«Жеті жарғы» – Тәуке ханның далалық конституциясы. Көтеріліс жасап,
бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылған. Түрік халқының мүддесін сатып,
елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылған. Мемлекет ішінде жазықсыз
кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылған. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық
жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылған. Өреде тұрған, тұсаулы
жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылған.
Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленген:
біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын берген, ал қызы жоқ болса, қыздың
қалың малын берген. Төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат берген.
Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілген.
«Жеті жарғы» туралы жеті дерек. Қазақ ханы әз-Тәуке «Қасым ханның қасқа
жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» жетілдіріп, «Жеті жарғы» заңдар жинағын
жарыққа шығарды.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
159
Қазақ хандығындағы билер соты
Заман талабынан туындаған. ХVІІ ғасырда қазақ хандығына жан-жақтан
қауіп төніп, елдің ауызбірлігі әлсірей бастайды. Осы тұста Тәуке хан хандықты
нығайтуға күш салды. Бұл үшін мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын
жаңа заңдар жүйесі қажет болды. Тәуке хан қазақ халқының ежелден келе жатқан
дәстүрлі әдеп-ғұрыптары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған
«Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» негізге алып, жаңа заң
жүйесін жарыққа шығарды. Күлтөбенің басында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер
бас қосып, «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын
қабылдады.
Жарғы жеті жаңа тармағымен ерекшеленген. «Жеті жарғының» толық
нұсқасы сақталмаған. Оның үзінділерін К. Шүкірәлиевтің (1804), Я.
Гавердовскийдің (1806), А. Левшиннің (1832) жазбаларынан оқуға болады. Сондай-
ақ, Н. Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының
зерттеулері шежіреші Ә. Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған
нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген
тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру
арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
Сайлауға қару асынып келу міндеттелген. «Жеті жарғы» заңдар жинағы
негізінде қазақтың тайпа, ру басылары жылына бір рет жиналған. Бұл жиындарда
мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру
негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру
құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының
жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға
қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз
дәрежесінде бекітілді.
Төрт түлік малмен құн төлеген. Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу
болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн
мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
160
адамның құны 500 қой болған. Өлген адамның әлеуметтік жағдайы ескерілген,
ақсүйек болса, құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан
өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген.
«Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27
мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен.
Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап
айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде
ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100
түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға»
сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.
Ауыр қылмыс жасаған адам өлім жазасына кесілген. «Жеті жарғыда»
қылмысты іс құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру,
мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары
жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл
жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және
тас атып өлтіру. Сондай-ақ, мемлекет ішіндегі бүлікшілер мен сатқындар өлім
жазасына кесілген.
Қылмыстық істерді билер соты қараған. Билер соты барысында екі жақ
келісуі бойынша өлім жазасын құн төлеумен алмастыруға мүмкіндік болған. Құн
төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің
туыстары оны кешірмеген жағдайда; егер әйел некесіз туған баласын өлтірген
жағдайда; жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда;
«құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Ал, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы
қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауыс көтерген қыз
баланың жазасын шешесі шешкен.
«Жеті жарғы» ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданылған. «Жеті
жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін пайдаланып келді. Ал кейбір
заңдар 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін қолданылды.
Жоғарыда атап өткеніміздей, біздің заманымызға «Жеті жарғының»
түпнұсқасы жеткен жоқ. Алғаш рет орыс ғалымы Г. Спасский жаппас руының
старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11
үзіндісін 1820 жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті
жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А. Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл
нұсқалар «Жеті жарғы» жарыққа шыққаннан кейін 100 жылдан соң халық ауыз
әдебиеті жанрында жарияланған.
Дала өмірінің іс жүзіндегі заңдары әлдеқайда көп, олар адам өміріндегі әрбір
жалпы жеке құқықтық жағдайларды қамтитын жүздеген баптардан тұрады. Ендеше
дала заңдары барлық уақытта бірдей қолданылған. Олар тек Тәуке ханның тұсында,
соның дәуірінде ғана бір жинаққа топтастырылып, тіркелген.
Қасым атам құрып кеткен қасқа жол,
Қазағымның басын тұтас қосқан ол.
Есім атам ескі жол деп жалғаған,
Халқының тек амандығын ойлаған.
Әз Тәукедей батыр атам хан атам,
Бар қазақтың елін бірге топтаған.
Жеті жарғы дала заңын енгізіп,
Қазағымның тұтастығын сақтаған.
Зерттеу жұмысымның тобықтай түініне келетін болсам. «Қасым ханның
қасқа жолын» Есім мен Тәуке хандар өз заңдарына негіз етіп алғаны белгілі, олар
өздері қандай өзгерістер енгізді? Және бұл туралы кімдердің еңбектерінде бар дейтін
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
161
болсақ, оған жауап Қасымның ереже заңдары өзгеріссіз ХVІІ ғасырға жетіп, Есімнің
кезінде (1598-1645) «Есім салған ескі жол» деп аталады. Тәуке ханның тұсында
(1680-1718) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен боялмай, ежелгі билер жасаған
қалпын жақсы сақтайды.
Құба-қалмақ жортуылымен байланысты тарихи-саяси жағдайдың аса
шиеленіскен қиын кезі болғандықтан, сол кездегі саңлақ ойлы билер (Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке би) Жарғының ежелгі бес тарауына тағы екі тарау қосып, «Жеті
жарғы» (жеті хақиқат) деп атаған. Тәуке кезінде қосқан екі тарау: 6) Жесір дауы; 7)
Құн дауы. Бұл кезде шапқыншылық, кісі өлтіру көп болған соң, құн дауын қылмыс
заңынан жекелеп, өз алдына заң етіп шығарған.
ХV-ХVІІІ ғасырларда қолданылған ежелгі «Жарғының» үзінділері халық
аузында қысқа-қысқа мәтел сөздер күйінде сақталған. Мәселен, «Қара қылды қақ
жару», «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешу», «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы –
Майқы би», т.б. «Жарғының» ертеректе жазылған бір нұсқасы «Қазақ хандарының
рәсмилері» деген атпен Ыстамбұлда Сүлеймен Канунидің кітапханасында сақталып
қойылған.
Жарғының негізгі ережелерін ХVІІІ-ХІХ ғасырда ел басқарған сұлтандар,
билер жақсы білген (Абылай, Жәңгір, Ахмет Жантөрин, Құнанбай, Мұса т.б.).
Олардың айтуынан белгілі орыс ғалымдары А.И. Левшин, А. Ягмин, И.Н.
Ибрагимов, В.А. Плотников, Д. Андре, Бонч-Осмоловский, А.И. Добромыслов
жазып алған. Демек, «Жарғы» заңдары қазақ халқының рухани тіршілігінде айқын із
қалдырған тарихи ескерткіштердің бірі болып саналады. Ал жалпы алғанда, «Қасым
ханның қасқа жолының» ел басқару ісінде өркениеттік рөлі болғанымен де, түп
мақсаты хан, би, сұлтан, бай-манаптардың мүддесін көздеді.
Тәуке хан Күлтөбенің баурайына (Сырдария облысы) ішінде сол кездегі атақты
би Төле Әлібеков бар, жеті биді жинап алды, содан сол билер Қасым мен Есім
хандарының ежелгі әдет-ғұрыптарының басын құрап, «Жеті жарғы» дейтін жаңа
әдет-ғұрып шығарды. Қазақ елінің әдет-ғұрпын, әдепкі құқығының ұңғыл-шұңғылын
түбегейлі зерттеуші ғалым Н.И. Гродеков 1889 жылы Ташкент қаласында жарыққа
шыққан «Сырдария облысының қара қырғыздары» атты кітабында осылай деп
жазған.
Әдебиеттер
1 Зиманов С., Өсеров Н. Дереккөзі: Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер
және зерттеулер – Древний мир права казахов: 10 томдық [Мәтін]. – Т. 1 /
Бағдарлама жетекшісі С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2003 – Қазақ
академиялық университеті. – 464 б.
2 Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Алматы:
Атамұра, 1998. – 3-т. – 373 б.
3 Махмұд бен Уәли. Бахр әл-асрар, л. 124;
4 Мағауин М. Қазақ тарихының әлппесі. – Алматы, 1995. – 21 б.
5 Пищулина К.А. Казахское ханство во взаимотношениях с Могулистаном и
Шайбанидами в последней трети 15 века. – Алматы, 1981. – 96-123 с.
6 Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди, 46-174 б.
Түйін
Бұл зерттеу жұмысымен айналыса отырып, мен қазақ хандарының жағдайы
мен заңдар жинағы жайында көп мәліметтер алдым. Біршама ізденіс жұмыстарын
жүргіздім, көп білген сайын қызыға отырып, іздедім, зерттедім. Осыған байланысты
шабытым оянып, өлең жолдарын да жаздым. Көп ізденген сайын ата-бабаларыма
деген құрметім толыға түсті. Мен оларға басымды иіп, рахметімді айтамын.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
162
ЖАНДОСОВА Гүлдана Жандосқызы,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің І курс,
№190 топ студенті, Жосалы кенті, Қармақшы ауданы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ЖҮСІПОВА Меруерт Жайылханқызы,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі «Тарих» пәнінің
оқытушысы, Жосалы кенті, Қармақшы ауданы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
ҒАНИ МҰРАТБАЕВ – ТАРИХИ ТҰЛҒА
Ғани Мұратбаев туралы зерттеу жұмысы қазіргі таңда өзкті мәселелердің бірі.
Себебі, Отан тарихында бұған дейін бұл тақырып толыққанды зерттелмеді.
Сондықтан да, Орта Азия халықтары жастарын білім мен ғылым және қоғамдық-
саяси істерге тарту жолдарын зерделеу, тақырып аясын терең және тура түсінуге жол
ашатын зерттеу жұмысының алдына қойған мақсат-міндеттері айқын. Әсіресе, Ғани
Мұратбаевтың Түркістан жастарының ұлттық сана-сезімін оятуда бар күш-жігерін
салып, іске асырылуы тәжірибесінің үлгілері мен нұсқаларын тың деректік
материалдар негізінде жаңа көзқарастар тұрғысында талдап, оның жұмыс істеу
тәсілдерін ашып көрсетеді.
Тақырыпты зерттей келе, ғылыми жұмыстың мазмұнынан туындайтын ойлар
жүйеленіп, тұжырымдары нақтыланды.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
163
Біріншіден, Ғани Мұратбаев еркіндік пен теңдікті жоғары бағалады. Оның
қоғамдық көзқарастарының қалыптасуына ол өзі
өмір сүрген уақыттағы қоғамдағы ахуалдың ықпалы
болғандығы сөзсіз. Екіншіден, Ғани Мұратбаевтың
азамат болып қалыптасқан кезеңі революция, саяси-
экономикалық реформалардың халыққа ауыр тиген
уақытымен тұспа-тұс келді. Қазақ даласында орын
алған аштық, халықтың сауат ашу, басқа
халықтармен теңесе алуға деген құштарлық оны тез
есейтіп, оның қоғамдық-саяси ортаға ертерек
араласуына түрткі болған. Үшіншіден, оқу-білімді
ең алдымен азаматтық, бостандыққа қол жеткізудің
негізі деп түсінген Ғани Мұратбаев халықты, оқу-
өнер үйрену арқылы оянуға үндеген, әлемге ойлы
көзбен
қарауды
ұсынған,
саяси
сананы
қалыптастыруда «Жас алаш» газетін шығарған өз
заманының көреген көшбасшысы. Төртіншіден, ол
қоғамдық күрес жолына түскен жас қазақ
зиялылары өкілдерімен бірге қазақ қоғамының
әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерін
шешуге белсене араласты. Ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік және мәдени
мәселелерді көтеріп, шешуге мерзімді баспасөздің атқарар қызметінің
маңыздылығын Ғани Мұратбаев жақсы түсінді. Сондықтан да ол «Жас алаш» газетін
шығару ісіне көп күш жұмсап, баспасөз бетінде жалпыұлттық мәселелерді көтеруге
ұмтылды.
Бесіншіден, Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеу
барысында көз жеткізетін бір шындық оның өз заманында-ақ «Болашақ –
жастардікі», - деп жастардың білім алып, әлеуметтік өркениет жолына түсуіне, саяси
санасының өсіп-жетілуіне өз үлесін қосып, халқының өркениеттік жолға түсуі үшін
міндетті түрде ғылым мен білім ең өзекті қажеттілік екендігін алға тартады. Әйел
теңдігі, отырықшылық сияқты сан-салалы әлеуметтік келелі мәселелер төңірегінде
айтылған құнды пікірлерінің болуы және бұл идеяларының бүгінгі тәуелсіз
Қазақстан үшін де мәнділігін жоймауы оның өміршеңдігін көрсетеді.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
164
Жалпы қоғамдық-саяси өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға белсене
араласқан Ғани Мұратбаев ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ояну мен жаңғыру
идеяларына бой ұрған, ұлт мүддесін ойлап, өзінің халқына қалтқысыз қызметі
арқылы халқын ағартушылыққа шақырған қайраткер ретінде таныла білді. Ғани
Мұратбаевтың ар-ождан, рухани қасиеттерді санаға сіңіріп, жеке адамды
қалыптастыру арқылы мемлекетті нығайту, өркениетті деңгейге көтеру идеяларының
мазмұны мен мағынасы бүгінгі күні де өзінің мәнін жоймайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзат баласы өткен тарихын жадында
сақтап, одан сабақ алу қажет. Кеңес үкіметінің тұсында қалыптасқан саяси-
әлеуметтік жағдай, қоғамда шектен тыс шыққан үгіт-насихаттың арқасында
зерттеушілеріміздің қате пайымдаулар мен сыңаржақ тұжырым жасауларына
итермеледі. Сондықтан да, Қазқстан тарихының кейбір күрделі кезеңдерін өзгерту де
заңды құбылыс болмақ.
Егемендік алғанан кейінгі кезеңдегі мемлекетіміздегі жаңарулар мен тың
серпілістер тарихи оқиғаларға жаңа тарихи таным бағытында зерттеу мен тың
деректер негізінде қайта сараптап, зерттеу мүмкіндігін әперіп, Отандық
тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің орнын толтырып, болған оқиғалар мен
құбылыстарға жаңа көзқарас тұрғысынан сараптап, тарихи шындықты зерттеп,
зерделеп, жария етіп отыратын ұлттық зиялылар қызметі арқылы жүзеге асыратыны
мәләм. Егемен Қазақ мемлекетін құру жолында ұлттық сананың қалыптасуы мен
қазақ ұлтының өткен тарихын, жекелеген тұлғалары мен тарихы үрдістерін шынайы
түрде толық қарастыруды қажет етіп отыр.
Қоғамда ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, саяси қоғам қайраткерлерінің, тіпті
ел ішінде танымал болған белгілі мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлердің
есімдері ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңынан басталған кеңестік жүйенің
арнайы жүргізген саяси іс-шараларының құрбаны болып кете барды. Кеңестік тарих
ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен
азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге
жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырды, зерттеуге тыйым салды. Ал зерттеле
қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
165
бермеді. Сондықтан да тарихтың бұл беттерін қайта қарастырып, әлі де болса
қолданбай келген мұрағат құжаттары арқылы жаңа шынайылық көзқараспен сынай
отырып, қазақ жалпы Түркістандық шығыс жастарының көшбасшысы Ғани
Мұратбаевтың кеңес үкіметі тұсындағы қайраткерлік өмірі мен қоғамдық-саяси және
мемлекеттік қызметтері туралы тарих саласында осы күнге дейін толық, арнайы
түрде ғылыми тұрғыдан зерттелмеген тұстарын кешенді түрде ашып көрсету
тақырыбымыздың өзектілігі болып отыр.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақ халқының арасында тұңғыш рет Түркістан
шығыс жастарының көшбасшысы әрі сол жастар қозғалысының ұйымдастырушысы
Ғани Мұратбаев туралы көптеген зерттеулер жарық көргені мәлім. Ғани
Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жайындағы естеліктер, әңгімелер,
поэмалар тарихи еңбектер жазылғаны белгілі. Солардың қатарында Иса Тоқтыбаев,
Әуелбек Қоңыратбаев, Асқар Тоқмағанбетов және тағы да басқаларды атауға
болады. Әсіресе, Сыр өңіріне белгілі зерттеуші журналист Сейілхан Асқаровтың
жасаған еңбегі ерекше. Оның жетекшілігімен 1967 жылы жинақталған суреттер мен
құжаттар негізінде М. Горький атындағы қалалық кітапханада мүсін
ұйымдастырылады.
Еліміз тәуелсіздік алғалы Ғани Мұратбаев қызметін зерттеушілер қатарында
Нұртөре Жүсіп, Абылай Айдосов, Дәуірхан Айдаров, Мәмбет Қойгелді, Тынысбек
Қоңыратбаев және тағы басқалардың зерттеу еңбектерін көрсетуге болады. Аталған
ғалымдар өз зерттеулерінде Ғани Мұратбаевтың қоғамдық-саяси қызметі туралы
жаңа көзқарастар мен тың деректерді көпшілік қауымға танытты. Тәуелсіздік
жылдары зерттеуге алынған өзекті тақырып бойынша халықаралық, республикалық
дәрежеде зерттеулердің тәжірибелік негізгі ұстанымдарын белгілеген ғылыми-
теориялық және тәжірибелік конференциялар, пікір алысуға арналған дөңгелек
үстелдер ұйымдастырылды. Оларда қазақ жастарының, соның ішінде Ғ.
Мұратбаевтың көзқарасы мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған мәселелерді
қарастырады. Солардың нәтижесінде оның қызметіне баға беріледі.
Тақырыптың қысқаша тарихнамалық талдау Ғани Мұратбаевтың өмірі
мен қызметінің жеткілікті түрде зерттелмегендігін көрсетті. Дегенмен Ғани
Мұратбаевтың қоғамдық-саяси қызметі бірқатар ғылыми зерттеулерде қамтылған.
Алайда, алаш жастарының жетекшісінің қоғамдық, саяси және мемлекеттік қызметі
ғылыми еңбектерде толық көрініс таппаған. Сондықтан біз қарастырып отырған
тақырып арнайы зерттеу нысанасына алынбағандығына көз жеткіздік.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ғани Мұратбаевтың
қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан
қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе әдейі бұрмаланған
тұстарын тың деректерге сүйене отырып, тарихи шындық тұрғысынан зерттеу, оның
шынайы келбеті мен ерекшеліктерін ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты
мақсаты болып табылады.
Осыған орай зерттеу жұмысының алдында мынадай міндеттер қойылды: Ғ.
Мұратбаевтың өмірі мен қызметі жайында бұрын жарияланбаған құжаттар мен
деректерді ғылыми айналымға енгізу; Ғ. Мұратбаевтың қоғамдық, саяси,
мемлекеттік және ғылыми қызметіне қатысты барлық зерттеулерді, мұрағат
құжаттары мен басқа да дерек көздерін жаңа заман талаптары тұрғысынан саралап,
ол туралы баға берген еңбектерді талдап, қарастыру; Ғ. Мұратбаевтың өскен ортасы,
білім алған орны мен ағартушылық қызметінің саяси күрестегі орыс зиялылары
арасындағы арақатынасын салыстыру арқылы оның дүниетанымын, саяси
көзқарасының өсуінің ішкі мазмұнының табиғатын ашу; Кеңестік билік тұсында
атқарған мемлекеттік, ағартушылық және ғылыми қызметтерін баяндау.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
166
Зерттеу нысанасы: кеңестік қоғам дамуындағы ұлт тұлғаларының тарихтағы
орнын, мемлекет және қоғам қайраткері Ғ. Мұратбаевтың өмірі, қоғамдық-саяси
және мемлекеттік қызметін қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |