№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014


Бөлме  өсімдіктерін  биологиялық  әдістермен  өсіру  технологиясы



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Бөлме  өсімдіктерін  биологиялық  әдістермен  өсіру  технологиясы.  Көкөніс 
өсімдіктерін  бөлме  жағдайында  бірнеше  тәсілдермен  өсіруге  болады:  ұрықты 
тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру 
арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін 
өсіруге де болады. 
Көкөніс  өсімдіктерінің  түрлері.  Бөлме  жағдайында  өсірілетін  көкөніс 
өсімдіктерін бірнеше топқа топтастыруға болады: жеміс беруші: қияр, қызанақ, ащы 
және  тәтті  бұрыш;  пиязды:  түйінді  пияз,  жуан  пияз;  қырыққабаттық:  түсті 
қырыққабат,  пекин  қырыққабаты;  біржаздық  жапырақты:  салат  жапырағы, 
жапырақты  горчица,  кресс  салат  шпинаты,  аскөк,  қияр  шөбі;  татымды-дәмді 
біржылдық: базилик кориандр, жебір; тамыржемісті: салатты шашыратқы, ақжелкен, 
сельдерей, аспаздық қызылша, мангольд; көпжылдық: рауғаш, қояншөп, қымыздық, 
пияз-батун  және    шнитт,  сондай-ақ  татымды-дәмді  көпжылдықтар:  эстрагон, 
бұрышты жалбыз, қысқы жебір, фенхель, зере. 
Көкөніс  өсіруде  орын,  уақыт  пен  өсіру  тәсілін  таңдау  олардың 
жарықсүйгіштігіне байланысты. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін 3 топқа бөледі: 
1)  жарықты  көп  мөлшерде  қажет  ететіндер  –  бұл  ұрық  егу  арқылы  өсірілетін 
барлық  өсімдіктер  (қияр,  қызанақ,  бұрыш,  салат,  пекин  қырыққабаты),  сондай-ақ 
ашық топырақта өсетін көшеттер; 
2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта отырғызып, әрі қарай аяғына 
дейін өсіретін көкөніс дақылдары; 
3)  жарықты  қажет  етпейтіндер  –  қараңғыда  өсірілетіндер  –  қояншөп,  рауғаш, 
салат цикориясы. 
Тұрғын  үйдің  бір  жерінен  қайталап,  сатылап  және  нығыздағышты  пайдалана 
отырып  егу  арқылы  жыл  бойына  ұдайы  көкөністер  алуға  болады.  Біржаздық  және 
қайта  өсіретін  өсімдіктерді  бір  орында  бірінен  кейін  бірін  егу  арқылы  немесе  бір 
мезгілде, бірақ әртүрлі орындарда өсіруге болады. Оларды сол ыдысқа өнімді жинап 
алғаннан  соң  қайта  егеді.  Бұндай  әдіс  бір  жерден  3-6  рет  өнім  алуға  мүмкіндік 
береді.  Салат  жапырақтарын,  қыша  жапырақтарын,  кресс-салат  шпинатын,  аскөкті 
және  т.б.  қайталап  себе  береді.  Егу  мен  жинау  арасындағы  аралық  қайталап  себу 
күнін (15-40 күн шамасында) анықтайды. 
Барлық  жарықсүйгіш  көкөніс  өсімдіктерін  терезеге  жақын  жерге,  терезе 
алдының  ішкі  және  сыртқы  жағына,  балконға,  дәліз  бен  лоджияға  орналастырады. 
Көкөніс  өсіру  үшін  тұрғын  үйдің  терезе  алдындағы  жарық  алаңын  пайдалану 
ұзақтығы 6-9 айды құрайды (қазан – мамыр – маусым), балкон мен лоджияда 5-6 ай 
(сәуір – қазан). Дәлізде көкөністерді ерте көктемде (сәуір-мамыр) және күзде (қазан, 
қараша) өсіреді. 
Ең қиыны – күз бен қыстың қысқа әрі бұлтты күндері (қараша-ақпан) көптеген 
жарықсүйгіш  көкөніс  өсімдіктерін  жарықтандыру.  Бұл  кезеңде  жасанды 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
88 
жарықтандыру арқылы өсіруге болады. 
Құрал-жабдықтар.  Көкөністерді  өсіру  үшін  аса  қолайлысы  –  жәшік.  Оларды 
қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені 20-
дан  35  см-ге  дейін  болатын  тақтайшалардан  жасайды.  Жәшіктің  ең  қолайлы 
ұзындығы 40-50 см. Стационарлы жәшіктерді терезе алдына және балконға ұзыннан 
ұзақ жасаған дұрыс. Су ағыны үшін жәшік түбіне диаметрі 1,5-2 см, арасы 15-20 см 
болатын  екі  тесік  жасайды.  Жәшіктің  түбіне  ол  тұғырықта  нығыз  тұруы  үшін 
көлденең  тақтайшалар  қағады.  Тұғырықты  жәшікке  қарағанда  2-3  см  кең  әрі  ұзын 
жасайды.  Жәшікті  балкон  қоршауымен  бекітеді,  терезе  алдына,  үстелге,  тіреуге 
қояды, контейнерге іледі. 
Жапырақты  көкөністер.  Көкөністердің  бүл  тобына  көптеген  жапырақты 
өсімдіктер  (жабайы  түрлері  де)  жатады.  Негізінен  бұл  өсімдіктер  адам  организміне 
өте  қажет  биологиялық  активті  заттардың  қайнар  көзі  болып  табылады.  Олардың 
құрамында органикалық  қышқылдар, ферменттер, қанттың көптеген түрлері,  темір, 
натрий,  калий,  фосфор  тұздары  бар.  Жапырақты  көкөністердің  вегетативтік 
органдары  сүтті  шырын  бөліп  шығарады.  Ал  бұл  шырындар  гликозид,  лактуцин 
деген емдік қасиеті бар заттарға бай, сондай-ақ түрлі белоктық заттар, алкалоидтар, 
шайырлық  заттар  мен  эфир  майлары  бар.  Жапырақты  көкөністердің  негізін  салат 
жапырақтары  құрайды.  Салаттың  жапырақты  салат,  қауданды  салат,  қояншөп 
салаты,  салат-ромэн,  эндивий,  эскариол,  салат  шашыратқысы,  кресс-салат  секілді 
көптеген түрлері бар. Бұлар негізінен салат тағамдарын жасауға қолданылады, яғни 
шикілей  жеуге  болады.  Жапырақты  көкөністерге  кәдімгі  қырыққабат,  мангольд, 
қояншөп,  артишок,  қымыздық,  саумалдық,  рауғаш  сияқты  өте  құнды  мәдени 
өсімдіктер жатады. 
Саумалдықтың  жабайы  өсетін  түрлері  Орта  Азия  мен  Закавказьеде,  Иранда 
кездеседі. Бақшалық саумалдық ертедегі парсы елінен шыққан. Бұл елден Қытайға, 
бүкіл  Азияға  тарайды.  Орта  ғасырдағы  Еуропаға  саумалдық  арабтардан  тараған. 
Оны испан монахтары қатты ұнатып, өздерінің бақтарында өсірген. Еуропада XVI-
XVII ғасырларда саумалдық дәндерінен жасалған ұннан пісірілген нан ерекше тағам 
болып  саналған.  Ол  кездегі  аспаздар  тағамға  ашық  жасыл  түс  беретін  саумалдық 
шырынымен  балмұздақты,  түрлі  тұздықтарды,  тәтті  кремдерді  бояйтын  болған. 
Ерекше  түрі  –  жаңа  зеландиялық  саумалдық.  Жемістерінің  пішініне  байланысты 
ботаникалық  атауы  тетрагония  деп  аталады.  Тұщы  дәмді  саумалдық  өте  пайдалы 
көкөністер  қатарына  жатады.  Әсіресе  оның  ерте  көктемде  шығатын  балауса 
жапырақтарының организм үшін пайдасы зор. Саумалдықтың 10 граммында 774 мг 
калий,  3  мг  темір,  82  мг  магний,  106  мг  кальций  тұздары  және  55  мг  С  витамині, 
қымыздық қышқылы болады. 
Жапырақты  көкөністерді  өсірудің  жолдары.  Мен  бақша  дақылдарының 
жапырақты  көкөністерінің  бір  түрін  зерттедім.  Бөлме  өсімдігін  шыны  ыдыстағы 
балық суымен өсірдім. Бірнеше айлар бойы бақылап нәтижесін көрдім. 
Жапырақты  көкөністердің  бірі  –  салат  жапырағы.  Салат  итальян  сөзі,  тағам 
деген  ұғымды  білдіреді.  Тұз,  сірке  суы,  өсімдік  майы  қосылып,  салаттық 
көкөністерден  жасалатын  тағам  түрін  итальяндар  салат  деп  атаған.  Өте  ертеден 
өсіріліп  келе  жатқан  салат  өсімдігі  латук  болып  есептеледі.  Оның  жабайы  түрлері 
Еуропада, Азияда, Америкада, Африкада кездеседі. Латуктың қою ақ шырыны сүтке 
ұқсағандықтан  (латынша  «лак»)  ол  латук  деп  аталған  да,  ал  шырыны  «құс  сүті» 
делінеді. Латуктың бір түрі – кресс-салат жабайы түрде де кездеседі. Оны бақшада, 
жылыжайда жыл бойына өсіруге болады. Салаттың қай түрі болмасын, әсіресе латук 
калий,  кальций  тұздарына  (100  граммында  220  мг  калий,  77  мг  кальций)  бай. 
Сондай-ақ  латук  құрамында  қымыздық  қышқылы  (100  граммында  33  мг),  В 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
89 
тобындағы  витаминдер,  цурин  қышқылы  болады.  Латуктың  қою  жасыл  түрінде 
каротин мен аскорбин қышқылы бар. 
Қымыздықтың жабайы түрлері қоңыр-салқын аймақтарда көп кездеседі. Біздің 
елімізде  қымыздықтың  қышқыл  түрі  көп  өсіріледі.  Одан  ерте  көктемде,  жазда 
қышқыл  дәмді  жасыл  сорпа  жасауға  болады.  Ал  қыста  оның  консервіленген  түрін 
пайдаланады.  Қымыздықта  да  минералдық  тұздар  көп.  Мысалы,  оның  100 
граммында  500  миллиграмға  дейін  калий  тұзы,  көп  мөлшерде  С  витамині,  каротин 
болады.  Ал  оның  қышқыл  дәмі  құрамында  қымыздық  қышқылы  бар  екенін 
көрсетеді.  Қымыздық  қышқылы  организмде  асқазан  асты  безінің  секреция  бөлуіне 
күшті өсер етеді, ішек қызметін жақсартады. 
Салат  жапырағы  құнарлы  ортада  бәрінен  жақсы  өседі.  Ішіне  сұйық 
толтырылған  жеңіл  плита-табанға  түпті  отырғызады.  Түрі  қоңырқай  көрінгенімен 
иісі жағымды. Құрамында ауырып қалудан сақтайтын әрі қажетті дәрумендерге толы 
барлық  микроорганизмдері  бар. Құнарлы  сұйыққа ауа  жіберіп тұрады да,  салаттың 
тамыры  тиісті  оттегімен  байытылады.  Жылыжайдың  салат  бөлімінде  уақ-уақ 
сүзгіштен  өтіп  тұратын,  құнарлы  ортамен  қамтылған  20  бассейні  бар.  Сұйықтық 
үлкен  ыдыстан  таратылады.  Ең  үлкен  ыдысқа  510  текшеметр  сұйықтық  сыяды. 
Соның  ішінде  байыту  процесі  жүреді.  Арнайы  бөліктерінен  қажетіне  қарай  түрлі 
сұйықтық  ортақ  қоймаға  жіберіліп  тұрады.  Сол  жерде  сумен  араласып,  тиісті 
концентрация  түзіледі.  Арасында  насос  қосылып,  таратқыш  құбыр  арқылы 
сұйықтықты  қуалап,  субстратты  дымдап,  сұйығын  кейін  қарай  сорып  отырады. 
Салат  жапырағын  тура  құнарлы  ортада  өсіретін  болса,  қызанақ  пен  қияр  мәселесі 
оңайырақ.  Мұнда  гидропон  жүйесінің  жұмысын  тамшуыр  арқылы  тамырды 
қоректендіреді.  Ол  тамырдың  түбіне  тура  жалғанған.  Кейін  өнімнің  молдығы  да 
осыған байланысты. 
Жылыту  процесі  бірнеше  кезеңнен  тұрады.  Шатырдағы  қондырғыдан 
басталады да, сым жүйесімен ысытатын орта жылытқышпен жалғасады. Ең астында 
жылу  беретін  еден  жүйесі  жатыр.  Орташа  жылыту  температурасы  –  60°С.  Суды 
жылыту  мен  оны  жылыжай  ішіне  тарататын  –  қуатты  газ  қазандығы.  Әмбебап 
қондырғы  газбен  де,  сұйық  отынмен  де  жұмыс  істей  береді.  Жылыту  күшінің 
қуаттылғы сондай, мұншама алып жылыжайға бір қазандық жетіп жатыр. 
Жылыжайдың  төбесі  түгелдей  ашылып-жабылады.  Желдің  бағытына  қарай 
жармасын  өзгертіп  отырады.  Сырттағы  күннің  райын  шағын  метеостанса  арқылы 
біледі. Одан алған ақпаратты компьютерлік бағдарлама сараптайды да, қажетке орай 
тиісті механизмдерді іске қосады. Мысалы, өсімдікке ауа керек болса, ол терезелерді 
автоматты  түрде  ашады,  сөйтіп,  ашық  күні  жылыжайдың  іші  таза  ауамен 
толтырылады.  Ал  тоқтаусыз  айналып  тұрған  желдеткіштер  ауаны  бүкіл  жылыжай 
ішіне жайып, микроклиматты қалыптастырады. 
Қазір  әлемнің  түпкір-түпкірінде  гидропоникті  қолданады.  Жерді  қопсытпай, 
осындай  жүйемен  жеміс-көкөніс  шаруашылығында  жұмыс  істеудің  арқасында 
зиянкестер  дегенің  атымен  құрып,  өсімдік  аурулары  мүлдем  жоғалады.  Өйткені 
құнарлы  орта  үнемі  сүзгіден  өтіп,  өзі  жұмыс  істейтін  «ақылды  бағдарлама»  оның 
құрамын жоғары деңгейде пайдалануға жеткізіп отырады. Жылыжайдың арқасында 
жылдың қай мезгілінде болсын дәрумені мол жаңа піскен жеміс-жидегіңіз болады. 
Ауыл  шаруашылығында  химикаттармен  ластанған  бақша  дақылдары. 
Енді  осындай  дақылдарымызға  зиян  келтіретін  зиянкестер  туралы  айта  кетсек. 
Зиянкестер  –  адам  мен  жануарлар  организмінде  әр  түрлі  ауру  қоздырғышын 
таратып,  өсімдіктерді  зақымдайтын  жәндіктер  мен  жануарлар  тобы.  Зиянкестер 
адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен 
жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
90 
өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері – 
егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен 
кемірушілер,  бауыраяқты  ұлулар,  жұмыр  құрттар  (нематодтар),  т.б.  жатады. 
Мысалы,  қырыққабатты  –  қырыққабат  ақ  көбелегі  мен  қырыққабат  қара  күйесі, 
асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен 
картопты – колорадо қоңызы зақымдайды. 
Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. 
Көптеген  дақылдардың  өнімдеріне  үлкен  зиян  келтіретін  көпқоректілер: 
шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара 
қоңыз,  т.б.  Зиянкестер  –  өздерінің  биологиялық  ерекшелігімен,  түрлерінің 
көптігімен, 
өсімталдығының 
жоғарылығымен 
және 
өсіп-өну 
процесінің 
шапшаңдығымен  ерекшеленеді.  Зиянкестердің  таралуы  және  олардың  кешенді 
түрлерінің  бірлестігі,  бір  егістікте  қалыптасуы,  қоршаған  ортаның жағдайына  және 
сол ортаға бейімделуіне байланысты. 
Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста 
сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), 
қоңыздар  (мысалы,  астық  қоңызы,  астық  тескіші,  астық  сүлікшесі,  бізтұмсық 
қоңыздар,  т.б.),  көбелектер  (мысалы,  астық  сұр  көбелегі,  дән  қоңыр  көбелегі,  т.б.), 
құстар (мысалы, көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер 
– арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, 
дернәсілдері  өсімдіктің  дәнімен  қоректенеді.  Бұдан  астық  дақылдарының  өнімі 
кемиді.  Бал  арасының  зиянкестері  аралар  мен  олардың  тіршілік  өнімдерімен 
қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі  – V   o  j cobson кенесі. Бұлар бал 
арасын  жеп  қояды.  Бал  арасының  жыртқыштары  (аражегіш,  тағанақ,  т.б.  құстар) 
омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді. 
Өсімдік  жемісі  мен  тұқымының  зиянкестері  –  буынаяқтылардың  үлкен  бір 
тобы.  Бұлар  өсімдіктің  гүл  бүршігін,  бүрін,  тұқымын,  дәнін  жеп  қоректенеді.  Бұл 
топқа:  жапырақ  ширатқыш,  қосқанаттылар  (жапырақ  шыбыны,  галлицалар), 
жарғаққанаттылар,  қоңыздар  жатады.  Зиянкестер  жыл  бойы  жиналатын  тұқымның 
жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25-50%-ға дейін шығын келтіруі мүмкін. 
 
Әдебиеттер 
1 Биология және салауатттылық негізі. – №5. – 2009. 
2 www.vizitkazakhstan.kz. 
3 Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. – Алматы, 2007. 
4  Әлімқұлова  Р.Ә.,  Тартенова  М.А.  Өсімдік  –  табиғат  қазынасы.  –  Алматы: 
Қайнар. 
5 Республикалық ғылыми-әдістемілік журнал «География. Биология. Экология 
орта мектепте». 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
91 
ҚАДЫРОВА Несібелі, 
М. Әуезов атындағы №251 қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Бәйгеқұм ауылы, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекші: ПАРМАНҚҰЛОВА Гүлсім Мейрамбекқызы, 
М. Әуезов атындағы №251 қазақ орта мектебі «Биология және география» 
пәнінің мұғалімі, Бәйгеқұм ауылы, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖУСАН ЖӘНЕ ОНЫ ХАЛЫҚТЫҚ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ 
 
Жасыл желек – жердің сәні саялы, 
Қамқор болсаң жапырағын жаяды. 
Мейіріммен жылуын арна жүректің, 
Соған қоса, алақан керек аялы. 
Р. Сәтімбеков 
«Туған жер сондай байтақ, ол біздің тіршілігіміз үшін жаратылған. Оны біз аз 
өміріміз  ішінде  барлық  күшімізбен  қорғап,  сақтап,  жасандырып  отыруға  тиіспіз»,  - 
деп  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  өсімдіктер  әлемінің  адамзат  үшін  де,  жан-жануар 
үшін де пайдасы зор екендігін атап айтқан. Бірақ өсімдік ерекшелігін білмеген жанға 
оның пайдасы мен зияны бірдей. 
Қазір  егемендік  алған  шағымызда  туған  ел  даласында  өскен  күрделігүлділер 
тұқымдасына  жататын  өсімдіктің  бірі  –  жусанның  түрі  көп.  Таралу  ерекшелігіне 
байланысты  жусан  түрлерін  іздестіріп,  жинап,  биологиялық,  химиялық  қасиеттерін 
зерттеп, көбейту жолдарын қарастыру өте қажет. 
Мұғалімдер,  оқушылар  мал  мамандары  мен  мал  дәрігерлері  болсын  жусан 
өсімдігінің  өсіп  жетілу  кезеңінің  қай  мезгілде  жаю  керектігін  жақсы  білу  міндетті. 
Сонымен қатар жусан өсімдігінің Қызылорда өңірінде таралуын, сиреп бара жатқан 
түрлерін  және  әр  түрінің  қасиеттерін,  пайдасы  мен  зиянын  зерттеу  басты  міндет 
болып  отыр.  Қазіргі  және  халық  медицинасында  қолдану  жолдарын,  қасиеттерін 
көрсетіп, дәлелдеу – басты мақсатым. 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында: 
«2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс», - 
деп  алдымызға  зор  міндет  қойды.  Бұл  табиғат  қорғауда  көшбасшы  бағдарламамыз 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
92 
болуға  тиіс.  Осы  стратегиялық  бағытта  атап  көрсетілгендей,  қоршаған  ортаға  сән 
беретін жасыл желек өсімдіктер болып табылады. 
Даланың бір шоқ шөбі тұр қолымда
Аңқиды жұпар иісі қураса да! 
Кенеттен болмысымен, бар сәнімен, 
Ен  дала  тұра  қалды  көз  алдымда,  -  деп  даланың  хош  иісін  орыс  ақыны  А.Н. 
Майков  осылай  жырлаған.  Есіме  «Жусан»  өлеңіндегі  аңыз  түсті.  Владимир 
Маномахтың  семсерінің  кәрінен  құтылмақшы  болған  екі  пловец  ханы  ағайынды 
Отрок  пен  Сырчан  –  Донды  бас  сауғалап  қашады.  Сырчан  –  Донды,  ал  Отрок  – 
Кавказ  тауларының  биік  құздарын  қорған  еткен  екен.  Қауіп  әбден  сейілді-ау  деген 
кезде  Сырчан  Отрокқа  шабармен  жіберіп,  оның  туған  даласына  қайтып  оралуын 
өтінеді. Сонда елшісіне мынадай аманат айтқан екен: 
Өлеңдерді бізден оған сен айтып бер, 
Елең етпей өлеңді қатпаса үн. 
Даланың жусанынан бір будасын, 
Қолына ұстат – еліне өзі қайтар... 
Сөйтіп  туған  ел  даласына  өскен  жусанның  хош  иісі  Отрок  ханды  еліне 
қайтарған екен. 
Иә,  жер  бетінде  шипалық  қасиетке  ие  алуан  түрлі  өсімдіктер  өседі.  Осынау 
әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен жусан өсімдігінің ерекшелігі зор. Емдік 
шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне 
жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі 
қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бір сыпырасы белгілі болған. 
Әрине, мұның барлығы дәрілік өсімдіктерден бүгінгі медицинада кең таралған 
дәрілерді  алу  жолдарын  аңғартатын  жайлар.  Ал,  жалпы  халық  медицинасы 
пайдаланып  келген  шипалы  шөптермен  емдеу  мәселесі  де  бүгінгі  таңда  назар 
аударуды  талап  етер  мәселелердің  санатына  жатады.  Мысалы,  осы  мақсатта 
мемлекетіміз  жыл  сайын  дәрілік  өсімдіктердің  200-дей  түрінен  30  мың  тоннадан 
астам  шикізат  жинайды.  Сөйтіп  дәрілік  өсімдіктерді  жинау  ісі  барған  сайын  кең 
қанат  жайып  келеді.  Сонымен  бірге  оларды  өсіретін  плантациялардың  да  көлемі 
артып отыр. 
Сондай-ақ  шипалық  қасиеттерін  зерттеуде  өз  ісімді  атқарып  келемін. 
Медицина  талабына  сай  бірқатар  өсімдіктерді  зерттеп,  дәлелдер  жинадым.  Дәрілік 
өсімдіктерді  жинаған  дұрыс.  Бірақ  оларды  басқа  өсімдіктерден  де  ажырата  білуде 
маңызды.  Осы  тұрғыдан  келгенде  дәрілік  өсімдіктер  жөнінде  жазылған  ғылыми-
көпшілік әдебиеттердің қажеттілігі айрықша назар аударады. 
Міне,  осындай  олқылықтың  орнын  толтыру  мақсатында  қысқаша  болса  да 
географиялық  таралу  аймақтары,  химиялық  құрамдарының  зерттеу  дәрежесі,  шипа 
ретінде  пайдаланылатын  түрлерінің  рецептерін  көрсеттім.  Осы  тектес  еңбектермен 
таныс болған адам өзін-өзі емдеумен немесе емшілікпен шұғылдануға болады деген 
ұғым  тумауға  тиіс.  Науқасты  тек  қана  маман  дәрігердің  ғана  емдей  алатындығы 
ешқашан естен шықпайтын жай. 
Күрделі гүлділер тұқымдасы – Asteraceae немесе Compositae. Қосжарнақты 
өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын күрделігүлділердің жер жүзінде 25000-нан 
астам  түрі  бар,  оның  700-дей  түрі  Қазақстанда  өседі.  Күрделігүлділер  түрлерінің 
саны жағынан дара жарнақтылар класының орхидея тұқымдасына ғана орын беретін 
ең көп тұқымдас. Күрделігүлділердің бір туысы – жусан. 
Жусан  (Artemisia)  –  күрделігүлділер  тұқымдасының  бір  туысы.  Бір  жылдық, 
екі  жылдық  немесе  көп  жылдық  болады.  Көп  жылдық  сабақтары  тұқым  бермейді. 
Бір  жылдық  сабақтарының  ұшында  сыпырғы  тәрізді  гүл  шоғы  бар.  Гүлі  сары-

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
93 
қызғылт. Жеке гүлдерінің диаметрі 1,5-5 мм-дей. Ұсақ зембілше және оның жиегінде 
тұқым  беретін  аналық  гүлдері  және  аталық  гүлдері  болады.  Еуропада,  Солтүстік 
Африкада, Азияда және Солтүстік Америкада жусанның 500-дей, ТМД елінде 170-
тен астам, оның ішінде Қазақстанда 84 түрі бар. Жусан еліміздің дала, шөл, шөлейт 
аймақтарында өседі. 
Көптеген  түрінің  шаруашылықта,  парфюмерияда,  медицинада  маңызы  бар. 
Мысалы, кебірсіген топырақтың бетін жел үрлеп кетуден сақтайды, шағыл құмның 
жылжуын тоқтатады, қар ұстайды. Оңтүстік  Қазақстан облысында дәрі  дайындауға 
қажетті  жусан  туысының  бір  түрі  дермене  өседі.  Сор,  сортаң  жерлерде  өсетін  қара 
жусанды жеген қой, ешкі далалық жердегі нар жусанды, тамыр жусанды жеген қой, 
ешкі, жылқы жақсы семіреді. Жусанның арам шөп түрлері де бар. Мысалы, Австрия 
жусаны, сиверс жусаны, ащы жусан, ақ жусан, шағыр жусан т.б. 
Қазақстанда  кездесетін  жусан  түрлері  бір  жылдық,  екі  жылдық,  шөптесін 
өсімдіктер  не  шала  бұта.  Сабағы  тік  не  көлбеу,  көбінесе  түптеніп  өседі. 
Жапырақтарының  пішіні  әр  түрлі  кезекті  орналасқан.  Түптеніп  өскен  жеке 
сабақтары  ұзынды-қысқалы,  бір  жылдық  не  көп  жылдық  болады.  Көпжылдық 
сабақтары тұқым бермейді. Бір жылдық сабақтарының ұшында сыпырғы тәрізді гүл 
шоғы  бар.  Гүлі  сары  қызғылт.  Жеке  гүлдер  диаметрі  1,5-5  мм-дей.  Ұсақ  зембілше 
және оның жиегінде тұқым беретін аналық, аталық гүлдері болады. 
Жусан  түрлері  малдың  тамаша  азығы,  ал,  басқа  түрлері  дәрі-дәрмекке 
пайдаланылып  жүр.  Сондықтан  да  шөл  дала  өмірін  игеру,  ондағы  өсімдіктерді  өз 
шаруашылығымызда дұрыс пайдалану үшін бұл өсімдіктердің тіршілік ету ортасын, 
өздері өніп-өсіп тұрған сыртқы орта жағдайлары мен қарым-қатынас заңдылықтарын 
білу ботаникалық экология ғылымының негізгі шарты. 
Өсімдік  тіршілігіне  кері  әсер  ететін  факторлар:  ылғалдылықтың  жыл  бойына 
жетіспеуі, өте жоғары температура, топырақтың 50-70 градус қызуы, құнарсыздығы, 
тұздылығы,  сусымалы  жылжымалылығы,  қарқыны  күшті  екпек  жел.  Жусанның 
тамыр  жүйелері  нашар  өсетін  болғандықтан  топыраққа  1,5-2  метр  тереңдікке,  ал 
сортаң топырақты жерлерге 50-60 см тереңдікке дейін ғана енеді. 
Жусанның  өсу  процесі  белгілі  бір  ырғақпен  жүреді.  Көктем  басталысымен, 
топырақтағы ылғал мол кезінде, өсу процестері қарқынды болады да, көктемнің аяқ 
кезінде  гүл  бүршіктері  пайда  болады.  Бұл  өсімдіктер  көбінесе  малға  жем-шөп 
ретінде  пайдаланылады.  Жазғы  қуаңшылық  басталысымен  өсімдіктің  өсу  процесі 
баяулайды да, енді біраз уақыттан кейін мүлдем тоқтайды. Ал жаз айларының орта 
кезінде  су  жетіспеушілік  салдарынан  жапырақтары  солып,  қурап,  бірте-бірте  түсе 
бастайды.  Бірақ  осындай  қуаңшылық  жағдайдың  өзінде  олардың  гүл  бүршіктеріне 
аса үлкен зақым келмейді. 
Кейбір  ғалымдардың  пікірінше,  қуаңшылық  жағдайда  жапырақтардың  солып-
қурауы,  жапырақта  судың  буланып,  ысырап  болуына  байланысты.  Осындай 
биологиялық  ерекшеліктердің  нәтижесінде  қуаңшылық  жағдайда  көптеген 
өсімдіктердің  жапырақтары  қурап  түскені  мен  өсімдік  өзінің  тіршілік  процесін 
сақтап  қалады.  Бұл  сыртқы  ортаның  қолайсыз  жағдайына  бейімделушіліктің  бір 
жолы. 
Күзгі  жауын-шашын  басталысымен  жусан  өсімдігі  тіршілік  процесін  тағы  да 
жеделдендіріп  гүлдеп,  түйін  тастап,  даму  циклын  толық  аяқтайды.  Тек  кейбір  аса 
қуаңшылық,  өте  ыстық  жағдайларда  ғана  өсімдіктің  өзінің  даму  процесін  толық 
аяқтамай қалады. 
Жусан  өсімдігі  түрінің  шаруашылықта,  парфюмерияда,  медицинада  маңызы 
зор.  Мысалы,  кебірсіген  топырақтың  бетін  жел  үрлеп  кетуден  сақтайды.  Шағыл 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
94 
құмның  жылжуын  тоқтатады,  қар  ұстайды.  Сонымен  қатар  сусындар  жасағанда 
пайдаланады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет