдетіп, шөпті қуратып, жапырақты сарғайтып, 
елді  әбігер  қылып,  ала  сапырандатып  күз  өтті.  Үсті-басы  қырауытып,  қылышын 
сүйретіп, шықыр-шықыр етіп қыс келді. Биылғы қыс қатал болды. Боқырау болды, 
боқ  қатты.  Қарашаның  қарын  қаңтарға  қосты.  Ұдайымен  алай-түлей  ақтүтек  боран 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
149 
соқты.  Боран  ашылса,  шартылдаған  саршұнақ  аяз  қысты.  Жер  сіреу  қар.  Жер  көк 
сең,... малдың аяғын қызыл жосын қылып қиып тастады. Күн құлақтанып, шаңытқан 
ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді». 
Жыл  мезгілдерінің  суреті  бір  ырғақпен,  бір  әуезбен,  теңеу,  эпитет,  ассонанс, 
аллитерациялық өрнектермен жып-жинақы, әрі шымыр жасалған сурет жазушының 
шын дарын иесі екендігін тағы бір көрсетеді. 
Көтеріліс алдындағы түнді жазушы: «Ай, қараңғы. Бұлт. Желтең қолды күпінің 
ішіне  алын,  бұйығып,  күзетшілер  тәтті  ұйықтайтын  жақсы  түн.  Қартқожа  да  ескі 
күпісін  айқара  жамылып,  басын  тұйықтап  қорылдап  жатыр  еді»,  -  деп  сипаттайды. 
Шырт  ұйқыда  жатқан  жұрттың  ойламаған  жерден  көтеріліске  кірісуі  де  адам 
өмірінің табиғатпен етене үндестігін бейнелейді. 
Табиғат  адам  баласының  өмір  сүру  ортасы  десек,  жазушының  пейзаж  жасау 
ерекшелігі халықтық сипатында жатыр. Қазақ халқы – табиғатқа өте жақын, оны тез 
түсінетін,  табиғатпен  тығыз  байланыста  өмір  кешкен  халық.  Жазушы  да  сол 
табиғатты  халық  тілімен  сипаттап,  халықтың  ойымен  талдап,  табиғат 
құбылыстарына халықтың көзімен қарайды. 
Жүсіпбек  Аймауытов  жан-жақты  зерделі  адам  ретінде,  романда  қазақ 
халқының  жұлдызшылық,  есепшілік  қасиеттерін  де  ретімен  бейнелеген.  Жазушы 
жұттың  боларын  алдын-ала  болжайтын,  халықтың  көнекөз  білгірлерінің,  түс 
жорығыш сәуегейлерінің сөзімен нанымды етіп баяндайды. 
«Қас қараяр-қараймаста, күнбатыста шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді  жан 
алғыштан  жаман  жарық  жұлдыз  шығады,  күннен-күнге  шарықтап,  көкке  өрлейді, 
жел қасарып, Темірқазықөтан таймай ызғырады да тұрады. 
Енді жұт болмаған несі қалды? 
Биыл жұт болады деп, күні бұрын есепшілер де айтқан: шөптің шығысы жаман, 
серейген-серейген  еркек  шөп,  бидай  бас,  көде,  боз  қаптап  кетті.  Тышқанның  шөп 
жинауы  бұзық,  інінің  төңірегін  тап-тақыр  қып  тастапты.  Құмырсқаның  илеуінің 
ортасы  шұқырайып  кетіпті.  Сиыр  далаға  түнеп,  жусамайды,  кеш  болса,  ауылға 
жүгіреді. Жылқы ақырайып, тыраңдап жатпайды. «Малдың ындыны құрып  барады, 
атау  кересін»  жеуге  ассыққан  немеше.  Адал  құс  «ерте»  қайтты...  Биылғы  жыл 
«Қоян» екенін де білді». 
Ала  жаздай  алаңсыз  болып,  қысқа  дайындық  жасамаған  ел  жұтқа  ұшырайды. 
Табиғаттың  осы  тосын  мінезі  Қартқожаның  да  басына  қара  күн  тудырып,  әкесіз 
қалдыратындығын күні бұрын сездірген хабаршыдай болды. Оқиға желісі нанымды, 
ешбір  боямасыз  суреттерге,  кейіпкердің  басынан  кешкен  оқиғалардың 
шынайылығына  шүбә  келтірмейсің.  Халықтың  зердесі,  бақылампаздығы, 
алғырлығы, дүние танымы оқырманға да ой салады. 
Қазақ әдебиетінде пейзаждың классикалық үлгісін жасаған ұлы Абайдың әсері 
өзіміз  талдап  отырған  романда  да  кездесіп,  ел  өмірінің  суреттерін  көз  алдыңа 
әкеледі. ... «Шілде. Шағала көлдің ин тірескен ауыл, бықырлаған мал, жердің жүзін, 
көктің  түрін  сары,  қызыл  алтынға  бояп,  жаздың  нұрлы  қызыл  күні  белеңнен  аса, 
шеті  қылтиып  барады.  Шаңдатып,  топырлатып,  жылқы  шауып,  суға  түсті. 
Жамыраған  қой,  азынаған  сиыр,  өкірген  бұқа,  айқайлаған  бала,  ауқаулаған 
қатындардың  дауысы  қосылып,  көлдің  басы  ың-жың,  у-шу,  ауыл-ауылдың  түтіні 
ұрандасып, ұласып, көл арнасын көк тұман басып тұр. 
Жадыраған жаз елді де жаңғыртты. Ел маужыраған. Елде ес жоқ». 
Ауыл  өмірі,  ауыл  суреті  үнемі  қозғалыста,  тіршілік  қозғалысында.  Көшпелі 
тұрмыстың,  еркіндіктің  қазақ  жұртының  өтіп кеткен  өркениетінің  үздік  бір  суретін 
жазушы осылай сипаттайды. 
«Батыстан шыққан шекпендей қара бұлт желді ішіне тартып, уілдей бастайды. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
150 
Торғай  ұясына,  тышқан  ініне  тығылып,  жан-жануар  бас  сауғалау  қамында... 
Жаулығы  басына  тірелген  қатындардың  айғайын  дауыл  жұлып  әкетеді...  Қозылар 
айрылып, бұзаулар бұға бастады. Иттер арба астында, ашамайдың панасына кірді... 
Жауын  сабап  тұр.  Қартқожаның  үйі  жайрап  жатыр...  Төгілген  айран,  жарылған 
қарынды иттер жеп жатыр...». 
Осы үзіндіде жасаққа қосылған жігіттердің де басына қара күн туып, майданға 
қара  жұмысқа  алынатынын,  қазақтың  басына  да  қара  бұлт  үйіріліп  келе  жатқанын 
табиғаттың дүлей құбылысымен қатар алады. 
«Қартқожа»  романындағы сәтті  жасалған деталь  – жазушының портрет  жасау 
шеберлігі. 
«...Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі сауыс, бетінің бір жағы 
да  сатпақ,  көзінің  бұлшығы  да  тазармайды.  Сол  баланың қақ-соқпен  шаруасы  жоқ, 
момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында 
болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді.  Құдай оңдап, аты да 
түріне сай бола кетер ме? Қартқожа...». 
Сол бала – Қартқожа айналасын да бағдарлай біледі, көкейге әр нәрсені тоқи да 
біледі.  Жазушының  сипаттап  отырған  кейіпкері  Әбілда  перуатшік  Қартқожаның 
көзімен баяндалады. 
«Үсті  басы  аппақ!  Сары  ала  түйме!  Шашын  қайырған.  Аяғында  әмірқан  етік. 
Нашалніктің  алдында  аузы-аузына  жұқпай  судыратқанда,  кісілер  таң  қалмаушы  ма 
еді?!  Әбілда  перуатшіктің  стражникті  жеңіп  кеткеніне  Қартқожа  қатты  сүйсінген. 
Қазақта  да  мұндай  жетік,  орысшаға  судай  жетік  кісі  болады  екен  ау!  –  деп 
таңданған...  Оның  таза  көрпе,  жастықтың  үстінде  шынтақтап  жатқаны,  шылымын 
бұрқыратып, шай ішкені де бір керемет болып көрінген. Оның аты жоқ қолындағы 
алтын  жүзігі  де,  ақ  желеткесінің  омырауындағы  сағатының  күміс  бауы  да,  омырау 
қалтасынан  қылтиып  көрініп  тұрған  қара  тарағы  да  бір  түрлі  жат  болып  көрініп, 
есінде  қалған»,  -  деп,  арманшыл  Қартқожаны  Әбілда  перуатшікке  қаратып, 
қызықтыра түседі. 
«Қартқожа»  романының  тіл  ерекшелігі.  Қазақ  әдебиетіндегі  роман 
жанрының  жүгін  өз  дәрежесінде  көтерген  «Қартқожа»  романы  –  тіл  байлығы  мол, 
көркем  туынды.  Шығарманың  стильдік  құрылымы,  көркем  сөз  кесте-өрнектері 
ұлттық тіл байлығын барынша шеберлікпен пайдаланған. 
«Қартқожа» романының өзіндік ерекшеліктері мол. Бұған дейін жарық көрген 
М.  Дулатовтың  «Бақытсыз  Жамалын»,  Тайыр  Жомартбаевтың  «Қыз  көрелік»,  С. 
Көбеевтің  «Қалың  мал»,  С.  Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»  сияқты  шығармалардан 
Жүсіпбек  Аймауытов  романы  мүлде  өзгеше  дүние.  Өзгешелігі  тек  оқиға  сюжетте 
емес,  осы  тіл  байлығы  мен  баяндау  стилінде,  кейіпкерлерінің  сөйлеу  мәнерінде. 
Жазушы характерді ашу мақсатында көбінесе сөз бояуын кейіпкердің өз аузымен, өз 
сөзімен келтіреді. 
Жүсіпбек Аймауытов алғашқылардың бірі болып ұлттық сананың оянуын осы 
романға  арқау  еткен.  Өмір  шындығын  барынша  көркемдеп  жеткізуде  жазушы  да 
кейіпкерге  өзіне  лайық  «сөз  береді».  Бозбала  жігіттің  сөзі  баяндаушының,  ересек 
адамның  сөзінен  айрықша.  «Солдат  алатын  болыпты»  деген  суық  хабарды  естіген 
жігіттердің сөздері өздеріне лайық, жанып тұр. 
«Жар қабақтау келген жаурынды қара сұр жігіт, көзі қасқырдың көзіндей қып-
қызыл, омырауын ашып, келдектей сары қамшысын білеп: 
- Егер бермеді бар ғой, қамшының астына алыңдар! – деді… Жігіттер болыстан 
кінегені тартып алуға бел байласты, шу етіп ашулы. Ал ел ағасы Нұрмағамбет би: 
- Он сегіз мың әлемді билеуші  бір құдай. Дүниеде құдай күшті.  Құдайдан соң 
патшаның әмірі күшті… Арыстан айға шабамын деп, аяғын сындырыпты… Бұл бір 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
151 
көпке  келген  селебе.  Азамат  басына  түскен  ауыртпалық.  Бәрің  де  тістің  суындай, 
көздің  қарашығындай,  жаңа  пісіп  келе  жатқан  көк  өрім  азаматсыңдар, 
баламызсыңдар,  інімізсіңдер.  Сендер  кетсеңдер  қабырғамыз  қайысады,  бүйіріміз 
бүгіледі…  Саулық  қойдың  жасындай  жасымыз  бар,  мына  отырған  бурыл  сақалдар 
неге тұлға боламыз? - деп келе жатқанда, манағы сары ала қамшылы қара сұр жігіт 
ұшып түре келді: 
-  Майда  тілдің  бізге  бір  тиынға  керегі  жоқ!  Кінеге  қайда?  Спесік  қайда? 
Қолымызға берсін! – деді». 
Міне,  желдей  гулеген  жігіттердің  «аузына  құм  құйылған  ақсақалдардың» 
сөздері  оқиғаның  драмалық  тартысын  ширата  түседі.  Қарап  отырсақ,  Нұрмағамбет 
бидің сөзі де орынды, нанымды, имандылық сөзі, әрі көркем, мақалдап, небір теңеу, 
шендестірулермен  бұлқынған  боздақтарға  басу  айтады.  Бірақ  жүген-құрық  тимеген 
асау мінез қырдың баласы  «майда сөзге» құлақ аспайды, дүниені төңкеріп тастауға 
әзір, от-жалын боп шарпиды. 
-  Сабыр  етіңдер!  Болысқа  айтайық!  Айтқандарыңды  істейік,  -  деп,  топты 
тоқтатып,  болыстың  үйіне  кетті.  Жігіттер  желдей  гулейді,  судай  толқиды,  ду-ду 
етеді». 
Жазушының стильдік ерекшелігі: халықтың мінез-құлқы, тілі мен ділі, ұлттық 
рухани  дүниесін  көркем  бейнелейді.  Сөз  саптау,  сөйлем  құрылысында  иірімдері 
дәлдігімен,  өткірлігімен,  жинақылығымен  ерекшеленеді.  Қазақ  тілінде  жиі 
кездесетін  «отыр,  тұр,  жүр,  жатыр»  деген  көмекші  етістіктер  жағаласып  көп 
қолданылмайды. 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  эстетикалық  талғамы,  тілінің  байлығы  қайнаған 
халықтың  өз  аузынан  алынғандай,  ара-тұра  юмор,  жеңіл  сатираға  да  орын  беріп 
қояды.  Мысалы,  Әлімбайдың  «тырапай  асқан  кемпірі»,  «Оңбағанның  саяғы  түзде 
жүріп тебіседі» деген жолдар ауыл қазағының мінез-құлқын бейнелейді. 
Романда халықтың өмір салты да нанымды бейнеленген. Әрі әнші, әрі балуан 
Дәрменнің  өнеріне  ел қызығады,  батылдығы,  ер  мінез  өрлігі  қазаққа  тән  қызулығы 
қайда  жатыр!  Сол  сияқты  сапарға  аттанған  жігіттерге  бата  беру,  аруақтарға  дұға 
арнау, тасаттық беру сияқты жоғарғылардың суреттері бар. Жазушы «Жауынды күні 
ит  пен  бала  құтырады»,  «Ел  құлағы  елу»,  «Көппен  көрген  ұлы  той»  деп,  тағы  сол 
сияқты мақал-мәтелдерге де орын береді. 
Табиғат көрінісін сипаттаудың бұрынғы әдістері авторды қанағаттандырмайды. 
Сондықтан  жаңаша  бір  бояулар  енгізеді,  өрнектер  өреді.  «Шағала  көлдің  беті 
айнадай.  Сұлу  құшқан  жігіттей  ай  сәулесін  құшақтап,  көл  жымың-жымың  етеді. 
Көлді  біреу  көшіріп  кететіндей,  әлсін-әлсін  қиқылдап,  әлек  болып  қызғыш  жүр. 
Кабинетінде отырып әмір еткен комисарша маңғазданып, оқта-текте аққу сұңқ-сұңқ 
етеді. Кәдеге таласқан қатындарша ию-қию болып, бажылдасып қаздар жатыр». 
Нәзік иронияға келгенде жазушының «ептілігі» байқалмай қоймайды. 
«Бұрынғы Қартқожа емес. Сымдай орысша киім, аяқта қу табан, Әбілдә тілмәш 
тәрізденіп  шашын  қайырып  қойыпты.  Орысша  тілді  де  біліпті.  Көшеде  өтіп  бара 
жатқан  орыстарға  қалпағын  алып  «іздрәсти»  деп  амандасып  жүр,  танымал  кісідей 
олар да Қартқожаға басын шұлғып барады». 
Сол  сияқты,  «Қара  тақтайсыз  мұғалім  –  тебенсіз  кемпір...  Үшкөлдің  қара 
тақтайы болушы еді… Соны мен қай үйден көрдім? – деп ойшылар ойға жүгіртті. 
- Кәзибенің апасы үлкен қазанына қақпақ қылдырып алған… – деді бір бала. 
- Бәсе, сол үйде көрдім! 
Кәзибенің  апасының  үлкен  қазанның  қақпағын  қазынаға  алуға  тура  келді»,  - 
деген жолдарын нағыз қазаққа тән қалжың деп түсіну керек. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
152 
Қорыта  келгенде,  Жүсіпбек  Аймауытов  роман  арқылы  халықтың  жаны  таза, 
арманшыл,  «еңбекті  сүйген,  елі  үшін  күйген,  ізгі  тілек,  ер  жүрек»  өкілдерінің  бірі 
Қартқожа  бейнесін  жан-жақты,  толымды  етіп  сомдаған.  Сол  Қартқожа  арқылы 
әділетсіздік  пен  зұлымдыққа  қарсы,  надандыққа,  жікшіл-рушылдыққа,  қорлық  пен 
зорлыққа  қарсы  тұра  білген,  қанша  момын,  төзімді  болса  да  күні  туғанда  дүр 
сілкініп,  сойқан  мінез  де  көрсете  білетін  еркіндікті  сүйген,  сұлулықты  бағалайтын, 
батыл,  батыр,  (Дәрмен  сияқты)  ақын  жанды,  тәңірі  сиы  деп  білетін  әншілікті, 
серілікті серік еткен қазақтың бейнесін ашып көрсеткен. 
Роман  авторы  ән  өнерін  ерекше  бағалап,  тәңірінің  сыйы  деп  түсінеді.  «Ол 
қазақтың  еркін  күнін,  ескі  дәстүрін  жоқтады,  бұрынғы  өткен  ерлерді,  батырларды, 
билерді  жоқтады.  Ол  күндегі  байлықты,  берекені,  бірлікті,  ерлікті,  серілікті  өлеңге 
қосты» (68 б.). Жазушы халық тағдырына алаңдайды. Бір жағынан қазақтан шыққан 
жақсылар елдің қамын ойламай, шенге, шекпенге мастанып, елді қанап, пара жиып, 
жауыздыққа  салынғанына  кектенеді.  Әңгімешінің  сөзі  арқалы  автор  көкейіндегі 
небір мұң-шерімен бөліседі. 
Жүсіпбек  Аймауытов  ойлары  бүгін  де  көкейтесті  мәселе  емес  пе?!  Халықтың 
болашағы,  елдің  ертеңін  ойлайтын  кімдер?  «Жұрт  жер  шұқып  қалыпты...  Аузын 
ашып,  қалшиып,  көзінен  аққан  жасы  бетін  жуып  отыр».  Бұл  –  рухани  тазарудың 
белгісі.  Жүсіпбек  Аймауытовтың  «Қартқожа»  романы  –  қазақ  әдебиетіндегі  роман 
жанрына  қосылған  үлкен  үлес,  өз  заманының  жүгін  абыроймен  көтере  білген, 
уақыттың сынынан сүрінбей өтіп, халқымен қайта қауышқан асыл қазына. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет