№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
150
РАЙЫМБЕКОВ Әлішер,
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға
арналған «Мұрагер» мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: КЫЛЫШБАЕВА Айнагүл Төлепбергенқызы,
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға
арналған «Мұрагер» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда қаласы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Кім болса да белгілі бір қоғамда өмір
сүреді. Адам мен қоғам егіз ұғым. Қоғам – адамдар арасында тарихи қалыптасқан
саяси-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі. Адамдардың іс-
әрекеттері қоғам дамуының объективті заңдарына бағынады. Ол заңдардың дұрыс-
бұрыстығын түсініп, әрекет ететін дарынды адамдар – тұлғалар, қоғам
қайраткерлері. Бұл ретте осындай тұлғаларға тәуелсіздігімізді армандаған
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевты жатқызуға болады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті,
экономика ғылымдарының докторы, академик. Оның өміріне, атқарып жатқан
еңбектеріне, алға қойған мақсаттарына тереңнен үңілсек, Елбасымыздың ғажап адам
екенін көреміз.
Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген үлкен жетістіктеріміз ана тіліміздің
мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ел рәміздерінің қабылданып, өз валютамыздың
айналысқа енуі. Егемен елімізді күллі дүние танып үлгірді.
Мен осының бәрін бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың ерен ерлігінің және
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегінің жемісі деп
білемін. Сол себепті, біз, мектеп қабырғасынан Елбасымыз туралы, оның еңбектері,
қызмет жолы туралы танып, білсек деймін. «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы»
атты ғылыми-зерттеу жұмысымның маңыздылығы да осыған саяды.
Зерттеу жұмысының нысаны – Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолы.
Зерттеу жұмысының мақсаты – еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолы, тәуелсіздік табалдырығында
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
151
жасаған алғашқы қадамдары, қоғамның әртүрлі саласындағы бастамалары жайлы
мәлімет беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Елбасының тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы қадамдары туралы мағлұмат
жинау;
- Спорт, білім, сауда, мәдениет, т.б. салалардағы Елбасының атқарып жатқан
игі істері мен бастамалары жайлы талдау жүргізу.
Зерттеу жұмысының әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді
талдау, жинақтау, әңгіме, пікір алысу.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: зерттеу жұмысы бойынша
жинақталған
материалдарды
оқушылармен
сыныптан
тыс
жұмыстарды
ұйымдастыру барысында пайдалану.
Елбасымызға қатысты ойларымның жүзеге асуына «Елін сүйген, елі сүйген –
Елбасы» атты ғылыми жобамыз игі әсерін берер деген ниеттеміз.
Елбасының тәуелсіздік табалдырығында жасаған алғашқы қадамдары.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті. 1940
жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған
ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Оған әке-шешесі
Нұрсұлтан деп ат қойды. Нұр (араб тіліндегі сәуле, жарық, жарқырау, тазалық;
Құранда ән-Нұр – Алланың 99 есімінің бірі) және Сұлтан (араб тіліндегі жоғары
билеуші, әмірші, билеп-төстеуші, үстемдік етуші, мейірбан, ақсүйек, таңдаулы, ең
жақсы) сөздерінің үйлесімі еді.
Тұңғыштары Нұрсұлтаннан кейін отбасында оның інісі Сатыбалды, қарындасы
Әнипа, інісі Болат дүниеге келіп, өсті.
Нұрсұлтан Назарбаев 1948 жылы Шамалған селосындағы Д.А. Фурманов
атындағы қазақ-орыс орта мектебінің бірінші сыныбына барды, оны біріншіден
бастап, төртінші сыныпқа дейін алғашқы мұғалимасы Т.А. Исмаилова оқытты.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында
өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана
емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін
беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере
білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық аулындағы
молданың отбасында дүниеге келді. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге
келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық
өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді
құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-
ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды
металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы
Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия
мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия
комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға
газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1960-1969 жж. Қарағанды металлургия
зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жж. Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы
партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жж.
Қарметкомбинаттың партком хатшысы, 1977-1979 жж. Қарағанды облыстық партия
комитет н ң хатшысы, 2-ші хатшысы, 1979-1984 жж. Қазақстан КП Орталық
Комитетінің хатшысы, 1984-1989 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңес н ң төрағасы,
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
152
1989-1991 жж. Қазақстан КП ОК б р нш хатшысы, 1990 ж. ақпан-сәуір аралығында
Қазақ КСР Жоғары Кеңес н ң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен – Қазақ КСР президенті. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде
тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.
Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%)
жеңіске жетті. 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін
ұзартылды. 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың
нәтижес нде Н.Ә. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы
Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың
91,5% дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта
сайланды.
1986 жыл Н.Ә. Назарбаевтың және Қазақстанның бүкіл халқының өмірбаянына
драмалық сынақтар кезеңі ретінде енді. 16 желтоқсанда Д.А. Қонаев бірінші
хатшының лауазымынан босатылып, оның орнына бұған дейін КОКП Ульянов
облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеп келген әрі Қазақстанға
ешқандай қатысы болып көрмеген Г.В. Колбин тағайындалды.
Қайта құру басталмай жатып-ақ іс жүзінде өзінің қарама-қарсы кейпіне көшіп,
өзі жария еткен ұрандардың қадір-қасиетін кетірді. Кезекті кадрлық сынақпен
келіспейтіндігін өзінің таңдаулы өкілдері арқылы білдірген қазақстандықтар үшін
халықта «екінші екінші 37-ші жыл» деген атауға ие болған ауыр кезең басталды.
1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына берілген мазмұны терең әрі нақты саяси
бағалардың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы 5 қыркүйекте қазақ және
қырғыз жастарымен Алматы облысының Жамбыл ауданындағы кездесуде айтқан
сөзі болды. «Бұл оқиға жаңа дәуірдің бастамасы болды. Желтоқсан бір халықтың –
бір халыққа емес, еркіндікке ұмтылған миллиондардың озбырлық жүйеге қарсы
тұңғыш рет бас көтеруі еді. Бұл оқиға ояна бастаған ұлттардың бұрынғы Одақ
көлеміндегі алғашқы демократиялық ұмтылысы еді. Біздің ұлдарымыз бен
қыздарымыз тек Қазақстанға ғана емес, Еуропа мен Азияның көптеген халықтарына
да ежелден аңсаған еркіндікті алып келген өзгерістер желінің хабаршысы болды.
Оларға демократияның бүршік жарған жас өскіндерін жалаң қолмен қорғауларына
тура келді».
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 16 желтоқсанда еліміздің
шынайы тәуелсіздігі бастауының негізін қалаған «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Нұрсұлтан
Назарбаевтың басшылығымен әзірленген бұл негіз қалаушы құжатта Қазақстан
Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде бүкіл аумақтағы толық билікке ие екендігі,
өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес айқындайтындығы және жүргізетіндігі
жария етілді.
Нұрсұлтан Назарбаев осылайша өз республикасына көптен күткен тәуелсіздікті
алып берді және туған елі – Қазақстанының көпғасырлық тарихының жаңа кезеңін
ашып, дәуірлік миссиясын орындап шықты.
Қоғамның әртүрлі саласындағы Елбасы қолдауымен болып жатқан
бастамалар. Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы
ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға
келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс
санаған Н.Ә. Назарбаев өз атындағы университет пен зияткерлік мектептердің
ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында
ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен
Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
153
Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындары: Халықаралық ақпараттық
технологиялар университеті, Қазақстан менеджмент институты, Қожа Ахмет Ясауи
атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
университеті, Ұлттық Мемлекеттік заң университеті, Назарбаев Университет ,
Назарбаев Зияткерлік Мектептері, бірқатар лицейлер мен колледждер, Президенттік
«Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу
орындарында білім алып жатыр. Аса талантты жастар үшін президенттік «Дарын»
сыйлығы тағайындалған.
Соңғы онжылдықтың ішінде Қазақстанда жүргізіліп отырған денсаулық сақтау
саласындағы саясат экономикалық және саяси трансформациялардың салдары
болды, сонымен бірге денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше рет
түбегейлі өзгерді.
Қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі оның құрылымдарын
перспективалық
мақсаттардың
айқын
көрінісіне,
барлық
секторлармен
ықпалдастыруға негізделген жаңа бағдарламаларды енгізе отырып, сондай-ақ
дамудың қазіргі заманғы ғылыми, әлеуметтік жетістіктерін және соңғы
технологияларды қолдану негізінде одан әрі жетілдіруді талап етеді. Елбасымыз
болашаққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Салауатты
өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты –
денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік
саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.
Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға
тікелей байланысты. Өйткені олар – ертеңімізді жасайтын бүгініміз. Жастарға деген
үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен
қозғаушы күші де – осы жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы
тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым
бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та
біздерге, жастарға, ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса
назар аударады. Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттары
жастармен тікелей байланысты болуы, кез келген мемлекеттік маңызы бар
стратегиялар мен мақалаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі –
соның айқын дәлелі.
Білім және ғылым министрлігінің жанында Елбасының тікелей тапсырмасымен
Жастар саясаты жөніндегі комитеттің, жергілікті жерлерде басқармалардың
құрылуы,
Жастар
саясаты
туралы
мемлекеттік
заңға
өзгерістер
мен
толықтырулардың енгізілетіндігі, 2020 жылға дейінгі арнайы Тұжырымдаманың
қабылданатындығы – көп көңіліне медеу. Бұл жүрегі елім деп соққан әрбір жас
қазақстандыққа қанат бітіретіндігі сөзсіз. Бұны Елбасының жастарға деген
қамқорлығы деп білеміз.
«Қазақстан білім қоғамы жолында» атты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың кешегі
интерактивті лекциясы жастарды қуанышқа бөледі десек те болады. Қазақстанның
түпкір-түпкірінен жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған
жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Тәлімі мен тағылымы мол аталмыш дәріс
барысында көптеген мәселелер ортаға салынып, сараланды. Атап айтар болсақ,
балабақшалардың жетіспеушілігі, әскери мектеп түлектеріне жоғары оқу
орындарына тапсыру кезінде жеңілдіктер ұсыну, кәсіптік білім берудің хал-ахуалы,
жас ғалымдардың көкейкесті мәселелеріне қатысты оралымды ойлар ортаға
салынды. Сонымен қатар, таяуда ғана жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Елбасының
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
154
мақаласы мен «Қазақстан – 2030» стратегиясы да назардан тыс қалмады. Стратегия
бойынша 15 жылда атқарылған іс-шаралар нәтижесі мен келешегі айтылды.
Тағылымды дәріс соңында жастар көп дүниені көкейлеріне түйіп, жаңа
белестерді бағындыруға ерекше ынта-жігер алды. Елбасының жастарға арналған
мына бір сөздері әр жас азаматтың санасында жаңғырып тұратыны анық:
«...жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсекелестік күрестен сырт
қалмауға ұмтылыңдар. Ол үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді
өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсіресе не істеу
керектігін жете түсінулерің қажет. Сонымен бірге, сендер қандай да бір өзгерістерге
қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілігі әншейін бос сөз болып қалады».
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп,
білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы
да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді
сала бермекпіз.
Қорытынды. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған
туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік
өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдына дербес мемлекет
болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 23 жыл толды. Осыны ойласам, кеудемді үлкен
қуаныш сезімі кернейді. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-
жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт
болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып
жүрген ерікті елдің ұлының бірімін.
Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің
алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президентін сайлады. Оған үлкен
сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан
өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Ол
Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды
деген осы.
Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – қазақ елінің тұңғыш
Президентіне алғысымыз шексіз!
Тәуелсіздік таңы атқалы бері Елбасымыз туралы көптеген дүниелер жарық
көріп келеді. Бұл – қуанышты жайт. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты
ұсыныстарымды айта кеткім келеді:
Зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстар:
- Қызылорда қаласындағы Н.Ә. Назарбаев зияткерлік мектебінің бастауыш
сынып бөлімі ашылса;
- Қызылорда қаласынан Н.Ә. Назарбаев мұражайы ашылса;
- Бастауыш сынып оқулықтарында Елбасымыздың өмірі, қызмет жолы жайлы
баяндалған мәтіндер көбірек берілсе.
Н.Ә. Назарбаевқа қатысты ойларым жүзеге асып жатса, нұр үстіне нұр болып,
өшкеніміздің жанғаны болар деп есептеймін.
Әдебиеттер
1 Қасымбеков М.Б. Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян // Деловой Мир Астана. –
2013.
2 Саухат Ж. Астана. «Астана кітапханасы» сериясы. – Астана, 2013.
3 Қасымбеков М.Б., Молдағаринов А.М. Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі. –
Алматы: Өнер, 2007.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
155
4 Түймебаев Ж.К. Президенттің бір жылы. 2005. – Астана, 2006.
5 Қасымбеков М., Әлімқұлов Қ., Әлібеков Ә. Ой бөлістім халқыммен. –
Алматы: Мектеп, 2006.
6 Политики, духовные лидеры, интеллектуалы и бизнесмены мира о Н.А.
Назарбаеве. Научное издание. – Астана: Атамұра, 2005.
7 Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003.
СЕИЛБЕК Дильназ Турсынханкызы,
ученица 7 «А» класса средней школы №217
имени Батыржана Шалгынбаева, город Кызылорда,
Кызылординская область, Республика Казахстан
Руководитель: ЕРИМБЕТОВА Кенжегуль Султановна,
учитель русского языка и литературы средней школы №217
имени Батыржана Шалгынбаева, город Кызылорда,
Кызылординская область, Республика Казахстан
КРАСНА РЕЧЬ ПОСЛОВИЦЕЙ
Аннотация. На уроках русского языка и литературы семиклассники
национальных школ часто встречаются с жанрами устного народного творчества:
загадками, пословицами, поговорками.
Учебник иногда предлагает ребятам такие вопросы и задания:
- Как вы понимаете эту пословицу (поговорку)?
- Какая пословица вам больше нравится и почему?
- Объясните смысл этого выражения…
- Придумайте рассказ по пословице.
- Узнайте пословицу по её началу…
- Подберите пословицы-синонимы или пословицы-антонимы.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
156
Подобные задания для некоторых учащихся кажутся лёгкими лишь на первый
взгляд. Не всем понятен переносный смысл выражений, значений некоторых слов
ребята вовсе не знают, а иногда объясняют смысл пословицы совершенно неверно.
Если прислушаться сегодня к нашему языку, то мы почувствуем его
шаблонность, «сленговость», невыразительность и неинформативность –
не «вкусность» для слуха. В сегодняшние времена глобализации и высоких
скоростей, больших потоков информации и малого количества времени для
принятия решений нам необходимо начать свой путь к успеху с изучения нашего
родного языка, уже накопленной народной мудрости, основная часть которой точно,
кратко и метко выражена именно в пословицах.
Многими ли народными пословицами и поговорками пользуемся мы в нашей
разговорной речи? Сколько пословиц – этих сгустков народной мудрости – знает
наизусть каждый из нас?
Мы провели исследование по теме «Красна речь пословицей». Работа стала
познавательной и увлекательной для них самих. Ученица подобрала интересный
материал о пословицах, их происхождении и значении. В работе проведено
исследование: узнать любимые пословицы родителей, друзей, учителей школы. В
ходе работы над исследовательским проектом ученица пришла к выводу, что
пословицы нужны и сегодня, их необходимо знать и изучать, использовать в своей
речи.
Исследовательская работа заслуживает внимания, может быть использована
учителями-предметниками на уроках литературы или внеклассных мероприятиях.
Цель: пополнить активный словарный запас учащихся пословицами и
поговорками, уточнить значения некоторых из них; развивать творческие
способности учащихся, чувство ответственности за порученное дело; учить детей
самостоятельно искать необходимую информацию с использованием различных
источников; формировать навыки публичного выступления.
Достарыңызбен бөлісу: |